Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты Қазақстан Республикасының қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының қаржы министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу