Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі

2018 жылғы 19 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанның оңтүстігінде жаңа облыс құру туралы тарихи жарлыққа қол қойды, осылайша Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың айтуынша, Түркістан — Қазақстанның алтын бесігі, мәдениетіміз бен руханиятымыздың символы, сондай-ақ халқымыздың бойтұмары.

2019 жылғы 29 сәуірде Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі пысықталған кешенді жоспары қайта бекітілді. Осы сәттен бастап жаңа облыс орталығында құрылыс жұмыстары қолға алынды. Қала жаңа облыс орталығы ғана емес, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде де дами бастады. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс жұмыстарының барысын бақылауға алып, ай сайын жаңа облыс орталығының құрылыс алаңдарын тексеріп тұрды. Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына және Президент тапсырмаларының уақытылы орындалуына ерекше көңіл бөледі.

Қазіргі таңда қалада 26 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың 15-і Түркістанның әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтарында салынуда. Құрылыста 4 600 құрылысшы еңбек етіп жатыр. Сондай-ақ қала көшелерін көгалдандыру және кеңейту жұмыстары атқарылуда. Екі жыл ішінде Түркістан құрылысына салынған инвестиция көлемі 160 млрд-тан астам теңгені құрады. Жаңа облыс орталығының дамуына Қазақстанның барлық өңірлері өз үлестерін қосуда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу