Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2019 жылы ветеринарлық препараттарды сатып алуда отандық өндірушілердің үлесі шамамен 70%-ды құрады — С. Омаров

Жұма, 19 Маусым 2020, 09:50:59

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елдегі ветеринарлық және эпизоотиялық жағдай туралы баяндады.

С. Омаровтың мәліметінше, ауыл шаруашылығы министрлігі елде эпизоотиялық ахуалды қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Ол үшін заңнамалық тұрғыда «орталық-облыс-аудан» қағидаты бойынша тігінен ветеринариялық бақылау қалпына келтірілді. Бұл бақылауға алынған өнімнің тасымалдануына бақылауды күшейту және өнімнің «танаптан үстелге дейін» қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Өткен жылы Қазақстан-Ресей учаскесінде 28 ветеринариялық бақылау пункті және Қазақстан-Қырғыз учаскесінде 4 ветеринариялық бақылау пункті енгізілді. Бұл шара Қазақстан аумағын жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуынан, ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті мал шаруашылығы өнімдерінің әкелінуінен қорғауға мүмкіндік береді», — деді министр.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2020 жылдың 5 айында кейбір жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда, Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Мәселен, 2020 жылғы қаңтардан мамырға дейін жануарлар ауруларының жіті және созылмалы инфекцияларының 80 ошағы тіркелді.

Ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде орындалуда. Ағымдағы уақытта жоспарланған 31,7 млн диагностикалық зерттеудің 90,2%-ы орындалды.

«Жануарлар мен құстардың аса қауіпті 19 ауруына қарсы жануарларды вакциналау бойынша жоспарланған 150 млн манипуляцияның 71,1 млн жүргізілді немесе  ағымдағы жылдың 5 айындағы жоспардың 96,8%-ы орындалды. Жұмыс жалғасуда». — деп мәлімдеді С. Омаров.

Бүгінгі күні республика өңірлері ветеринариялық препараттармен жылдық қажеттіліктің 96,2%-ымен қамтамасыз етілді. Ветеринариялық препараттарды сатып алуда отандық өндірушілерге артықшылық берілді, өткен жылғы сатып алуда олардың үлесі  шамамен 70%-ды құрады. Мысалы, биыл нодулярлы дерматит бойынша препараттар толық көлемде отандық Биология және биотехнологиялар мәселелері ғылыми зерттеу институтынан сатып алынды, бұл өткен жылға қарағанда 2,7 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта аталған институттан жақында дайындалған түйе шешегіне қарсы вакцинаны сатып алу жоспарланып отыр.

Бруцеллез бойынша саламатсыз пункттерді тіркеу серпіні төмендеуде. Өткен жылы бруцеллезді диагностикалау тетігі өзгерді, бұл оң нәтиже берген мал басының санын 2019 жылғы 5 ай ішіндегі 32 мыңнан 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 28 мың басқа дейін қысқартуға немесе 12,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бруцеллез бойынша 51 саламатсыз пункт тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 28 пунктке аз. 28,6 млн бас жануардың барлық түрін бруцеллезге зерттеу кезінде 28,8 бас оң нәтиже берген немесе 0,1% бруцеллез жұқтырған мал анықталды.

Сонымен қатар биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда листериоз, анаэробты энтеротоксемия сияқты жануарлардың аса қауіпті аурулар санының төмендеуі байқалады, сондай-ақ өткен жылдары тіркелген аурулар (сібір жарасы, Ньюкасл ауруы, ринопневмания) бойынша саламаттылық сақталуда.

«Министрлік қабылдаған шаралардың нәтижесінде біздің еліміз аусыл, жылқы мен шошқаның африкалық обасы, құс тұмауы бойынша саламатты ел деген ресми халықаралық мәртебеге ие. Шошқаның классикалық обасы, күйіс қайыратын ұсақ мал обасы, сиыр құтырмасы бойынша саламатты ел ресми халықаралық мәртебесін алу бойынша жұмыс жүргізілуде», — деді министр.

Өткен жылы Қытай Халық Республикасымен шошқа етіне, сүт өнімдеріне, жүнге арналған ветеринариялық талаптар, зығыр тұқымына, бидай ұнына және құрамажемге қойылатын фитосанитариялық талаптар келісілді. Бірнеше жыл бұрын Қытай Халық Республикасы енгізген аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер алынып тасталды, бұл өз кезегінде қазақстандық ет өнімдері үшін ҚХР нарығына жол ашты.

Сондай-ақ Қазақстаннан Иранға союға арналған тірі ірі қара малды, сиыр етін, ұсақ малдың субөнімдерін, тағамдық жұмыртқаны экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптар келісілді. Жапонияға жылқы етін экспорттауға арналған ветеринариялық сертификат келісілді.

Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан шығарылатын АӨК экспорты Қытайға 50,5%-ға, Парсы шығанағы елдеріне 3,2 есе, Орталық Азия елдеріне 7,4%-ға, ЕАЭО елдеріне 8,2%-ға ұлғайды.

Жалпы АӨК экспорты өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,4%-ға өсіп, 3,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Еліміздің эпизоотиялық саламаттылығын сақтау жұмысы ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
21 Шілде 2020, 22:49
ҚР-да COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақталды: күн сайын ауруды жұқтырғандар азайды, емделіп шыққандардың саны артты
21 Шілде 2020, 22:03
Жамбыл облысында 1200 жаңа жұмыс орнын ашумен Қазақстан-Ресей зауыты салынады
21 Шілде 2020, 15:29
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2020
21 Шілде 2020, 14:09
Өңірлер жобаларды субсидияланған статусына дейін сүймелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс — «Атамекен» ҰКП
21 Шілде 2020, 12:19
Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 3,3 есе ұлғайды — ҚР ИИДМ
21 Шілде 2020, 11:05
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында жарты трлн теңгеге 2 мыңнан аса жоба мақұлданды
21 Шілде 2020, 11:04
Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайған — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.