Әлихан Смайылов «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде уран өндіру жобалары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Осылайша, Ресей тарапының екі елдің энергия қауіпсіздігін нығайту мақсатында Қазақстанның уран өндіру саласына одан әрі инвестиция салуға мүдделі екені атап өтілді.

Сонымен қатар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов пен Алексей Лихачев қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға және тиімді серіктестіктің жаңа бағыттарын талқылауға дайын екендіктерін растады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу