Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (http://www.mod.gov.kz) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

 

 

 

1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл ту институтын қытай және ағылшын тілдерін меңгерген офицер мамандығы бойынша үздік бітірген. 1996 жылы Қазақ сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда, Сыртқы істер министрлігі құрылымында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен.

Нұрлан Ермекбаев ҚР Президентінің Кеңесшісі — ҚР Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2006–2007 жж.), сыртқы істер министрінің орынбасары (2007–2010), ҚР Президентінің көмекшісі (2010–2012 жж.), ҚР Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Корея Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (2012–2014), ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (2014–2016), ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі (2016– 2018) болып еңбек еткен.

2018 жылғы сәуірден бастап 2018 жылғы тамызға дейін ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымын атқарды.

2018 жылғы тамызда қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен қорғаныс министрі болып тағайындалды. 

 

 

 


 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту