Фоторепортаж: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары

фото: Шүкір Шахай

Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы және су шаруашылығының, сондай-ақ тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді 

Ақсу ауданында Премьер-Министр Қызылағаш су қоймасын реконструкциялау барысымен танысты

Өңірде 356 гидротехникалық құрылғы жұмыс істейді, ирригациялық желілердің ұзындығы — 16,6 мың шақырым

Талғар ауданында А. Мамин «Байсерке Агро» ЖШС-нің демонстрациялық алаңдарын аралап көрді

«Байсерке Агро» ЖШС-не «ақылды суару» жүйесі мен тыңайтқыш салудың зияткерлік жүйесі енгізілді

 

А. Маминге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы отандық ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы, ет пен сүт өндірісін кеңейту жобалары таныстырылды

Жылына 1,8 мың тонна сүт өнімдерін шығаратын «Байсерке Агро» ЖШС сүт-тауар фермасы 

ҚР Үкіметінің басшысы Ескелді ауданының егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

 

«Нам Г. Н.» шаруа қожалығында 31 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар

А. Мамин «Dinara-Ranch» агрофирмасы» ЖШС жұмысымен танысты

Кешен 1,5 мың басқа арналған сүт-тауар фермасын, 5 мың басқа арналған бордақылау алаңын және мал сою цехын қамтиды

Премьер-Министр «Dinara-Ranch» агрофирмасы» ЖШС сүт-тауар фермасының жұмысымен танысты

Сүт-тауар фермасы жобасының құны — 2,8 млрд теңге

СТФ жобалық қуаттылығы — жылына 24 мың тонна сүт және 1,5 мың бас 

Премьер-Министр Талдықорған қаласындағы коттедж қалашығының құрылыс барысымен танысты

2018-2019 жылдары 203 коттедж пайдалануға берілді, 2020 жылы 443 үйді пайдалануға беру көзделген

Талдықорған қаласында тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту жобаларының таныстырылымы

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттеріне арналған 288 орындық жатақхана құрылысы  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу