Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Цой: отандық фармацевтикалық компанияларды қолдау үшін дәрі-дәрмектерді сараптау және олардың сапасын бағалау рәсімдері жеделдетілді

Сейсенбі, 06 Қазан 2020, 12:37:26

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында еліміздің фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды. Отырыс барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, сондай-ақ фармацевтикалық кәсіпорындардың өкілдері қазіргі жағдай және саланың алдағы перспективалары туралы баяндады.

Министр атап өткендей, отандық өндірушілермен 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді шарттар жасасу бағдарламасы — фармацевтикалық препараттардың жергілікті өндірісін өсіруге негізгі ынталандыру саналады.

Бірыңғай дистрибьютордың 2009 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі жұмыс істеу кезеңінде 3 600 өнім атауын жеткізуге 32 отандық тауар өндірушілермен (бұдан әрі – ОТӨ) 63 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Оның ішінде 2020 жылы 586 атау жеткізіледі, қалғандары өндірістік алаңдарды іске қосу процесінде.

«Айта кету керек, COVID-19 ауруы бойынша дәрі-дәрмектердің 48%-ын ОТӨ өндіреді, бұл эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлердің қажеттіліктерін жедел жабуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті А .Цой.

10 жыл ішінде отандық өндіріс өнімі шамамен 300 млрд теңгеге сатып алынды, ал оның ТМККК аясындағы заттай көріністегі үлесі бүгінгі күні шамамен 70%-ға жетті.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қабылданды:

  • тіркеу кезінде дәрілік заттардың жеделдетілген сараптамасы қамтамасыз етілді;
  • дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау жеделдетілген рәсім бойынша 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
  • ТЖ болған жағдайда әкелінетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігі жеңілдетілді.

Фармацевтикалық білім берудің міндеті — халықаралық сапа стандарттарының талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындар үшін еліміздің фармацевтика саласын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету. Еліміздің фармацевтика саласы үшін «Фармация» мамандығы бойынша мамандар даярланады, бұл еліміздің 41 колледжінде оқитын фармацевттер, 8 жоғары оқу орнында бакалаврлар, магистрлер мен ғылым докторлары (PhD).

2020 жылы 277 фармацевт бакалавры, 16 магистр және «Фармация» мамандығы бойынша 5 PhD докторы, 853 орта медициналық білімі бар «Фармация» мамандығы бойынша түлек бітірді.

Фармацевтика саласына барлығы 17 150 маман тартылған.

А. Цой сондай-ақ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін, әсіресе, жаңа дәрі-дәрмек шығару, ТЖ және карантин кезеңінде жұмыс істеп тұрған өндірістердің қуатын арттыру қажеттілігі үшін маңызды екенін атап өтті.

Кешенді жоспарда фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті қолдау және дамыту үшін негізгі бағыттар көзделген. Олардың арасында фармацевтикалық қызметті, ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер, мемлекеттік қолдау шаралары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, инвестициялар тарту, саланы кадрлық қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектерді таңбалау, олардың қадағалануы және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды отандық өндірушілердің қуаттылықтарын ұлғайту бар.

Бүгінгі таңда фармацевтикалық нарық құрылымы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ақшалай мәнде отандық кәсіпорындардың нарыққа қатысуы 17%-ды, заттай мәнде 39%-ды құрайтынын көрсетеді.

Сонымен қатар Кешенді жоспардың белгіленген іс-шараларын іске асыру шығарылатын дәрі-дәрмектер желісін 297 дәрілік зат атауына және 2 348 медициналық бұйым атауына қосымша кеңейтуді көздейді, бұл Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін 2025 жылға қарай ақшалай мәнде 17%-дан 30%-ға дейін, заттай 39%-дан 50%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы нарығында отандық өндірушілердің заттай көріністегі 50% үлесіне қол жеткізу ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал ДДСҰ әрбір елдің шығарылатын дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін кемінде 30%-ға қамтамасыз етуді ұсынады», — деп атап өтті А. Цой.

Отырыс барысында сөз сөйлеген фармацевтикалық кәсіпорындардың өкілдері Үкіметтің отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша қабылдап жатқан шараларын атап өтті.

Компанияның госпитальдық бизнес жөніндегі директоры Айгүл Исенова ірі фармацевтикалық өндірушілердің бірі «Химфарм» АҚ-ның дамуы туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда Polpharma халықаралық фармацевтикалық компаниясы «Химфарм» АҚ дамуына $100 млн-нан астам инвестиция салды.

Компанияның өндірістік циклі GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, сондай-ақ GDP тиісті дистрибьютерлік практикасы енгізілді.

Эпидемия жағдайында дәрі-дәрмектер маңызды ресурс болып табылады, өйткені ел азаматтарының өмірі оның қолжетімді болуына байланысты. А. Исенованың айтуынша, пандемия сын-қатерін қабылдай отырып, компания шикізатты жеткізуге және дайын өнімді жөнелтуге арналған логистиканың тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, өндірістік ауысымдардың жұмысын тоқтаусыз режимге қайта қойды. Бұл ретте барлық ықтимал өндірістік резервтер мен қуаттарды іздеуге және іске қосуға, өндірістік тәртіпке, санитариялық нормалардың сақталуын қатаң бақылауға баса назар аударылды.

«Соңғы 7 жылда мемлекеттік қолдаудың – дәрі-дәрмектерді жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарының болуының арқасында біздің үлесіміз 4,7%-дан 6,0%-ға дейін ұлғайды, бұл ретте 5 жыл ішінде СҚ “Фармация”-мен келісімшарт сомасының 6,5 млрд-тан 19 млрд-қа дейін өскенін атап өтеміз», — деді А. Исенова.

Бүгінгі таңда кәсіпорын қоржынында 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі нысандағы 120-дан астам дәрі-дәрмек атаулары бар. Бұл кәсіпорын отандық өндіруші ретінде оннан астам терапевтік топтарда ұсынылғанының көрсеткіші.

«Біздің R&D әлеуетіміз осы жылдың соңына қарай дәрілік заттардың он жаңа позициясын нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл бағытты дамытамыз және 2023 жылға қарай пациенттерді емдеу үшін қазақстандық өндірістің елуге жуық препаратын ұсынамыз», — деп атап өтті А. Исенова.

Бүгінгі таңда Химфарм компаниясының дәрілік препараттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие, бұл тек соңғы 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда компанияның өнімдері Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және Қырғызстан секілді елдерге экспортталады. Жалпы, экспорт бес есе өсті.

«Келер жылы біз Өзбекстан нарығын игеріп, экспортты екі есе арттыруды көздеп отырмыз. Біздің ең үлкен сын-тегеуріндеріміздің бірі – Еуропалық Одақтың дәрі-дәрмек нарығына шығу, оны 2023 жылға қарай экспорт көлемін 4 есеге, яғни 16 млрд теңгеге дейін ұлғайтумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті А. Исенова.

Өз кезегінде «Дольче» ЖШС коммерциялық директоры Баян Демеуова пандемия кезінде өндірістік қуаттылықтарды арттыру және экспортты кеңейту туралы айтып берді.

«Dolce» ЖШС медициналық мақсаттағы бір реттік бұйымдардың ірі отандық өндірушісі — бұл хирургиялық операциялық жиынтықтар, бір реттік киім, медициналық маскалар, бахилалар және басқалар.

Компания еліміздің медициналық мекемелерінің сұраныстарын толығымен жабады, «СҚ-Фармация» ЖШС-мен ұзақ мерзімді шарт бойынша медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектерді жеткізуге мемлекеттік тапсырысты орындайды, сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД елдері үшін экспортқа бағытталған.
Компания өз қызметін екі мыңыншы жылдары қызметкерлер саны 15 адаммен көтерме-бөлшек сауда-саттық нысаны ретінде бастаған, бүгінде бұл қызметкерлер құрамы 430 адамды құрайтын толыққанды отандық өндіруші.

2011 жылдан бастап кәсіпорын «СҚ Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторымен ұзақ мерзімді негізде тығыз ынтымақтастық орнатқан. 2012 жылдан бастап экономиканың медициналық секторына дайын өнімді өндіру және сату көлемін белсенді түрде арттыруда.

Бүгінде компания медициналық бұйымдардың 250-ден астам түрін шығарады.

Пандемиямен күрес аясында кәсіпорын медициналық маскалардың көлемін тәулігіне 60 мыңнан 360 мыңға дейін арттырды. Медициналық маскалардың 15 түрі шығарылады.

Компания өз өнімдерінің 75%-ын Бірыңғай дистрибьютор «СҚ Фармация» ЖШС-не өткізеді, қалған 20%-ы коммерциялық нарықта сатылады және 5%-ы экспортқа жөнелтіледі.

Келешекте коммерциялық нарық пен экспорттық бағыт үлесін ұлғайту көзделген. 

2020 жылдың қазан айының соңында халықаралық стандарттар бойынша салынған жаңа өндірістік алаңды іске қосу жоспарлануда. Бұл алаңда кардиохирургияның заманауи үлгіленген жиынтықтары және операциялық процедураларға арналған басқа да күрделі жиынтықтар шығарылатын болады. Өнім экспортқа бағытталған.

Сонымен қатар кәсіпорын портфелінде 4 стратегиялық жоба бар.

Бірінші жоба — бұл инвестиция көлемі $7 млн құрайтын, 2022 жылы іске қосу жоспарланған тоқылмаған жайма өндірісі. Құрылыс алаңы 6 000 ш.м, қуаттылығы – жылына 3 000 тонна. Бұл жоба жеке қорғаныш құралдарын өндіруге арналған шикізатты импортты алмастыруға бағытталған.

Екінші жоба — бір реттік медициналық қолғап өндірісі, онда 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның құны — $5 млн, іске асыру мерзімі – 2022-2023 жылдар, қуаттылығы — жылына 120 миллион жұп.

Үшінші жоба — медициналық шприцтер өндірісі. Жұмыс орындарының саны 160 адам, инвестиция көлемі – $7 млн, іске асыру мерзімі – 2022-2024 жылдар.

Төртінші жоба — стерильді шығыс материалдарын өндіру, инвестиция көлемі – $7 млн. Мұнда 160 жұмыс орны құрылады, іске асыру мерзімі – 2022-2024 жылдар, жылына 300 миллион бірлік.

Сондай-ақ компания GDP стандарттары бойынша өзінің логистикалық орталығын салуды жоспарлап отыр.

Аталған жобалар Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде іске асырылатын болады, оны әзірлеуге кәсіпорын белсенді түрде қатысты.

«Біздің жобаларды іске асыру аясында мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын қолдануға үміт артып отырмыз, оларды пысықтау Кешенді жоспарда көзделген», — деп атап өтті Б. Демеуова.

Сондай-ақ «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Гүлдария Манақпаева отандық фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер атынан еліміздің отандық фармацевтикалық өнеркәсібін қолдап, көңіл бөлгені үшін Үкіметке зор алғысын білдірді.

«Қазіргі таңда біздің сала жалпы әлемдік аурумен күресте негізгі рөл атқарып жатқаны анық және әзірленген кешенді жоспарда озық шараларды қабылдау – бұл халықтың барлық топтарына қауіпсіз және тиімді дәрілік көмекке нақты әрі экономикалық қолжетімділікті қамтитын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», — деп атап өтті Г. Манақпаева.

Барлық кәсіпорындардың үштен бірін (1/3) біріктіретін Қазақстанның фармацевтика саласының қауымдастығы Кешенді жоспарды әзірлеуге белсенді түрде атсалысты және отандық өндірушілердің барлық негізгі бағыттары мен ұсыныстары онда көрініс тапты.

Қауымдастықтың маңызды іс-шараларының ішінде атқарушы директор сатып алу мен жеткізілім тізбегін басқару жүйесін атап өтті.

«Біріншіден, жеке фармацевтикалық өндірісті дамытудағы негізгі саланың бірі – сатып алу мен жеткізу тізбегін басқару, ол үшін қажеттіліктерді нақты болжау көзделген. Сатып алу, қоймалау және бөлу, қорларды басқару және қызмет көрсету үдерістері барынша ашық болады», — деп атап өтті Г. Манақпаева.

Бұл үшін дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалануға бағытталған және Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуларында және өңірлік деңгейлерде ОТӨ үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін сатып алу мен жеткізудің неғұрлым тиімді рәсімін жетілдіріп, пайдалану көзделген.

Екіншіден, нарықтың барлық қатысушыларының мүдделерінің теңгерімін белгілеуге, денсаулық сақтау жүйесінің және пациенттердің төлем қабілеттілігіне, сондай-ақ инновациялық зерттеулер мен дәрілік заттарды өндіруге инвестициялар салу үшін жеткілікті нарықтық ынталандыруға бағытталған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға әділ баға белгілеу ұсынылды.

Үшіншіден, әлемдік тәжірибені пайдалана отырып және ЕАЭО шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды реттеу процесін бөлу жоспарлануда.

Төртіншіден, ОТӨ-ні қолдау мақсатында және Ұлттық қауіпсіздік үшін Еуропалық Одақ елдерімен ұқсастығы бойынша ЕАЭО шеңберінде ұлттық рәсімдерді сақтау мәселесі қаралды.

Бесіншіден, өз мақсатына сай келетін кадрлық әлеуетті қалыптастыру мен дамытуда мемлекет тарапынан қолдау көзделген. Бұл медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы құзыреттер талап етілетін әзірлеу, өндіру және реттеу секілді негізгі салаларда қарастырылған.

Алтыншыдан, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жаңа әзірлемелері мен клиникалық зерттеулерін субсидиялау түрінде қолдаудың жаңа шараларын енгізуді қарастыру ұсынылды.

Осыған байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлек реттеуге, ЕАЭО елдерімен ұқсастығы бойынша ОТӨ өндірген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мерзімсіз тіркеуді белгілеуге, тіркеуден кейінгі кезеңде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау рәсіміне тәсілдерді қайта қарауға бағытталған өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау, сондай-ақ мәжбүрлеп лицензиялау рәсімдерін, технологиялар трансфері мен келісімшарттық өндірісті қолдана отырып, өндірісті жергіліктендіру мүмкіндігін пайдалану ұсынылды.

«Бүгінгі таңда фармацевтика саласының басты міндеті – өндірістік қуаттарды арттыру, GMP және ИСО 13485 тиісті өндірістік практикасының халықаралық стандарттарына сәйкес заманауи технологияларды енгізу арқылы фармацевтикалық және медициналық өнімдердің импортын алмастыру үшін жағдай жасау. Еліміздің фармацевтика өнеркәсібін дамытуға және Фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуге көңіл бөлгені үшін Үкіметке тағы да алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер», — деп Г. Манақпаева сөзін түйіндеді.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.