Жобалау кеңсесінің жұмысында 1 трлн теңгеге «қарапайым заттар экономикасының» 1500 астам жобасы бар

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде «қарапайым заттар экономикасы» мәселесі қаралды. 

Премьер-Министрдің Орынбасары Ж. Қасымбек «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту Жобалау кеңсесінің жұмысы және Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы туралы баяндады. 

4 шілдедегі жағдай бойынша, Жобалау кеңсесінің жұмысында 1 трлн теңгеден асатын сомаға 1500-ге жуық жоба бар, бұл елдегі барлық әлеуетті қатысушылардың шамамен 30% -ын құрайды. Оның ішінде 41 млрд теңгені құрайтын 92 жоба мақұлданған, ал 280 млрд теңгеден астам сомаға 166 жоба банктерде қаралу үстінде.

Бағдарламаны тиімді іске асыруға кепілдік базасының жетіспеушілігіне кепілдікті қамтамасыз ету, айналым қаражатын қаржыландыруды ұлғайту және несиелендіруге арналған жаңа өнімдерді (құс еті, мақта талшықтары) енгізуді көздейтін бірінші түзетулер ықпалын тигізді. 

Атап айтқанда, тек соңғы айда мақұлданған жобалар саны 2 есеге артты.

Негізгі несиеленген жобалар тамақ, қызметтер, агроөнеркәсіп кешені және жеңіл өнеркәсіп салалары болды. 

Мақұлданған 92 жобаның 29 - жаңа өндірістерді құруды, 63 - қолданыстағы өндірісті кеңейтуді көздейді.

«Аталған жобаларды іске асыру шамамен 2 мыңға жуық жұмыс орнын құрып, салық түсімдерін 6,6 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді Ж. Қасымбек.

Бизнестің Бағдарламаға жаппай қатысуын қамтамасыз ету үшін барлық 17 облыста Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының негізінде несие бойынша кеңес беру қызметі құрылды, сондай-ақ жергілікті жобалау кеңселерінің құрамына тең төрағалары ретінде облыс әкімдердің орынбасарлары кірді. 

Үкіметтің түзетулердің екінші пакеті бойынша қаулысы 28 маусымда қабылданды.

«Осы қаулыны қабылдау 162 млрд теңге сомаға 440-ға жуық бизнес-жобаларды қолдауға мүмкіндік береді. Бұл жобаларды жүзеге асырудан 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру және  табыс төлемдерінен түсімдерді 3,5 млрд теңге сомасына ұлғайту күтіліп отыр», — деді Премьер-Министрдің Орынбасары. 

Жобалау кеңсесі негізінде өңірлер, бизнес және банктер белсенді қолдау көрсеткен тиісті ұсыныстар әзірленді. Олардың қатарында — агроөнеркәсіптік кешен жобаларын іске асыру үшін айналым капиталын несиелендіру субсидиясының көлемін ұлғайту бар, бұл сомасы 12 млрд теңгені құрайтын 87 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов өз кезегінде «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын мемлекеттік сатып алулар кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтып берді.  Ол биыл барлық өңірлерде «қарапайым заттар экономикасы» тауарлары мен қызметтерін сатып алуларда жергілікті қамту үлесі 20%-ға артатынын айтты.

«Барлық облыстарда әкімдердің орынбасарларының төрағалығымен жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссия құрылды. Апта сайын осы комиссиялар отырыстары өтеді», — деп нақтылады А. Мырзахметов. 

Тағы бір қолдау шарасы — индустриялық сертификат иегерлері арасында алдын-ала біліктілік іріктеуі тәсілімен жеңіл және жиһаз өнеркәсібі тауарларын сатып алу белгіленген. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу