Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Бұл күні әскери қызметшілер, Қарулы Күштер ардагерлері мен Отан алдындағы қасиетті борышын өтеген барлық азаматтарға құрмет көрсетіледі.

Елдің тыныштығын күзетіп, өз халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген айбынды қорғаушыларымыздың қажырлы еңбектері мен ерлік істеріне қазақстандықтардың құрметі ерекше.

Бүгінгі таңда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ел басшылығының ерекше назарында тұрған мемлекеттік маңызы зор міндет. Жыл сайын Қарулы Күштеріміз заман талабына сай жаңғыртылып, әскери қызметтің абырой-беделі артып келеді. Елдегі бейбіт өмір мен татулықты сақтау тұрақты дамудың кепілі болып қала бермек. 

Құрметті отандастар, сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақытты ғұмыр, асқақ рух пен ашық аспан тілеймін!

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу