Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Цифрлық Қазақстан: цифрландыру саласында атқарылуы тиіс жұмыстар әлі де көп

Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020, 14:29:10

Мемлекеттің цифрландыру саласында қолға алған жұмыстары өте дұрыс бағытта атқарылып келеді. Бұл жеткіліксіз деген пікірлер бар болса да, бүгінгі күні коронавирус түріндегі сыртқы шок бәрін ашып көрсетті: Қазақстан цифрландыру тұрғысынан жақсы дайындық деңгейін көрсетті, деп есептейді «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев. Ол егер басқа посткеңестік елдерге қарайтын болсақ, онда еліміздің цифрлық технологиялары нашар дамыған елдердің қатарында емес екенін көруге болатынын айтты.

Р. Ошақбаевтың пікірінше, «әдеттегіден тыс жүктеме түскен жағдайда», атап айтқанда, адамдардың көп кіруіне байланысты Egov порталы жұмыс істемей қалған кезді цифрландыру тұрғысынан жасалған үлкен жұмыс пен барлық жүйеге қатысты етіп айту дұрыс емес. «Электронды үкіметтің» өзі, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жеткілікті түрде түсінікті әрі анық жасалған. Қазіргі таңда қазақстандықтар сервистердің едәуір бөлігін электрондық түрде алады.

«Мен жүргізуші куәлігін ауыстырдым, арнайы ХҚКО-ға бардым және осының бәріне бір сағаттан аз уақыт жұмсадым. Барлығы түсінікті: келдің, талон алдың, кезекке тұрдың, құжаттарды тапсырдың, суретке түстің, 15 минуттан кейін дайын құжатты аласың. Содан кейін, мен ол жерден шыққаннан кейін, мүлдем ешқайда бармай, барлығын онлайн жасауға болатынын түсіндім», — деп сарапшы өз мысалын келтірді. Егер мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қарқынын және порталдың жұмысына қарайтын болсақ, бұны «позитивті» деп бағалауға болады. «Иә, қазір 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу бойынша адамдардың жаппай кіруіне байланысты Egov алғашқы күндері дұрыс жұмыс істемеді. Қазір арнайы жеке жасалған сайтқа 25 мың адам бір уақытта кіре алады. Әрине, бұл жүйе барлық сұрауларды объективті түрде өңдей алмайды, бұл қалыпты жағдай», — деді ол. 

Мысал ретінде Р. Ошақбаев Канада елшілігінің сайтын еске алды: бірнеше жыл бұрын Дональд Трамп президент сайлауында жеңіске жеткенде, америкалықтар Канаданың азаматтығын алуға және тұруға ыхтиярхат алу үшін жаппай өтінім бере бастады. Соның салдарынан сайт дұрыс жұмыс істемей қалды. 

«Көптеген жүйелер адамдар жаппай қосылған кезде, жүктемені көтере алмайды және мұнда сын айтуға себеп те болмауы керек», — дейді Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, біз Қазақстанда 42 500 теңге әлеуметтік төлемдерге қатысты осындай жағдайды көріп отырмыз, бұрынғыдай тез болмаса да, айтарлықтай аз уақыт ішінде өтінімдер қаралып, аударымдар жасалып жатыр. «Сондықтан бұл жағдайда цифрландыру саласында жұмыс дұрыс қолға алынбаған деп пайым жасау орынсыз», — деді ол. — «Иә, әлі көп нәрсе істеу керек, бірақ үлкен жұмыстың жасалғанын жоққа шығаруға болмайды».

Егер Қазақстанның 2020 жылы қандай артықшылығы бар екенін айтсақ, бұл арзан әрі сапасы жеткілікті жақсы интернетінің бар екені. Ошақбаев баға — сапа ара қатынасы бойынша біздің еліміз 4G қолжетімділігі жағынан әлемде ең үздік позициялардың біріне ие екенін айтты. 

«Егер сіз мәселен, таксиге отырдыңыз және таксистің youtube-ты қосып, подкастарды, біреулердің сөйлегенін тыңдап отырғанын көрдіңіз. Көптеген шетелдіктер үшін бұл шок, себебі, әлемнің көптеген елдерінде 4G интернетін осылайша жайдан-жай пайдалану өте қымбат, бұған жол жоқ. Мысал үшін, АҚШ-та 3 гигабайт интернет үшін сіз $50 төлейсіз. Және сіз фондық режимде интернетті пайдаланбайсыз. Меніңше, қазір бізде интернетті үнемдейтіндер аз. Сондықтан қалалардың көпшілігінде және басқа да елді мекендерде 4G сапалы әрі қолжетімді интернетінің болуы зор жетістік», — дейді сарапшы.

Екінші мәселе — бұл ауылдарды цифрландыру. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында интернетке кеңжолақты қолжетімділік бағдарламасы іске қосылды, ол 50 адамнан көп халқы бар барлық ауылдарға жеткізілуі тиіс. Ошақбаев көзделген барлық мақсаттардың толық іске асырылмағанын және орындалмағанын, бірақ соған қарамастан, елді мекендердің басым бөлігіне интернет жеткізілгенін айтты. 

«Мүмкін, соңғы милін жүргізуге қатысты проблемалар бар шығар, яғни елді мекенде және одан әрі оптикалық талшықты тарату – бұл біз жалғастыруымыз тиіс жұмыс. Бірақ, соған қарамастан, негізгі ауқымды бөлігі бар, едәуір жұмыс атқарылды», — дейді ол.

Үшінші мәселе – «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру. Бұл жерде қамту және тереңдігі тұрғысынан, ХҚКО-лардың жұмысы, онлайн қызметтердің көрсетілуі жағынан «біз әлемдегі озық елдердің біріміз».

«Ең бастысы, динамика бар, динамика барынша оң. Әр уақытта олқылықтар болған, болады да. Алайда біз бір жерде тұралап қалдық, ештеңе істемедік деуге әрине болмайды. Мәселелер бар. Әділетті сын да болуы керек. Бірақ, қандай жағдай болмасын, бұл жұмыстарды жалғастыру керек. Менің ойымша, бәрі жақсы. Қазіргі карантиндегі шок біздегі цифрландырудың ахуалын қайта қарастырып, басқа да көптеген мәселелерге назар аудару үшін негіз бола алады», — дейді Р. Ошақбаев. 

Оның пікірінше, цифрландырылуы тиіс көптеген басқа да бағыттар бар, ол бизнеске несиенің қолжетімділігі, кепілдіктер, қосымша құжаттамалық қамту бойынша талаптары, қауіпсіздік талаптары және көптеген басқалары, Бірақ жалпы айтатын болсақ, дейді ол, бүгінде біздегі жағдай ХҚКО-лардың цифрландырылуы бойынша «ХҚКО-ын реформалауда алдыңғы қатарда болған Грузиядан едәуір жақсы». 

«Сондықтан әлі көптеген жұмысты атқару қажет, бірақ, бәрі болмады, бәрі жаман деуге болмайды, мен мұнымен мүлдем келіспеймін», — деп түйіндеді сарапшы. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.