Әлихан Смайылов Қырғызстан Президентімен кездесті

Жұма, 29 сәуірде Бішкекке жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуға ерекше назар аударды.

Әлихан Смайылов екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің биыл қазан айына жоспарланған Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Қырғызстан Президентін Үкіметаралық кеңестің 10-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтар туралы хабардар етті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу