Б. Сұлтанов ҚР сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын», — делінген хабарлама мәтінінде.

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, ал 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Қаржы министрлігінде қаржы нарығының құнды қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады;
1995 жылы бөлім басшысы, 1996 жылы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды; 1997 жылы – бюджет департаменті директорының орынбасары; 1998 жылы – мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры; 1999 жылы – Қазынашылық департаменті директорының орынбасары; 2001 жылы – Бюджет департаменті директорының орынбасары; 2002 жылы – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры.

2002-2003 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаментінің директоры;

2003-2006 жылдары – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

2006-2007 жылдары – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы;

2007 жылы – ҚР қаржы вице-министрі;

2007-2010 жылдары – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;

2010-2012 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

2012-2013 жылдар –  ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;

2013-2014 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары; ҚР қаржы министрі, 2014 жылғы сәуірде қайта тағайындалды. 

2014 жылғы тамыздан бастап – ҚР қаржы министрі, 2015 жылғы 30 сәуірден бастап осы лауазымға қайта тағайындалды.

2018 жылдың 11 қыркүйегінен бастап 2019 жылғы 13 маусымға дейін – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу