Лаура Мерсалимова ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанованың әлеуметтік демалысқа шығуына байланысты Лаура Қанатқызы Мерсалимова уақытша әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы Корпоративтік басқарудың жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерінің жазбасы істері бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры – Заңнама департаментінің директоры.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу