Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Оқас Базарғалиұлы Сапаров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу