25 Маусым 2020, 18:20
Мемлекет басшысы Алексей Цойды ҚР денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.
«Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлық мәтінінде.
Мемлекет басшысының келесі Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу