Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (www.mz.gov.kz) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Жүзеге асыратын бағдарламалар:


- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы.

Елжан Амантайұлы Біртанов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

 

 

Е. Біртанов 1971 жылдың 18 қазанында Жамбыл қаласында дүниеге келген. 

Алматы мемлекеттік медициналық институтын, Аризона штатының университетін, Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясын, Шарите университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fuqua School of Business (АҚШ), Global Executive MBA магистратурасын тәмамдаған.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымдарының докторы.

Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету емханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсикология орталығының жетекшісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологі,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтау саласын дамыту институты» РММ директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, сондай-ақ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылғы мамыр айынан бастап — Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығының басқарма төрағасы.

2015–2017 жылдары — ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.

2017 жылғы 25 қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен денсаулық сақтау министрі қызметіне қайта тағайындалды.

 

 

Жарияланды: 10 ақпан 2017

Мұрағат

Қараша
-0001
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту