Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Елбасы «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің ашылуына қатысты

Сейсенбі, 24 Қыркүйек 2019, 16:31:24

Еуразия елдері парламентарийлері басқосуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бүкіл құрлықта парламентаралық диалог пен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің негізгі даму басымдықтары туралы айтып берді.

«Біз экономикалық прогресс пен халықтың әл-ауқатын жақсартуға негізгі басымдық бердік. Нарықтық экономиканы жаңадан құрған Қазақстан бүгінде әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосылды. Қазақстанның ЖІӨ 18 есе өсті. Ел экономикасының көлемі Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімінің деңгейінен 2 есе жоғары. Халықтың табысы доллармен есептегенде 9 есе өсті, кедейлік деңгейі 10 есе, 40-тан 4,6%-ға дейін төмендеді», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту және қолайлы бизнес ахуал қалыптастыру саласындағы жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халықаралық-құқықтық мойындалуы жөніндегі жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

Елбасы еліміздің ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы бағытталған шаралары туралы айтты.

«Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған ядролық қарудан азат әлем құру туралы декларацияның бастамашысы және тең авторы болды. Өңірдегі көршілерімізбен бірге біз Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құрдық. Мен «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» наградасын тағайындадым», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев белсенді, көпвекторлы және бейбітшіл саясаттың арқасында Қазақстан өзінің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін едәуір нығайтты.

«Халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен мәдениетін сақтау маңызды басымдық ретінде айқындалды. Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығы мен атқа міну мәдениетін, ежелгі металлургияны, «аң стилін» және «Алтын адам» деп аталатын – сақ жауынгерінің киімдерін берді. Біз қазір қалпына келтіріп жатқан Ұлы Жібек жолының керуендері Қазақстанның байтақ даласынан өтті. Түркі әлемі осы жерде дүниеге келді», - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрлық елдері арасындағы еуразиялық диологты, сенім мен серіктестікті нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев парламентарийлерді әлемнің жетекші державалары арасындағы жаһандық сенім дағдарысын шешу үдерісіне белсенді Еуразия елдері парламентарийлері басқосуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бүкіл құрлықта парламентаралық диалог пен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің негізгі даму басымдықтары туралы айтып берді.

«Біз экономикалық прогресс пен халықтың әл-ауқатын жақсартуға негізгі басымдық бердік. Нарықтық экономиканы жаңадан құрған Қазақстан бүгінде әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосылды. Қазақстанның ЖІӨ 18 есе өсті. Ел экономикасының көлемі Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімінің деңгейінен 2 есе жоғары. Халықтың табысы доллармен есептегенде 9 есе өсті, кедейлік деңгейі 10 есе, 40-тан 4,6%-ға дейін төмендеді»,- деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту және қолайлы бизнес ахуал қалыптастыру саласындағы жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халықаралық-құқықтық мойындалуы жөніндегі жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

Елбасы еліміздің ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы бағытталған шаралары туралы айтты.

«Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған ядролық қарудан азат әлем құру туралы декларацияның бастамашысы және тең авторы болды. Өңірдегі көршілерімізбен бірге біз Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құрдық. Мен «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» наградасын тағайындадым»,- деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев белсенді, көпвекторлы және бейбітшіл саясаттың арқасында Қазақстан өзінің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін едәуір нығайтты.

«Халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен мәдениетін сақтау маңызды басымдық ретінде айқындалды. Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығы мен атқа міну мәдениетін, ежелгі металлургияны, «аң стилін» және «Алтын адам» деп аталатын – сақ жауынгерінің киімдерін берді. Біз қазір қалпына келтіріп жатқан Ұлы Жібек жолының керуендері Қазақстанның байтақ даласынан өтті. Түркі әлемі осы жерде дүниеге келді», - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрлық елдері арасындағы еуразиялық диологты, сенім мен серіктестікті нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев парламентарийлерді әлемнің жетекші державалары арасындағы жаһандық сенім дағдарысын шешу үдерісіне белсенді қатысуға шақырды.

«Біз халықаралық құқық жүйесінің тығырыққа тірелгенін, оның еленбей, ескерілмей бұзылып отырғанын көріп отырмыз. Мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығы және бұрын қол жеткізілген келісімдер бұзылған жағдайлар баршаға белгілі. Санкцияларды өз еркімен қолдану оны қарсы бағыттаған елдерге ғана емес, сонымен бірге барлық басқа мемлекеттерге де, әлемдегі миллиондаған қарапайым адамдардың әл-ауқатына кері әсерін тигізеді, - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті әлемдік қауымдастық үшін маңызды халықаралық шарттарды ратификациялау жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.

«Парламентаралық қауымдастықты ортақ мүддеге жұмылдырып, заң шығару бағытындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру керек. Құқықтық актілерді үйлестіру жолында да көп жұмыс атқарылуы тиіс. Мысалы, терроризмнің жалпыға ортақ анықтамасын айқындау, террористік және экстремистік ұйымдардың, ұйымдасқан халықаралық қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін құру маңызды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Елбасы IV кеңестің Үлкен Еуразияны одан әрі дамыту жолдарын айқындаудағы маңыздылығын тағы бір атап өтті.


Жаңалықтар тізбегі
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
16 Мамыр 2020, 21:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Мамыр 2020, 14:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласының дамуымен және Абайдың 175 жылдығына дайындығымен танысты
15 Мамыр 2020, 22:03
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
15 Мамыр 2020, 16:22
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШҚО-да көктемгі егіс жұмысының барысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
15 Мамыр 2020, 13:34
Нұргүл Мауберлинова ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
14 Мамыр 2020, 18:39
Ауыл шаруашылығынан туризмге дейін немесе Ақмола облысының негізгі салалары қалай дамып жатыр
14 Мамыр 2020, 18:14
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
14 Мамыр 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №296 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №288 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
14 Мамыр 2020, 14:07
Төтенше жағдайдан кейінгі еңбек нарығы: бос жұмыс орындары мен түйіндемелер саны артты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.