Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

Сейсенбі, 02 Маусым 2020, 18:19:20

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Birgemiz» қорының қазіргі қызметі және партия мүшелері арасындағы іріктеу жұмыстарына дайындық – праймериз туралы мәлімет берілді.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, «Birgemiz» қорының қаражаты есебінен 360 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіліп, 240 мың отбасыға қажетті азық-түлік жеткізілді. Бұдан бөлек елорданың және Алматы қаласының медициналық мекемелерінде жұмыс істейтін 2100-ден астам қызметкерге біржолғы төлем жасалды.

Сондай-ақ «Birgemiz» қорының қаражатынан Мақтаарал ауданы Достық ауылының тұрғындарына баспана салу мақсатында 340 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар партия белсенділері мен еріктілері бір мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына жіберді.

Атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын айта келе, Елбасы «Birgemiz» қоры арқылы еліміздің шағын қалалары мен ауылдарындағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыруды тапсырды.

«Төтенше жағдай кезінде «Jas Otan» бүкіл ел бойынша бес мыңнан астам еріктіні жұмылдырды. Олар демалыссыз жұмыс істеп, мұқтаж адамдарға көмек жеткізді. Нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасқаны қуантады. Олардың ең белсенділеріне арналған алғыс хаттарға қол қойдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті халықтың партияға деген сенімін нығайту жұмысын жалғастыруды тапсырды.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы. Мен қоғамдық қабылдауларға келіп түскен хаттардың саны жеті есе ұлғайғанын және шешілген мәселелердің де артып келе жатқанын көріп отырмын. Бұл халықтың партияға деген сенімінің көрінісі. Осы жұмысты одан әрі күшейту керек», - деді Елбасы.

Кездесу барысында Б. Байбек Елбасына өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының нәтижелері, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және праймеризге дайындық туралы баяндады.

«Қазіргі таңда 10 мың партия мүшесінен құралған кадрлық резерв жасақталды. Праймериз ережелері әйелдер мен жастарға арналған квоталарды ескере отырып бекітілді. Партия өз мүшелері арасындағы іріктеуді екінші жартыжылдыққа жоспарлап отыр», - деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

 


Жаңалықтар тізбегі
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.