Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Бейсенбі, 14 Қараша 2019, 16:02:41

Қазақстан Президентінің Көкшетау қаласына жұмыс сапары Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізумен басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен облыс активінің алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегін атап өтіп, көреген көшбасшылығының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда, сондай-ақ, халықаралық аренадағы өз орнын нығайтуда елеулі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

«Үкіметтің, Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақ мерзімді Стратегиясын, Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны іске асыруға барлық күш-жігерін жұмсау», – деді Мемлекет басшысы.

Президент жаңа Мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаны сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударып, алдыңғы бағдарламаларда кеткен кемшіліктерді ескеру керектігін тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоспарларды іске асыру үшін жалаң есеп емес, салмақты талдау, тиімді іс-әрекеттер қажет деп санайды.

«Мемлекет басшысы ретінде, халықтың маңызды талап-тілектерін қанағаттандыруға арналған тиімді жұмыс күтемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ақмола облысының дамуы туралы айта келіп, өңірдің ауыл шаруашылығы, индустриялық-инновациялық саясат, машина жасау, түрлі-түсті металлургия, құрылыс және құс шаруашылығы салаларында оң өзгерістер бар екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы облыс экономикасындағы өнеркәсіп өндірісінің үлесі артқанына қарамастан, өңірдің республика көлеміндегі үлес салмағы 2,5%-дан аспай отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масал кен орнындағы тау-кен металлургия кешенін Тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспардан және Республикалық индустрияландырудың картасынан алып тастау мәселесіне назар аударды. Жоба кен өндіруден бастап болат прокатын шығаруға дейінгі технологиялық желіні құрап, 1 млн тоннаға дейін өнім өндіруді көздеген болатын. Президенттің айтуынша, бұл кешен Жарқайың және Есіл аудандарының тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп, облыс экономикасының өсуіне септігін тигізген болар еді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аталған жоба бойынша нақты шешімге келіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Президент еңбек өнімділігін арттыру, оның ішінде, ауыл шаруашылығы – өңір экономикасын өркендетудің басты факторы екеніне тоқталды.

«Соңғы үш жылда Ақмола облысында суармалы жерлердің көлемі 7,5 есеге артып, 24 мың гектардан асты. Бұл – өнімділікті арттыруға тікелей әсер ететін жақсы көрсеткіш. Осындай жұмысты жалғастыра беру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің үш ірі астық өсіретін облысында ауыл шаруашылығы бойынша еңбек өнімділігі төмен екенін, олардың үлесі $5 мыңнан $8 мыңға дейін ғана жететінін айтты.

«Ресейде бұл көрсеткіш $17 мың, ал дамыған елдерде $80-90 мыңға дейін жетеді», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне аграрлық өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін ұлғайту үшін жетекші отандық әзірлемелер енгізе отырып, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы жаңа технологияларды қолдану, автоматтандыру және цифрландыру арқылы дамуда тың серпін алуы тиіс. Егіс алқаптарын ұлғайту үшін ылғал және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет», – деді Президент.

Мемлекет басшысы егістік алқаптарын игерумен айналыспайтын латифундистерден жерді қайтарып алу жөніндегі тапсырмасына тоқталды.

«Менің тапсырмам өте баяу орындалып жатыр. Бұдан тапсырманың орындалуын әдейі созып отыр деген ой туады. Мұндай жағдайда қолданатын шаралар симметриялы болады. Ықылассыз орындаушыларға оңай тимейді», – деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Кеңес барысында Мемлекет басшысы туризм саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне тоқталды. Ол бизнес жүргізуге жасалатын жеңілдік бойынша облыстың артта қалғанына, жұмыспен қамтылғандар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өнім өндірісі төмен екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «қарапайым заттар экономикасы» жобаларына кәсіпкерлерді белсенді түрде жұмылдыру керек деп есептейді.

«Мысалы, бұл бағытта өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларының мүмкіндіктері мол. Шағын және орта бизнестің әлеуетін елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланған жөн», – деді Мемлекет басшысы.

Өңірдің табиғи демалыс орындары мен мәдени мұра нысандары жайында айтқан Президент туристік әлеуеттің әлі де толық пайдаланылмай жатқанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев  туризм саласы аймақтың жалпы өнімінің 0,5% ғана құрап отырғанын баса айтып, туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 2025 жылы елімізде аталған көрсеткішті 8%-ға жеткізу тапсырылғанын атап өтті. 

«Үкіметке облыс әкімдігімен бірлесіп, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңі шеңберінде қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларды аяқтауды тапсырамын. Қазақстанның Туризм картасында Зеренді демалыс аймағы да бар. Аталған аймақты экологиялық және балалар туризм саласына бейімдеуге болады»,– деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жол бойы сервисінің сапасы мен қызмет көрсету деңгейінің төмендігін сынға алып, оны тиімді дамытудың жолдарын қарастыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бағаның көтерілуіне жол бермеуді, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбаттатпауды ескертті. 

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қымбаттап, инфляцияның алдына түсіп кетті. Кей жағдайларда екі есеге дейін жеткен. Инфляцияның жалпы деңгейі 5,3%, ал баға 9%-дан асып кетті», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың соңғы екі жылдағы тұрғын үй құрылысының қарқынына (900 мың ш.м.) оң баға беріп, жергілікті жолдар мен көше-жол жүйесінің 880 шақырымы жақсарғанын айтты. Сонымен қатар шешілмеген бірқатар инфрақұрылымдық мәселелерге, оның ішінде Сарыарқа магистральді газ құбыры бойына салынатын газ тарату желісінің құрылысына назар аударды.

«Үкіметке облыс әкімдігімен бірлесіп, 2020-2021 жылдары Аршалы және Целиноград аудандарында газ тарату желісін салуды тапсырамын», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымды дамыту жөніндегі міндеттерге тоқталып, Үкіметке халықаралық қаржы институттарынан несие тарта отырып, Ақмола облысында ЖЭО салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Бұл шамамен 200 миллион долларды құрайды. Көп қаржы емес. Қарастырып, ұсыныс беріңіздер. Біз Көкшетау қаласында міндетті түрде ЖЭО салуымыз керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы облыстың агломерациялық аймағының инфрақұрылымына қатысты мәселелерді тездетіп шешу жайында айтып, Қосшы ауылын мысалға келтірді. 

«Қосшы ауылындағы халықтың санына қатысты үш түрлі дерек бар: нақты есеп бойынша 52,5 мың халық тұрады; үй шаруашылығының тіркеу дәптеріндегі тұрғындар саны – 34 мың; көші-қон қызметі ресми түрде 16,5 мың адамды тіркеген. Бұл қай тұрғыдан алсаңыз да қауіпті жағдай. Жақында халық санағы болады. Тұрғындардың саны мен олардың өмір сапасы жайында нақты білуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аймақты дамытуда кешенді басқару тәсіліне көшу қажеттігін атап өтіп, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыру басты мақсат екенін жеткізді.

«Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің арасындағы жұмыстардың өзара үйлесімділігін жандандыру керек», – деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдігіне 2020 жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізуге толық дайын болу үшін бірқатар тапсырма берді.


Жаңалықтар тізбегі
10 Желтоқсан 2019, 08:38
А. Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары: америкалық агробизнес лидерлері «Tyson Foods» және «Valmont Industries» Қазақстанға инвестиция салады
09 Желтоқсан 2019, 20:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесу өткізді
09 Желтоқсан 2019, 20:46
Мемлекет басшысы АТ саласындағы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды
09 Желтоқсан 2019, 18:32
Елбасы КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті
08 Желтоқсан 2019, 09:45
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №41
07 Желтоқсан 2019, 19:44
Бердібек Сапарбаев әлеуметтік осал топтардың мәселелерін шешуге ықпал етуді тапсырды
06 Желтоқсан 2019, 23:20
Мемлекет басшысы Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
06 Желтоқсан 2019, 23:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапарының аясында бірқатар кездесулер өткізді
06 Желтоқсан 2019, 18:45
Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: көпбалалы отбасылар мен ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндіктер қандай
06 Желтоқсан 2019, 18:34
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Шымкент қаласына және Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
06 Желтоқсан 2019, 18:07
Ірі мұнай өндіру зауыттарында қазір мұнай өндірісі жоғары деңгейде - ҚР ЭМ
06 Желтоқсан 2019, 17:13
Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты - Энергетика министрлігі
06 Желтоқсан 2019, 16:34
2019 жылы мұнай өндіру жоспары асыра орындалады - Энергетика министрлігі
06 Желтоқсан 2019, 13:39
ҚР Үкіметінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
05 Желтоқсан 2019, 20:45
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияда
05 Желтоқсан 2019, 15:44
А. Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты
05 Желтоқсан 2019, 12:43
«Қарапайым заттар экономикасы»: А. Мамин Шымкент пен Түркістан облысында тоқыма және азық-түлік өнімдері өндірісін ашты
05 Желтоқсан 2019, 12:34
Мұнайгаз саласын дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді
04 Желтоқсан 2019, 17:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес отырысын өткізді
04 Желтоқсан 2019, 17:19
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
04 Желтоқсан 2019, 16:27
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
03 Желтоқсан 2019, 14:41
ҚР Үкіметінің отырысы, 03.12.2019
03 Желтоқсан 2019, 14:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Катар делегациясын қабылдады
03 Желтоқсан 2019, 12:19
АӨК саласында 4,4 трлн теңгеге 113 инвестициялық жоба пысықталу және іске асырылу сатысында — ҚР АШМ
03 Желтоқсан 2019, 10:51
Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің импортына тәуелділіктен арылуымыз қажет - А. Мамин
03 Желтоқсан 2019, 10:46
Үкімет салық және кедендік әкімшілендіру мәселелерін қарастырды
03 Желтоқсан 2019, 10:41
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
03 Желтоқсан 2019, 10:34
ШОБ және жеке тұлғалар үшін жүргізілген салық рақымшылығы 23 млрд теңге салық қарызының өтелуіне ықпал етті - Ә. Смайылов
03 Желтоқсан 2019, 09:49
«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 17 мың маман тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие алды
03 Желтоқсан 2019, 08:05
А. Мамин Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының президенті С. Коэмен кездесу өткізді
03 Желтоқсан 2019, 07:58
А. Мамин Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла бен Сауд әл-Танимен кездесу өткізді
02 Желтоқсан 2019, 12:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №40
29 Қараша 2019, 19:13
Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысты
29 Қараша 2019, 19:07
Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
29 Қараша 2019, 18:50
Мемлекет басшысы Франция бизнесінің өкілдерімен кездесті
29 Қараша 2019, 17:50
3 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2019, 13:33
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы айналма автожолды ашты
29 Қараша 2019, 10:58
А. Мамин Франция бизнес қауымдастығының аса ірі бірлестігімен келіссөздер өткізді
29 Қараша 2019, 09:35
Бердібек Сапарбаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қараша 2019, 18:52
Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының сессиясына қатысты
28 Қараша 2019, 18:11
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
28 Қараша 2019, 14:55
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына дайындықты қарастырды
28 Қараша 2019, 14:43
Президент Қ. Тоқаев ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойды
28 Қараша 2019, 12:43
Государственная программа развития туристской отрасли Республики Казахстан на 2019-2025 годы
27 Қараша 2019, 23:34
Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент күніне арналған концертке барды
27 Қараша 2019, 23:24
Елбасы Тұңғыш Президент Қоры Сыйлығының лауреаттары және Қазақстанның талантты жастарымен кездесті
27 Қараша 2019, 23:16
Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды
27 Қараша 2019, 19:39
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді
27 Қараша 2019, 19:20
ҚР Президенті Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары Мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты
27 Қараша 2019, 17:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі Диалогының үшінші отырысын өткізді
27 Қараша 2019, 17:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
27 Қараша 2019, 17:09
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді
27 Қараша 2019, 15:19
Қазақстан Президенті Бішкектегі «Ата бейіт» Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды
27 Қараша 2019, 15:00
Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті
27 Қараша 2019, 10:21
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы
27 Қараша 2019, 09:20
ТКШ ашықтығын арттыру: «е-ПИК» және «E-SHANYRAQ» ақпараттық жүйелерінің артықшылықтары қандай
26 Қараша 2019, 18:12
«Қалтадағы ХҚКО», еңбек заңнамасына түзетулер енгізу, бензин акциздері — Үкіметтік сейсенбі қалай өтті
26 Қараша 2019, 15:50
Жергілікті және шетелдік мамандарға тең жағдайларды қамтамасыз ету ҚР ЕХӘҚМ бақылауында 
26 Қараша 2019, 14:33
А. Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысы А. Лихачевты қабылдады
26 Қараша 2019, 14:23
2020 жылы қандай санаттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі?
26 Қараша 2019, 12:39
2019 жылы өндірісте жарақаттану деңгейі 13%-ға төмендеді — ҚР ЕХӘҚМ
26 Қараша 2019, 12:15
Марат Тәжин Қазақстанның Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды
26 Қараша 2019, 11:54
2019 жылы әлеуметтік жауапкершілік аясында 1,2 млн жұмыскердің жалақысы көтерілді — ҚР ЕХӘҚМ 
26 Қараша 2019, 11:12
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 10 айда 24 млн астам қызмет көрсетілді
26 Қараша 2019, 09:53
Үкіметте еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды
26 Қараша 2019, 09:53
Премьер-Министр А. Мамин интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды
26 Қараша 2019, 09:49
2020 жылы тұрғындардың цифрлық сауаттылығының көрсеткіші  80%-ға дейін артады — А. Жұмағалиев
25 Қараша 2019, 17:55
ҚР Президенті экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады
25 Қараша 2019, 17:18
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукейді қабылдады
25 Қараша 2019, 16:09
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалдарының өкілдерімен кездесті
25 Қараша 2019, 12:35
Ержан Еркінбаев «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
25 Қараша 2019, 11:29
26 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2019, 08:43
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №39
22 Қараша 2019, 20:48
Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты
22 Қараша 2019, 18:04
Президент Жолдауын іске асыру: ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық және әлеуметтік қолдау шаралары қалай дамуда
22 Қараша 2019, 17:37
Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті
22 Қараша 2019, 16:28
Қазақстан мен Швейцария Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді
22 Қараша 2019, 16:00
Қазақстан мен Швейцария Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
22 Қараша 2019, 15:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді
22 Қараша 2019, 11:45
Премьер-Министр А. Мамин Швейцарияның Федералды Президенті У. Маурермен келіссөздер өткізді 
22 Қараша 2019, 08:23
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
21 Қараша 2019, 20:40
Нұрсұлтан Назарбаев «Тыраулап ұшқан тырналар» спектакліне барды
21 Қараша 2019, 12:10
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
20 Қараша 2019, 19:13
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады
20 Қараша 2019, 19:06
Елбасы Жоғарғы cот Төрағасы Жақып Асановты қабылдады
20 Қараша 2019, 18:40
Президент «Digital Centre» цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды
20 Қараша 2019, 16:55
Мемлекет басшысы елордадағы инновациялық экожүйе нысандарымен танысты
20 Қараша 2019, 16:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
20 Қараша 2019, 15:16
Газдандыру кезінде есептеуіш құралдары әр тұтынушыға тегін беріледі — Нұр-Сұлтан қ. әкімдігі
20 Қараша 2019, 14:57
Қазақстанның «теңіз қақпасы» және тау-кен өндірісі өнеркәсібін дамыту: Маңғыстау облысы қалай дамыды
20 Қараша 2019, 13:58
Энергетика министрлігі газ бағасы туралы: біздің мақсатымыз тұрғындар үшін ең төмен әрі қолжетімді бағаны белгілеу
20 Қараша 2019, 13:52
«Сарыарқа» газ құбыры 2019 жылғы 31 желтоқсанда пайдалануға беріледі — М. Жүребеков
19 Қараша 2019, 18:07
2025 жылға дейін Қазақстанда электрондық сауда үлесі 10%-ға артады
19 Қараша 2019, 18:00
«Бір терезе» арқылы кәсіпкерлердің шетел нарықтарына шығу мүмкіндіктері артады
19 Қараша 2019, 17:46
QazTrade бірыңғай терезесі: экспортты ілгерілету жұмыстары қалай реттелуде
19 Қараша 2019, 17:00
Қазақстан мен Әзербайжан Премьер-Министрлері Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты
19 Қараша 2019, 16:53
Президент «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
19 Қараша 2019, 14:45
Мемлекет басшысы «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барды
19 Қараша 2019, 12:13
Бес әлеуметтік бастама аясында «Сарыарқа» магистралды газ құбырының салынуы туралы баспасөз конференциясы өтеді
19 Қараша 2019, 09:50
Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты
18 Қараша 2019, 19:14
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №38
18 Қараша 2019, 19:13
Жаңа тұрғын үй бағдарламасының бес бағыты, медициналық сақтандыру бойынша пилоттық жоба қорытындылары және азық-түлік бағасы — Үкіметтің кезекті отырысында не талқыланды
18 Қараша 2019, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
18 Қараша 2019, 17:57
«5-20-25» бағдарламасы: жылдығы 5%-бен тұрғын үй алуға жеңілдікті несиені кім ала алады
18 Қараша 2019, 16:33
«Е-Qurylys» бірыңғай ақпараттық жүйесін «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы аясында 2020 жылдан енгізу жоспарланған
18 Қараша 2019, 16:21
Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
18 Қараша 2019, 16:09
Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
18 Қараша 2019, 15:09
«Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы: тұрғын үй кезегі тұрғындардың табыс деңгейіне байланысты жасалатын болады
18 Қараша 2019, 13:33
Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тежеу тетіктерін атады
18 Қараша 2019, 13:15
Медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады — ҚР ДСМ Қарағанды облысында МӘМС енгізу бойынша пилот қорытындысы туралы 
18 Қараша 2019, 12:02
Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырудың Жол картасын қабылдады
18 Қараша 2019, 11:37
Б. Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасының бес негізгі бағыты туралы айтып берді
18 Қараша 2019, 10:31
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне жол бермеу керек – А. Мамин
18 Қараша 2019, 10:19
Үкіметте еліміздің МӘМС енгізуге әзірлігі қаралды 
18 Қараша 2019, 10:02
Үкіметте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралып, 2020-2025 жылдарға мақсаттар қойылды 
17 Қараша 2019, 19:46
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
17 Қараша 2019, 19:42
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Қараша 2019, 21:42
Ықшамаудандар салу, жаңа кәсіпорындар ашу, медициналық жабдықтарды жаңарту - Солтүстік Қазақстан облысы қалай дамуда
16 Қараша 2019, 17:25
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
16 Қараша 2019, 12:03
18 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
16 Қараша 2019, 10:56
А. Мамин Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тақырыбы бойынша АДБ және ҚР форсайт сессиясына қатысты
15 Қараша 2019, 21:52
Павлодар облысы: өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру және кәсіпкерлікке басымдық беру
15 Қараша 2019, 20:11
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды
15 Қараша 2019, 18:30
Б. Сапарбаев: жастарды қолдау – мемлекеттің міндеті
15 Қараша 2019, 17:46
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады
15 Қараша 2019, 14:59
Алматыда «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» конференциясы өтіп жатыр
15 Қараша 2019, 13:17
МӘМС пакетінде құны қымбат медициналық қызметтер де қамтылған
15 Қараша 2019, 13:12
МӘМС жүйесінің енгізілуімен ауыл тұрғындары үшін барлық деңгейдегі медициналық қызметтер қолжетімді болады
15 Қараша 2019, 13:09
Аса қажетті медициналық қызметтерді қаржыландыруды ұлғайту арқылы олардың қолжетімділігін арттыруды көздейміз — А. Жұмағұлов МӘМС туралы
15 Қараша 2019, 12:55
А. Мамин Азия даму банкінің президенті Т. Накаомен кездесу өткізді
14 Қараша 2019, 18:16
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі Кеңестің отырысы өтті
14 Қараша 2019, 17:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы бірқатар нысандарды аралады
14 Қараша 2019, 16:02
Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізді
14 Қараша 2019, 15:23
А. Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасары Х. Әл-Каваримен кездесу өткізді
14 Қараша 2019, 10:55
ҚР Ұлттық музейі Афинадағы көрмеде «Алтын адамды» таныстырды
13 Қараша 2019, 21:04
Мемлекет басшысы «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады
13 Қараша 2019, 16:46
Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады
13 Қараша 2019, 11:08
Бердібек Сапарбаев Паралимпиада жаттығу орталығының жұмысымен танысты
13 Қараша 2019, 10:06
Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қараша 2019, 19:54
Автожолдарды салу және реконструкциялау жұмыстарында 200 мыңға жуық адам жұмыс істейді
12 Қараша 2019, 18:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркия Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Қараша 2019, 18:25
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы М. Хортонмен кездесті
12 Қараша 2019, 17:55
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады
12 Қараша 2019, 17:52
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
12 Қараша 2019, 17:29
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жергілікті маңызы бар 70 мың шақырымнан аса жолға бақылау жүргізеді 
12 Қараша 2019, 16:05
Жылдың соңына дейін шетелдік компаниялармен бірлесіп 200 шақырымнан астам автожолды ашу жоспарланған —  ҚР ИИДМ
12 Қараша 2019, 15:05
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулер өткізді
12 Қараша 2019, 13:06
А. Мамин «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» форумын ашты
12 Қараша 2019, 12:39
Автобензиндер өндірісінің көлемі еліміздің ішкі тұтынуын толықтай жабады — ҚР ЭМ 
12 Қараша 2019, 12:39
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев «Астана клубының» Бесінші отырысына қатысты
12 Қараша 2019, 12:28
Биыл 10 айда жалпы ет өндіру көлемі 5,5%-ға артты — ҚР АШМ
12 Қараша 2019, 12:15
2019 жылдың 10 айының қорытындылары бойынша өңдеу өнеркәсібінің барлық секторында өсім байқалды — ҚР ИИДМ
12 Қараша 2019, 11:44
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса қазақстандық займ алды — Ұлттық банк
12 Қараша 2019, 10:50
10 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,4% құрады
12 Қараша 2019, 10:43
Биылғы қаңтар-қазан айларында республикалық бюджет кірістері 17%-ға ұлғайды — ҚР Қаржы министрлігі
12 Қараша 2019, 10:38
Биылғы 10 айда ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 28,5%-ға дейін артты — ҚР ҰЭМ 
11 Қараша 2019, 20:16
Мемлекет басшысы Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті
11 Қараша 2019, 20:05
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Қараша 2019, 19:29
А. Маминнің Түркияға жұмыс сапары: Р. Ердоғанмен келіссөздер, үкіметаралық комиссия отырысы және бизнес-форум
11 Қараша 2019, 18:40
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
11 Қараша 2019, 18:32
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстволар басшыларының есебін тыңдады
11 Қараша 2019, 16:10
Роман Скляр елордада электр энергиясының ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді
11 Қараша 2019, 13:21
Автожолдар салу және қайта жөндеу туралы баспасөз конференциясы өтеді
11 Қараша 2019, 13:10
12 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
10 Қараша 2019, 16:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №37
09 Қараша 2019, 13:10
Асқар Мамин Стамбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады
09 Қараша 2019, 12:32
Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің сапасын арттыру: Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысына барып қайтты
09 Қараша 2019, 11:06
«Родина» агрофирмасының тәжірибесін басқа шаруа қожалықтарына тарату қажет – А. Мамин
08 Қараша 2019, 10:01
Б. Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай арадагерлерге бірыңғай төлем көлемін белгілеуді тапсырды
08 Қараша 2019, 09:53
ҚР және РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы: 15 жылда тауар айналымы 3,5 есе өсті
Депутаттық сауал
© 2019 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі