Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылғы қыркүйектен бастап сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы 2 есеге артты — А. Аймағамбетов

Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020, 17:18:03

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Президенттің 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында айтылған білім беру саласындағы тапсырмаларының іске асырылуы туралы баяндады.

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізді дамытудың негізгі бағыттары айқындалған. Білім және ғылым мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша біз үздіксіз білім беру тұжырымдамасын қалыптастыру, қашықтан оқыту платформасы және 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға қол жеткізу бойынша жұмыс жүргіземіз», — деп атап өтті А. Аймағамбетов.

Бұл ретте, қолданыстағы жүйеден айырмашылығы, мемлекеттік тапсырысты енді білім бөлімдері немесе басқармалары бөлмейді. Оның орнына балабақшаға жолдама алған балалардың ата-аналары мектепке дейінгі ұйымды өздері таңдайды. Әрине, осындай бәсекелестік есебінен көрсетілетін қызметтердің сапасы да өсуі тиіс.

Қазақстанда қашықтан оқыту аясында 8 онлайн-платформа жұмыс істейді. Алайда, олардың барлығы функционалы мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. Оқу процесін толыққанды іске асыру үшін ҚР БҒМ білім берудің онлайн-платформаларына бірыңғай талаптар әзірлейді.

Сондай-ақ ҚР ДСМ-мен бірге барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі оқыту форматына көшу тәртібі әзірленеді.

Мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25%-ға арттыру үшін Білім және ғылым министрлігі тиісті есептеулерді дайындады және 2023 жылға дейін қаржыландыру аясында Қаржы министрлігіне енгізілді.

«2020 жылдың қыркүйегінен бастап, Президент бұған дейін тапсырғандай, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы екі есе өседі, ал мұғалімнің магистрлік дәрежесі үшін 27 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы төленеді», — деді министр.

Ауыл және қала мектептері арасында білім беру сапасын теңестіру мақсатында жүйелі шаралар қабылдануда. Шағын жинақты мектептердің педагогтарына еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту ұсынылды. «Мобильді мұғалім», «уақытша отбасы» жобаларын іске асыру, мықты мектептердің әлсіздерге қамқорлығы, сондай-ақ интернаттар салу жоспарлануда.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері Президенттің ерекше назарында. Еліміздің хабарлама рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылуы өте маңызды қадам болады.

Балаларды кибербуллингтен қорғау, қосымша білім беру ұйымдарын дамытумен бірге балалардың спорт секциялары мен үйірмелерін жаппай ашу әкімдіктер мен білім беру ұйымдары қызметінің сөзсіз басымдықтарына айналады.

Оқушыларды бұқаралық спорт түрлерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыс жаңа және жүйелі негізде ұйымдастырылады. Мектептерде спорт залдары салынып, ұлттық және бұқаралық спорт лигалары дамиды.

Бүгінгі таңда үздіксіз білім беру тұжырымдамасын дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Біліктілікті берудің тәуелсіз жүйесі қайта қаралады.

Сондай-ақ барлық деңгейдегі білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Пәннің мазмұны еңбек нарығының талаптарын ескереді.

Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие жұмыстары басталды. Білім алушылардың экологиялық мәдениет, экологиялық білім және тәрбие деңгейін арттыру үшін үздіксіз білім берудің кешенді моделі енгізілетін болады. Мектеп бағдарламасына экология мәселелері енгізіледі.

Президент сондай-ақ әлсіз ЖОО-лар проблемасын толығымен шешуді тапсырды. Министрлік «диплом басып шығаратын» жоғары оқу орындарын жабу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Жыл басынан бері студенттер саны 35 мың ЖОО-лар саны қысқартылды, 23 жоғары оқу орнының 56 лицензиясы қайтарылды. Талаптар күшейтілуде. Жоғары оқу орындарына қарқынды тексерулер жүргізілуде: 2020 жылдың соңына дейін 24 ЖОО тексеріледі.

Дәстүр бойынша Президент ғылымды дамытуға көп көңіл бөлді. Ғылыми және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, елімізді ғылыми-технологиялық дамыту бойынша жеке бағдарламалық құжат дайындалады. Қазір 500 ғалымның жетекші ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сонымен қатар «Жас ғалым» жас ғалымдарына қосымша 1000 грант бөлінеді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым мен технологияларды дамытуға 1% аудару жөніндегі норманы тиімді іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

«Білім және ғылым жүйесі осы тапсырмалардың барлығын жоғары деңгейде және уақытылы жүзеге асыруы тиіс», — деп түйіндеді министр.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.