Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жедел жеткізу, жүздеген жаңа жұмыс орны — С. Сәрсенов электронды сауда әлеуеті туралы

Бейсенбі, 13 Маусым 2019, 20:28:36

Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері елімізде электронды сауданы дамыту саласында оң қарқын байқалып отыр.

Электронды сауданың пошталық әкімшіліктердің өсуінің негізгі қозғаушы күші ретіндегі бүкіл әлемдегі және Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы РrimeМinister.kz АА-ға берген эксклюзивті сұхбатында

«Қазпошта» АҚ компаниясының басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов айтып берді.

— Сәкен Сейтжаппарұлы, Қазпошта елімізде электронды сауда операторы ретінде анықталған. Аталған саланы елімізде одан әрі дамыту үшін не жасалып жатыр?

 

 

— Электронды сауда нарығы күллі әлемде қарқынды түрде дамып жатыр. Қазақстан бүгінде электронды сауданы дамытудың бастапқы сатысында тұр деуге болады. Егер әлемде электронды сауда нарығының орташа өсімі 15-20% құраса, бастапқыда ол 30-40% құрады, Қазақстанда электронды сауда дамуының елеулі серпіні байқалуда. Жылына ол шамамен 35-40%-ға артады. Бұл жалпы нарық үшін және оффлайннан онлайнға өту үшін өте жақсы көрсеткіштер. Сандармен айтар болсақ, бүгінде Қазақстанда электронды коммерция нарығы шамамен 300 млрд тг құрайды. Біздің бағалауымыз бойынша алдағы бес жылда ол 2 трлн теңгеге дейін өседі. Яғни, егер бөлшектеп сатудағы үлесі шамамен 2,9% құраса, онда 5 жылдан кейін ол 24% құрауы тиіс.

Үкімет электронды коммерция саласының дамуына баса көңіл бөлуде, соның ішінде «Қашпочта» пошта инфрақұрылымын дамытумен айналысады. Электронды сауда нарығы — онлайн режимінде тауарлар сататын кәсіпкерлер. Бұл, сонымен қатар, онлайн төлемдер, яғни онлайн режимде ақы төлеу немесе пошташыға немесе курьерге тауарды жеткізген кезде ақысын төлейтін шарт бойынша төлем мүмкіндіктері. Қазіргі таңда нарық қысқа уақыт ішінде және жеткізілім құнының арзан бағасымен тауарды жедел жеткізуді талап етеді. Біз осымен айналысамыз. Үкімет қажетті заңнамалық актілерді қабылдады. Мәселен,  өткен жылы кәсіпкерлерге онлайн саудамен айналысуға мүмкіндік беретін салықтық преференциялар қабылданды. Көптеген салықтық жеңілдіктер енгізілді. Биыл заңнамаға тағы да бірқатар түзетулер қабылданды: экспорттық рәсімдер жеңілдетілді. Бұған дейін, егер сіз онлайн сатқан болсаңыз, онда көптеген құжаттарды, кедендік декларацияларды толтыру қажет болған еді. Енді бұл процесс жеңілдетілді, барлығын пошта құжаттары арқылы рәсімдеуге болады. Кәсіпкерлерге ештеңе істеудің қажеті жоқ. Бүгінде транзиттерді дамыту үшін Хоргос арқылы Қытайдан Еуропаға және Таяу шетел елдеріне электрондық коммерция тауарларының, яғни, сәлемдемелердің өте үлкен ағындарын жеткізуге мүмкіндік беретін заң жобасы қабылданды. Тауарларды онлайн сатумен айналысқысы келетін және бұрыннан айналысып жүрген азаматтар жақын келешекте әжептәуір ақша табу мүмкіндігіне ие болып, олардың бизнесі тез өседі деп үміттенемін.

— Таяу келешекке деген жоспарларыңызбен бөлісіп өтсеңіз.

— Егер «Қазпошта» туралы айтатын болсақ, онда біздің бизнес екі түрге бөлінеді. Бұл – қаржылық және пошталық бизнес. Қаржылық бизнеске келер болсақ, онда біз бәрін цифрлық форматқа ауыстырамыз, яғни онлайн режимінде жұмыс істейміз. Қазіргі сату арналары, сіздердің бөлімшелерге келіп, кезекке тұрып, біздің қызметтерімізді алуыңызға елеулі шығын жұмсалады. Сондықтан, біз осының бәрін онлайнға аударуымыз керек.

Пошта бизнесі туралы айтар болсақ, бізге жеткізу уақытын қысқарту керек. Цифрландыру, бағдарларды оңтайландырудың арқасында, біз көп нәрсеге қол жеткіздік. 2017 жылдан бастап біз сәлемдемелерді жеткізу мерзімін 16 күннен 6 күнге дейін қысқарттық. Қазір біз ауқымды жұмыстар жасап жатырмыз. Шамамен жаздың ортасынан бастап сәлемдемелерді жеткізу мерзімі 3 күнге дейін қысқартылады. Кез-келген сәлемдеме үш күнде жетуі керек. Сондай-ақ таңертең салып жіберіп, кешке басқа қалаға жеткізілетін экспресс-пошта қызметі бар. Біз осы бағытта үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Қызметкердің қатысуынсыз, автоматтар арқылы қызметтерді ала беруге болатын цифрлық офистер ашып жатырмыз. Сонымен қатар, бізде жаңа қызмет – әмбебап агент пайда болды. Біз ауылдық жерлерде осындай жабдықтарды орналастырып жатырмыз, бұл біздің ауылдық жерлердегі клиенттерімізге әртүрлі қызмет түрлерін — ХҚКО, медициналық ұйымдар, білім беру мекемелері және т.б. көптеген қызметтерін қашықтан алуға мүмкіндік береді.

— Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстандағы электрондық коммерция нарығының өсу қарқыны қандай? ҚР-да қанша онлайн-дүкен бар? Қанша қазақстандық шетелдік интернет-дүкендерден тауарлар сатып алады, оларды онлайн-шопингте не қызықтырады?

— Қазақстанда айына бір рет тауарларды онлайн режимде сатып алатын сатып алушылардың саны бүгінде 2,3 млн адамға жетті. Біздің болжамымыз бойынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 3,2 млн-ға дейін өсуі тиіс. Онлайн-сатып алуларға адамдар уақыт өткен сайын көбірек қызығушылық танытуда. Біздің бағалауымыз бойынша, шамамен 2025 жылы осындай адамдар саны 12 млн-нан асуы керек. Бүгінде бұл қандай да бір заттарды сатып алу ғана емес. Біздің күнделікті өмірімізге концерттерге, ұшақтарға, пойыздарға билеттер сатып алу, тамақ сатып алу кіреді. Өсу динамикасына келер болсақ, таяу уақытта электронды коммерция 40%-ға дейін өседі деп ойлаймын, себебі нарық қазір молықтырылып жатыр және онлайн-бизнеспен айналысатын адамдар саны да артуда.

Егер ішкі нарық және шетелден сатып алулар туралы айтатын болсақ, онда 50-ден 50-ге дейін тепе-теңдік. Біздің тұрғындар ішкі нарықтан да, шетелден де сатып алады. Олар негізінен Alibaba, AliExpress, Amazon, Ebay секілді танымал алаңдардан сатып алады. Бізде онлайн-бизнеспен айналысатын 1700-ге жуық кәсіпкер және 20-ға жуық ірі интернет-алаң бар, онда халықтың 80%-ы тауарларды сатып алады.

— Сәлемдемелерді межелі жеріне дейін жеткізуді қадағалау  жүйесі туралы айтып берсеңіз. Клиенттер мұны қалай бақылай алады?  

— Біздің бизнестің басты талабы — клиенттің өзінің тауары қай жерде жеткізіліп жатқанын анық түсінуі. Бұл – тауарлардың сақталуы мен олардың уақытында жеткізілуінің кепілі. Біз трекинг қызметін ұсынамыз. Осы жылдың қаңтар айында жаңа пошталық есеп жүйесі енгізілді, онда клиентке өзінің сәлемдемесінің жеткізілу жолын бақылауға мүмкіндік береміз. Бұл өте ыңғайлы жүйе. Ол біздің сайтымызда және мобильді қосымшада қолжетімді. Ол push-хабарландырулармен, sms-хабарламалармен реттеледі.

— Сәлемдемелердің жеткізілуіне және қауіпсіздігіне жауапты қызмет қалай жұмыс істейді? Клиенттер тауарлардың жеткізілуіне қатысты сұрақтарға жауап алу үшін қайда жүгіне алады?

— Бізбен әртүрлі байланыс арналары бар. Біріншіден, байланыс орталықтары. Бізде 99 байланыс орталығы бар. Екінші бағыт – біздің сайтымызда, фэйсбукте барлық байланыс нөмірлері жазылған. Біз интерактивті жұмыс істейміз. Жақын арада біз чат-ботты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл зияткерлік жүйе біздің жүйелерімізден жауаптар шығаратын және клиенттерге жауап беретін қызмет. Қызметтердің көпшілігін машинамен байланыс деп аталатын форматқа аударғымыз келеді. Бұл жұмысты жақын арада бастауды жоспарлап отырмыз.

— Мобильдік банкинг қалай дамып келеді, қанша адам осы қызмет түрін пайдаланды?

 Әлемдік нарықта барлығы қолма-қол ақшасыз жүйеге көшіп жатыр. Бізде де мықты ойыншылар бар. «Қазпошта» да осы бағытта жұмыс істейді. Бізде мобильді қосымша, мобильді банкинг қызметі бар. Біздің жүйеде шамамен 650 мың белсенді пайдаланушы бар. Күнделікті 100 мың пайдаланушы мобильді банкинг қызметін пайдаланады. Егер 2017 жылы бұл қосымша арқылы транзакциялар бар болғаны 1 млрд теңгені құраса, биыл біздің мобильді қосымшалар арқылы 15 млрд теңгеге тауар айналымы болады деп күтілуде. Әрине, бұл соншалықты жоғарғы көрсеткіштер емес, дегенмен 2 жылда бұл сандар шартты түрде 15 есе өсті. Бұл үрдіс жақын арада сақталады деп ойлаймын. Таяу уақытта біздің мобильді платформалар арқылы айналатын жүздеген миллиардтаған теңгені бақылайтын боламыз.

— Қазіргі таңда елімізде қанша франчайзинг бөлімшесі жұмыс істейді? Қазақстандықтарға франчайзинг арқылы негізінен қандай қызметтер көрсетіледі?

— Франчайзинг

– біздің басты драйверіміз. Себебі Қазақстанда бізде 4 мыңға жуық бөлімше бар. Олардың 70% ауылдық жерлерде орналасқан. Өкінішке орай, олардың көпшілігінің шығыны көп. Үкіметтің «Қазпошта» міндетті түрде ауылдық елді мекенде орналасуы керек деген талабы бар. Әкімдік және басқа да жергілікті атқарушы органдар жоқ, тек «Қазпошта» ғана бар 800 ауыл бар. Былайша айтқанда, ол жерлерде Қазпошта биліктің жалғыз өкілі, сыртқы ортамен жалғыз байланыс. Біз мұны түсінеміз. Бүкіл әлемде пошта ұйымдары франчайзингке қарай дамуда. Сол ауылда  дүкен болса, біз дүкен иесіне дүкенде пошта бөлімшесін орналастыруды сұраймыз, ал ол біздің атымыздан барлық қызмет түрлерін ұсынатын болады. Заңнама бұған мүмкіндік береді және біз бол модельді қолданамыз. Қазіргі таңда біз Қазақстанда франчайзингтік үлгі бойынша 224 бөлімше аштық және таяу уақытта олардың санын ұлғайтуды көздеп отырмыз. 2017 жылы 3500 бөлімше болды, 2019 жылдың соңына дейін Қазпоштаның 4000 бөлімшесі болады. Олардың бір бөлігі — франчайзингтік үлгімен құрылған. Таяу 5 жылда бөлімшелер санын 5 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бөлімшелердің көбісін франчайзингтік серіктестер есебінен орналастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл шығындарды азайтуға, кәсіпкерлерге бизнестің жаңа бағыттарын дамытуға және қолданыстағы бизнеске жақсы кіріс пен қосымша клиенттер ағынын әкелетін бизнестің бір бөлігін қосуға жол ашады. Бұл — мемлекеттік компания мен шағын және орта бизнес арасындағы жақсы синергия.

— Сәкен Сейтжаппарұлы, «Рaypost» интернет-эквайрингі қандай нәтижелер көрсетіп тұр?

— Бұл мобильді банкинг пен интернет-банкингтің құрауыштарының бірі. Бұл қызметті жақында ғана іске қостық. Онлайн-бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге бұл қызметті өте тиімді бағамен ұсынып отырмыз. Сәлемдемелердің көп болуы біз үшін өте маңызды. Бүгінде шамамен 67 кәсіпкер интернет-эквайринг жүйесіне қосылды, ай өткен сайын транзакциялар өте жылдам қарқынмен өсуде. Жыл соңына дейін бұл транзакциялар миллиардтаған теңгеге тең болады деп ойлаймын.

— 2025 жылға қарай электронды сауда саласында 280 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Қандай мамандықтар сұранысқа ие болады және кадрларды даярлау қалай жүргізіледі?

— Көптеген адамдар цифрландыру жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп санайды. Біз бұл тұста кері жағын көрсетіп отырмыз, яғнм жаңа жұмыс орындарын құруға сеп болатын жекелеген қызмет түрі бар. Біз Қазақстанда электронды коммерция нарығының есебінен өте көп жұмыс орындары құрылатын беталысты байқап отырмыз. Мысалы, өткен жылы 44 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы бес жылда 200 мыңнан астам жұмыс орындарын құру міндеті тұр.  Олар

 курьерлер, жүргізушілер, байланыс орталықтарының қызметкерлері, программистер, менеджерлер-маркетологтар т.б. Олардың саны арта беретін болады. Өйткені біз осы қызметтер мен осы тауарларды тұтынамыз. Әрине, бұл қызметтерді біреу көрсетуі керек. Әрбір тауар жаңа жұмыс орнын тудырады.

— 2019 жылы Қазпошта жаңа қызметтерді енгізуді жоспарлап отыр ма?

— Негізі соңғы кездері Қазпошта Қазақстанда электронды коммерцияны,  қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту үшін көп жаңа қызметтерді енгізді. Қазір үздіксіз жұмыс істеуі үшін біздің алдымызда осы инфрақұрылымды түгел тұрақтандыру міндеті тұр. Қазір біздің барлық АТ-жүйелеріміз тұрақты жұмыс істейді. Біздің міндетіміз - халықтың осы қызметтер мен жобаларды барынша көбірек пайдалануына ынталандыру. Біз осы қызметтерді ілгерлетуге зор көңіл бөлеміз. Еліміз бойынша Электронды коммерция орталықтарын, Экспорт мектебін ашып жатырмыз, оларда адамдарға онлайн бизнесті қалай жүргізу керектігі, нені сатып алуды, қалай сатып алуды үйретеді. Біз біздің бизнесті өз тауарларын экспортта сатуға үйретеміз. Біздің экономикамыз қазір шетелдік тауарларды тұтынады, яғни шетелден импорттайды. Бірақ бізде сатуға болатын көптеген тауарлар бар. Мысалы, Қытайға Amazon-да. Қытай нарығы органикалық өнімдерге аса қызығушылық танытады. Бірақ егер оларды әдеттегі арналармен тасымалдайтын болса, көптеген кедергілер туындайды: сертификаттау керек т.б. Нәтижесінде біздің бизнестің қытай нарығында ілгерлеуіне мүмкіндік болмайды. Ал ҚХР азаматы сайт арқылы тауарға тапсырыс беретін онлайн-каналдар бар, біз тауарды оған сәлемдеме түрінде салып жібере аламыз, әрі, мұндайда сертификаттауға қатысты мәселе туындамайды. Бұл үлкен нарық, біздің кәсіпкерлеріміз үшін отандық өндіріс тауарларын шетелдік интернет-нарықтарда ілгерлету үшін үлкен мүмкіндік. Күн сайын әлемде 270 млн адам онлайнда сауда жасайды. Бұл нарықтың ауқымы өте үлкен. Егер қазір әлемде электронды коммерция нарығының көлемі $1,8 трлн құрап отырса, 5 жылдан соң бұл нарық  $2,8 трлн-ға жетеді деп шамаланып отыр. Бұл бизнеспен қазір айналыса бастайтындар, соның ішінде біздің отандық тауарларды ілгертеліп, жақсы табыс табады.

— Қазақстанның көлік-логистикаоық әлеуетінің іске асырылуын ескерумен Қазақстанның алдында қандай мүмкіндіктер ашылуда?

— 2019 жылы 2 сәуірде Мемлекет басшысы “Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды. Бұл Заң “Қорғас” ХШЫО-да жүктерді поштаға айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл бірегей жоба

 бондтық қоймалар идеологиясы. Қазір Қытай мен Еуропа арасында жылына $76 млрд-қа тауарлар сатылады. Бұл үлкен ағым. Қытайдан Еуропаға ең қысқа жол Қазақстан арқылы өтеді. Қазір қытай бизнесмендері келесі талаптарды қойып отыр: біз тауарларымызды жылдам әрі арзан жеткізуіміз керек. Қазақстан аумағы осы талаптарды орындауға сай келеді. Егер маусым айының ортасында барлық заңнамалық актілерге қол қойылып, бұл норма күшіне енгізілетін болса, бізде бұл тауарларды біздің елдің аумағы арқылы тасымалдауға мүмкіндік туады. Ал бұл алдағы жылдары экономиканың жылына 1 трлн теңгеге дейін қосымша өсіміне мүмкіндік береді. Бұл біздің логистикалық компаниялар, транзитпен айналысатын адамдар үшін, оның ішінде «Қазпошта» үшін де үлкен мүмкіндік. Егер біз бұл жобаны жасайтын болсақ, мен өте көп ірі қытай және еуропалық интернет-дүкендер Қорғасқа өз инвестицияларымен келеді деп ойлаймын. Бұл біздің міндетіміз және бұл зор мүмкіндік. Мен бұл біздің қолымыздан келеді деп үміттенемін.

— 2025 жылға дейін өңірлерде фулфилмент-орталықтарды іске қосу бойынша жұмыстар қандай сатысында?

— Фулфилмент-орталықтар ішкі электронды коммерцияны, біздің онлайн-ойыншылардың экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған. 2018 жылы Қазақстанда біз үш фулфилмент-орталық аштық: Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында. Келесі жылы біз тағы төрт фулфилмент-орталықты ашуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, біз алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда 19 фулфилмент-орталықты ашуды көздейміз. Фулфилмент-орталықтардың тиімділігі неде? Интернет-кәсіпкердің қоймалар іздеп, тауарларын рәсімдейтін адамдарды алып, тапсырыстарды орауға қатысты қажеттіліктері болмайды. Мұның барлығын біздің фулфилмент-орталықтар жүзеге асырады. Біз кәсіпкерден тауарды алып, өзімізде сақтап, одан кейні осы кәсіпкердің интернет-дүкеніне тапсырыс келген кезде біздің жүйемізге ақпарат келеді, біз бұл тауарды аламыз да, орап, біздің арналарымыз арқылы клиентке жеткіземіз. Яғни, кәсіпкер инфрақұрылым т.б. мәселелерге қатысты басын қатырмайды. Яғни  «Қазпошта» барлық қызмет түрлерін ұсынады: таураларды сақтау, жеткізу, орау, төлемдерді қабылдау. Кәсіпкер тек қана сайтпен белсенді жұмыс жүргізіп, өз тауарларын жарнамалауы керек. Бұл «Қазпошта» үшін де, онлайн-бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер үшін де өте тиімді бизнес.

— Сәкен Сейтжаппарұлы, сұхбатыңыз үшін рақмет. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
06 Қаңтар 2021, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №932 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.