Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады

Кездесу барысында Елбасыға пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар А.Мырзахметов халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтары үшін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын отандық өндірушілермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Сондай-ақ кездесуде халықты жұмыспен қамту, карантин шектеулерінен зардап шеккен шағын және микробизнес өкілдеріне қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу