Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының заңдары:

  • «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»;

  • «Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы».

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу