Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (http://mgov.kz/) негізгі міндеттері төмендегідей орталық атқарушы орган болып табылады:

- мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, стратегиялық жоспарларды, реттелетін сферада, нақты айтқанда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені, өсімдік шаруашылығы, ветеринария, мал шаруашылығы, АӨК-ін техникалық жабдықтау, ауыл шаруашылық ғылымы, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығының тауар өндірісі негіздерін қалыптасытыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмылдыруға әзірлік салаларында мемлекттік және басқа да бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру және жүзеге асыру;

- агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету.

Сапархан Кесікбайұлы Омаров

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

 

 Omarov

 

1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысында дүниеге келген.

В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын және Қазақ мемлекеттік заң университетін экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Ұлттық комиссиясының маманы қызметінен бастаған.

1996 жылдан 2007 жылдар аралығында — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы, департамент директоры және басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2007 жылы — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті болды.

2007–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.

2008–2011 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011–2014 жылдары — республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін — ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі.

2016 жылдан бастап 2019 жыл аралығында — VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл» медалімен, «10 жыл Астана», «Түркістан қаласының құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту