А. Райымқұлова ҚР мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын», — делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында. 

А. Райымқұлова 1964 жылы дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «композиция» және «фортепиано» мамандықтарын, «композиция» мамандығының аспирантурасын бітірді. Сонымен қатар Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистратурасын және докторантурасын тәмамдаған.  DBA (Doctor of Business Administration) және өнертану докторы ғылыми атағының иегері.

1990-1991 жылдары – Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының оқытушысы. 1991-1994 жылдары –  Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында асистентура-стажер.

1995-2011 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, Ректор көмекшісі, доцент, профессор м. а., әлеуметтік-экономиканы ұйымдастыру жөніндегі проректоры.

2003-2007 жылдары – Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композиция және оркестрлік дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі (қосымша). 2005-2007 жылдары –Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистранты.2007-2008 жылдары – Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композитор және арт-менеджмент»кафедрасының меңгерушісі (қосымша).

2007-2010 жылдары – Ресей Федерациясы Үкіметіне қарасты Халық шаруашылық Халықаралық Бизнес академиясында «Совершенствование организационно-экономического механизма управления проектами в социально-культурной сфере» атты докторлық диссертацияны қорғап DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағын алды.

2013-2014 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында Ғылыми-шығармашылық істері жөніндегі проректоры. 2014 ж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төраға орынбасарының м.а.

2014-2016 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнерістері департаментінің директоры. 2016 жылдың 3 қазанында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу