Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi

БАСШЫЛЫҚ

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев

 

 

 

Ғ. Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған. 1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып қызмет еткен. 2004 жылы — Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған. 2004–2006 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы. 2006–2008 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі. 2008–2012 жылдары — ҚР Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы). 2012–2016 жылдары — ҚР Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы). 2016 жылдан бастап — ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Талғат Есенәліұлы Сәрсенбаев

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыПремьер- Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі

Білімі жоғары. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1987), сондай-ақ, Назарбаев Университетінің (Nazarbayev University) Жоғары бизнес мектебін тәмәмдаған. Басшылар үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі (2015.) 

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Әр жылдары құқық қорғау органдарында, жоғары білім беру жүйесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Парламенті Сенатында, ҚР Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасының РФ Елшілігінде, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

30 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

ҚР Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының он мерейтойлық және ведомстволық медальдарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған, «Фемида» Халықаралық заң сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясы криминалистер және криминологтар Одағының «Құрметті профессоры».

Ренат Құрметжанұлы Айтаев

 

 

1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Д.М.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

1998-1999жж. – «Демал-Шығыс» ЖШС-нің экономика және қаржы директоры.

1999-2000жж. – Шығыс Қазақстан облысы Статистика басқармасының автоматтандырылған өңдеу бөлімінің; Ақпараттық - статистика орталығының өнеркәсіп кәсіпорындарын мониторингілеу және зерттеу тобының бас маманы.

2000 - 2003жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кірістер мен келісім-шарт департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2003-2008 жж. – Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет атқарды.

2008-2009жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2009-2010жж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің директоры.

04.2010-06.2010жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық саясат департаментінің директоры.

2010–2017жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Индустриялық инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі.

2017 жылдың 11-қаңтарында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» (2013 ж) орденімен және «Еуразиялық экономикалық одақты құруға үлес қосқаны үшін» (2015 ж) III дәрежелі мерейтойлық медалімен марапатталған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

 

Орман Кәрімұлы Нұрбаев

 

 

 

1966 жылы 12 желтоқсанда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында (ШҚО) дүниеге келген. 1987 жылы Красноярск жоғары командалық радиоэлектроника Әуе шабуылына қарсы қорғаныс училищесін «Инженер» мамандығы,1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

1987-1993 жж. – КСРО және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде борышын өтеді.

1994-1996 жж. – Коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарды.

1997-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс.

2000-2001 жж. –Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

2001-2002жж. – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

2002-2004 жж. – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ахуалдық орталығының сектор меңгерушісі, Сыртқы саясат Орталығының бас инспекторы

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық істер департаментінің директоры.

2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2017-2018 жж. – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2018 жылдың 16 шілдесінен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2016 ж. «Құрмет» орденімен марапатталды.

Дипломатиялық ранг – 2 сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту