Қазақстан Big Pharma ірі инвесторларын тартуға талпынуда

Пандемия басталғанда бірде-бір ел, оның ішінде Қазақстан дәрілік заттарды тұтынудың күрт артуына дайын болған жоқ. Дәрілік заттарды сатып алу, жеткізу және бөлу жүйесінің жоспарлы тәсілі болды. Бірақ өткен жылы жүйені қайта жүктеу мәжбүрлігі туындады. Оның қалай жүргізілгені туралы «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтып берді.

Ең алдымен, өзгерістер логистика мәселесіне қатысты болды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді есептеу жүйесі қайта қаралды. Мысалы, егер бұрын өнімді тасымалдауға 2 аптаға дейін уақыт кетсе, қазір дәрі-дәрмекті елдің кез-келген жеріне бір тәулік ішінде жеткізуге болады. Тауарды сақтауға байланысты сұрақта қазір кросс-докинг жүйесі қолданылады.

Қаражат тапшылығы мәселесін шешу үшін екі айлық қор құру туралы шешім қабылданды. Екі айлық тұтыну болжамы жасалды және ең тапшы препараттардың 44 позициясы анықталды. Қазіргі уақытта бұл қор төрт хабта сақталған. Айтпақшы, мұндай шашыраңқы сақтау тәсілі қажетті препараттарды өңірлерге тез таратуға мүмкіндік береді.

«Осылайша, жүйе қазір анағұрлым үйлесімді жұмыс істеуде: шамадан тыс тұтыну орын алғанда, біз күн сайын тауар береміз және келесі сатып алуды рәсімдейміз. Бұл бізге жарты тәулік ішінде кез келген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік берді», — деді «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналар өндірісі туралы айта келе, Е. Есқалиев қазіргі уақытта «Спутник V» препаратын шығаратын Қарағанды фармацевтика кешенінің жұмысын атап өтті.

«Көптеген сарапшылар тез әрекет етуді, өндірістің жолға қойылғанын атап өтті. Бүгінгі таңда бұл жалғыз вакцина жинаушы, бұлай ешбір елде жасалмайды. Өз кезегінде бұл да серпіліс. Мәселе мынада, 2 млн дозаға қол қойылған тұрақты квотамыз бар, бұл көлемнің бір бөлігі Ресейден алынды, қазір негізгі бөлігі Қарағанды фармацевтика кешенінен алынады», — деді «СК-Фармация» басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, Қазақстан қазір өз вакцинасын шығаруға дайындалуда. Фармацевтика кластерлерін дамытуға Big Pharma ірі инвесторларын тарта отырып, Қазақстан олардың отандық нарыққа келуі үшін күресуде.

Мұның бір себебі —  келісімшарттарды «СК-Фармация»-ға шоғырландыру.

Сондай-ақ Қазақстанның валюталық тәуекелдерден босату тұрғысынан қандай шарттарды ұсына алатынын ескеру маңызды. Roche, Pfizer сияқты компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

«Біз олар қамтамасыз ететін елдік бағдарламалар – Novartis мәселесін жеке қарастырамыз. Бұл жерде біздің тарапымыздан тұтынудың қандай болатыны өте маңызды мәселе. Екіншісі – олардың дәрі-дәрмектердің қандай трендтерін ұсынуы. Біз, мысалы, Ресейдің өзі салмақты бәсекелес екенін түсінуіміз керек. Ал Ресейде нарық кемінде 10 есе көп. Бірақ бізде басқа да артықшылықтар бар – біз кей нәрселерді тезірек жасай аламыз»,  — деді ол.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу