16 Тамыз 2019, 10:55
2019 жылғы 15 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып қайтты, онда өңірдің индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты.
Асқар Мамин келген бойда Қостанай қ. әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысымен танысты. Жобаны осы жылдың қараша айында беру көзделген. Ұшу-қону жолағын кеңейту ұшу салмағы 200 тоннаға дейінгі әуе кемелерінің барлық түрін қабылдауға мүмкіндік береді.
Асқар Мамин Индустриялық аймақ аумағында «Беларус» және «Кировец» қуатқа қанық тракторларының түрлерін қарап шықты. Барлығы аймақ аумағында 3 мың жұмыс орнын құрумен, 350 млрд теңгеге 14 жобаны орналастыру көзделген.
ҚР Үкіметінің басшысы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС барды, онда жеңіл және жүк автокөліктерінің, автобустардың шанақтарын құрастыру, біріктіру және бояу жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорынның жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы 27 мың данадан астамды құрайды.
Осында ҚР Премьер-Министрі автокөлік құрастыру және ауыл шаруашылығы машинасын жасау мәселелері жөнінде республикалық жұмыс кеңесін өткізді. Сала алдында 2020 жылға қарай жылына 100 мың автокөлік құралына дейін шығаруды қамтамасыз ету міндеті тұр.
Асқар Мамин жұмыс сапары барысында «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына барып, Қостанай ауданының «Заречное» ТШ» ЖШС алаңдарында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жағдайын қарады.
Премьер-Министр Заречное ауылында «Северный» шағын ауданына барды, онда «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында 172 үй салынды. Осы жылдың соңына дейін 107 үй пайдалануға беріледі.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин күннің екінші жартысында Рудный қаласында бірқатар жүйе құрушы кәсіпорындарға барды, олар: «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Соколов карьері, Рудный цемент зауыты, «Лидер-2010» ЖШС сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығару кәсіпорны.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу