Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ

Сейсенбі, 02 Маусым 2020, 11:13:06

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық мәселесі қаралды. Дайындық жұмыстары туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 17 рет өткізіледі. Осы кезең аралығында тестілеуге 2 млн-ға жуық адам қатысты.

А. Аймағамбетов атап өткендей, 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында). ҰБТ форматы өзгертілген жоқ, 5 пән бойынша қағаз түрінде: 3 міндетті және 2 бейіндік пән бойынша өткізіледі. Барлық тест тапсырмаларының саны – 120, максималды балл – 140.

«2020 жылғы 15 сәуірден 13 мамырға дейін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылданды. Осы жылы өтініштер онлайн форматта, сондай-ақ, өтініштерді қабылдау пункттерінде қабылдау жолымен қабылданды (интернеті жоқ немесе әлсіз жылдамдықтағы интернеті бар қашықта орналасқан ауылдық өңірлер үшін). Осы жылы ҰБТ-ға қатысу үшін 111 мың адам өтініш білдірді, өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары», — деді білім және ғылым министрі.

ҰБТ-ға қатысу үшін барлығы 131 755 өтініш тіркелді, оның ішінде 110 678 өтініш онлайн форматта және 21 077 өтініш қабылдау пункттерінде қабылданды.

«ҰБТ бекітілген мерзімде 20 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатал түрде сақтау арқылы 161 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі», — деді А. Аймағамбетов. 

Биыл ҰБТ тапсыру ережесіне енгізілетін жаңашылдықтар:

  • ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды онлайн тапсыру және кіру кезінде бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) тұлғаны сәйкестендіру;
  • ҰБТ электрондық сертификатын және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті енгізу;
  • SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тесттерінің балдарын ҰБТ балына аудару шкаласын енгізу. Көрсетілген сертификаттарға ие тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады; 
  • академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған, ҰБТ шектік балын жинамаған түлектер жыл ішінде ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие;
  • педагогикалық даярлау бағытына түсушілер үшін ҰБТ шектік балын 70 балға көтеру;
  • ҰБТ өткізу бейнежазбасының сараптамасын өткізу және оқуға түсушілердің тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесін, сондай-ақ, білім беру грантын жою;

Сондай-ақ түлектерге тест тапсыру орындарында калькуляторлар берілетін болады және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа өзгертілетін болады. 

Бұған қоса ата-аналарға және басқа алып жүруші тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады.

«Ата-аналарға ҰБТ өткізу барысын қарау үшін онлайн таратылым жасалады. ҰБТ өткізу пункттері баррикадалық ленталармен қоршалады. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтық сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл қашықтық ҰБТ тапсыру кезінде де сақталады. Ғимаратқа кіру есіктері және ҰБТ өткізу процесі видеобақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі», — деді білім және ғылым министрі. 

161 ҰБТ өткізу пункттерінде 50% толтырумен 1200 аса аудитория іске қосылады. Коронавирус инфекциясының таралу қауіпін азайтуға арналған зарарсыздандырудың 5 шарасы қолданылады: 

  1. тест тапсырушыларды зарарсыздандыру тоннельдерінен өткізу; 

  2. аяқ-киімдерді арнайы зарарсыздандыру кілемшелерімен өңдеу; 

  3. қолды санитайзермен тазалау; 

  4. дене қызуын өлшеу; 

  5. бір реттік маскаларды беру. 

ҰБТ өткізу кезінде тест тапсырушыға ұялы байланыс құралдарын және басқа да радиоэлектрондық байланыс құралдарын кіргізуге тыйым салынады. 

«Тестілеу материалдары 100% басып шығарылды, барлық аудиториялар бейне бақылаумен және ұялы байланысты 100% басатын құрылғылармен жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттерінде бейне көрсетілімі бар мониторлар орнатылды. Мемлекеттік және апелляциялық комиссияның құрамы бекітілді», — деді А. Аймағамбетов. 

Өңірлердің Бас санитарлық дәрігерлерімен келісілген қатал санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және ҰБТ-ға кіру кезі мен өткізу барысында тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтықты сақтай отырып ҰБТ тапсыру жоспары әзірленді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.