Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай платформасы іске қосылады — ҚР СИМ

Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020, 11:47:41

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау — мемлекеттің маңызды міндеті. Азаматтарды өзінің тұтынушылық құқықтарын білуге кім үйрете алады, шағымдармен кімге жүгінуге болады және тұтынушылардың өтініштерін қарау алгоритмі қандай? Осы және басқа да сұрақтарға, сондай-ақ ведомствоның биылғы қызметінің қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Мұхтар Аяпбергенов айтып берді.

 

— Мұхтар Әуезханұлы, осы жыл қазақстандық тұтынушылар үшін қандай құқықтық инновациялармен ерекшеленді?

— 2020 жылды тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы үлкен өзгерістердің бастауы деп санауға болады. Биыл маусым айында Парламент тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға (бұдан әрі – ТҚҚ) түзетулер қабылдады, олар тұтынушылардың мүдделерін Қазақстан тіршілігінің барлық салаларында бірінші орынға қойды. Олар ЭЫДҰ елдерінде басым және БҰҰ-ның тұтынушылардың мүдделерін қорғаудағы жетекші принциптерінде жазылған.

Біздің тұтынушыларды құқықтық қорғаудың тиімділігіне әсер ететін жаңа тетіктер сатушының тұтынушылардың шағымдарына жауап беру міндеттемесін көздейді. 

Бұл ретте уәкілетті органның — Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің рөлі күшейтіледі. Оған профилактикалық және жоспардан тыс тексерулерді қоса алғанда, мемлекеттік бақылау функциялары берілген. Бұл жосықсыз кәсіпкерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ мен бірден түсіндіріп өтейін: әр мемлекеттік органның тұтынушылардың құқықтарын қорғау функциясы бар, әркім бұл жұмысты өз саласында жүргізуге міндетті.

 

— Алда жаңа жылдық мерекелер келе жатыр, ал карантин жаппай сатып алуға кедергі болмайды. Егер сатып алушының өнімге немесе қызметке көңілі толмаса, ол қандай құқықтарға ие және ол құқығын қалай қорғай алады?

— Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бүкіл жүйесі биыл тұтынушының құқықтарын қамтамасыз ету алгоритміне негізделіп қайта құрылуда. Ол үшін біз тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы жүйесін енгіздік.

Сонымен, бірінші кезеңде сатушы сатып алушының шағымын өз бетінше немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарын тарта отырып қарауға міндетті. Бұл шағымдарды бірден бейбіт жолмен шешуге болатын алғашқы кезең. Бұл жағдайда үкіметтік емес ұйымдар дауды сотқа дейін реттеу субъектілері ретінде әрекет етеді.

Екінші саты мемлекеттің қосылуын қарастырады. Яғни, егер сатушы келіскісі келмесе, шағым Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе басқа мамандандырылған органға жіберіледі. Мысалы, егер сатушы таразыға артық салмақ қосып қойса немесе интернет-дүкен тауарды жібермесе, онда бұл алаяқтық ретінде есептеледі және Ішкі істер министрлігіне қатысты жұмыс болып табылады.

Уәкілетті органға шағым беру қажеттілігі туралы шешімді тұтынушының өзі қабылдайтынын түсіну керек. Тұтынушының бастамасы оның жосықсыз кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту ниетіне байланысты.

Сотқа жүгіну, іс жүзінде, шағымды қараудың соңғы сатысы. Қазіргі таңда сот жүйесінің тұтынушылардың мүдделерін қорғауға қайта құрылуы өте маңызды. Яғни, сот тұтынушының пайдасына шешім шығаруға әрекеттенеді. 

Осылайша, біз кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдарға бірінші кезекте мемлекеттің қатысуынсыз мәселені шешуге мүмкіндік береміз. Тұтынушыларға да, бизнеске де және мемлекеттік органдарға да ыңғайлы болуы үшін келесі жылдан бастап Шағымдарды қабылдау мен қараудың бірыңғай ақпараттық жүйесі e-tutynushy.kz іске қосылады.

 

— Бұл жүйенің ыңғайлылығы неде?

— Біріншіден, порталдың мобильді нұсқасы бар, ол тұтынушыға тауардың немесе қызметтің сапасына бұзушылық анықталғаннан кейін дереу шағым жіберуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жүйе өтініштерді берудің және оларды қарауды бақылаудың бірыңғай терезесі болып табылады. Мұндай тәсіл пайдаланушы үшін мемлекеттік органдармен және бизнеспен қарым-қатынас жасау рәсімін барынша жеңілдетеді. Цифрлық жүйе бұл шағымды қай мекемеге жіберу керектігін автоматты түрде анықтайды. Тұтынушыға адресат, өтінішті қарайтын және кейіннен қарау нәтижесін алуға болатын тұлға көрініп тұрады.

Бірақ ең бастысы – шағымды кәсіпкер көріп отырады. Сондай-ақ ол 10 күн ішінде мәселені өз бетінше шеше алады, яғни тұтынушының заңды талаптарын қанағаттандыра алады. Егер бұндай әрекет жасалмаса, процеске мемлекеттік органдар автоматты түрде қосылады. Ал бұл бизнеске салынатын айыппұл санкцияларына әкеледі.

Әрбір сауда субъектісіне QR-code түрінде сауда орындарында көрінетін жерде орналастырылатын бірегей сәйкестендіргіш беріледі. Мәселен, дүкеннің алдыңғы есігінде немесе тауарды сату орнында. Егер сатып алушы өзінің құқықтары бұзылды деп есептесе, ол QR-кодты сканерлеп, жүйеге кіреді және оның сатушының, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің, мемлекеттік органның атына шағым жолдауға мүмкіндігі болады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін жүйеде дау нысанасына және қызмет көрсету саласына байланысты шағымдардың бірқатар үлгілік формалары, дауларды қарайтын «қорғаушылар» мен субъектілердің тізбесі мен байланыс нөмірлері орналастырылады.

 

— Бұған дейін сауда және интеграция министрі мемлекеттік органдардың қызметіне олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмысы тұрғысынан талдау жүргізілетінін айтқан болатын. Бұл қалай көрініс табады?

— Бұл e-tutynushy.kz порталы деректерінің көмегімен де жүзеге асырылады. Қазір осындай жұмыс жүргізіліп жатыр, бірақ “қол” режимінде, өйткені осы жылға дейін өтініштердің негізгі бөлігі қағаз түрінде келіп түсті. Біз жүйеде жаңа шағымдар ғана емес, “тарихи деректер” де сақталатын болады деп жоспарлап отырмыз. Яғни, соңғы жылдардағы ТҚҚ саласындағы өтініштерді де енгізгіміз келеді. Бұл талдауды жақсартады және өзгерістер динамикасын бақылауға жол ашады.

Тұтынушылардың шағымдарын талдау нәтижелері жыл сайын Үкімет жанынан құрылған Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің қарауына шығарылатын болады. Кеңес отырыстарында мемлекеттік органдар жұмысының қорытындыларын талқылау, олқылықтарды анықтау және тиісті шешімдер қабылдау жоспарлануда. Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі 19 мемлекеттік орган мен 200-ден астам үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қамтиды. Бұл жұмысты үйлестіру бізге жүктелген.

 

— Құқықтарды қорғаудың жаңартылған жүйесінде үкіметтік емес сектордың рөлі қандай?

— Шын мәнінде, ол тұтынушы мен сатушы арасындағы басты делдал болуы керек. Өкінішке орай, біз азаматтарымыздың басым бөлігінің өздерінің тұтынушылық құқықтары туралы білмейтінін немесе оларды қалай қорғау керектігін білмейтінін көріп жүрміз. Ал ТҚҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдар – бұл саланың қыр-сырын жақсы білетін кәсіби заңгерлер. Біз дәл солар халықтың өздерінің тұтынушылық құқықтары туралы білуінің негізгі ойыншылары болады деп сенеміз.

Бұдан өзге, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін құқықтық қорғау бойынша консультация беруге тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс берілетін болады.

Сонымен қатар тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бизнестің сапалы (тұтынушы үшін) жұмысына қоғамдық бақылау жүргізу құзыреті беріледі.

 

— Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу деңгейі қандай?

— Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеп тұрған тұтынушылардың 65 қоғамдық бірлестігі бар, олардың 40-ы бізбен өзара белсенді әрекет жасайды.

Сауда министрі Бақыт Сұлтанов бір сөзінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдарды бірыңғай Ұлттық қауымдастыққа – «Атамекен» ҰКП-ның аналогына біріктіру идеясын айтты. Көптеген ҮЕҰ бұл идеяны қолдады — еліміздің 15 өңірінен 30 қоғамдық ұйым Қазақстанның республикалық тұтынушылар қауымдастығына бірікті. Біз бұл Қауымдастықпен де тығыз байланыс орнаттық.

Сауда министрлігінің тағы бір бастамасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінде азаматтық сектордың рөлін нығайту үшін омбудсмен институтын енгізу болды. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар омбудсменнің кандидатурасын анықтау бойынша бір-бірімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұл өте маңызды қадамдар. Өйткені, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы азаматтық сектордың бірігуі неғұрлым тиімді бақылау жүргізуге және, ең бастысы, бизнесті тұтынушылардың мүддесі үшін жұмыс істеуге ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, мемлекеттік саламен нәтижелі ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Оның ішінде заңнамалық рәсімдерді жетілдіру тұрғысынан тиімді. Мұны шет елдердің осыған ұқсас тәжірибесі дәлелдейді.

 

— Биыл Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне қазақстандықтардан қанша өтініш келіп түсті?

— 2020 жылдың 10 айында Комитет пен аумақтық департаменттерге 17 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге жуық көп.

Біз сондай-ақ шағымдар формасы бойынша статистика жүргіземіз, жалпы санынан жазылғаны – 5079, «жедел» желіге түскені – 9370, Telegram bot-қа келгені – 2033, азаматтарды қабылдау кезінде – 907, министр блогына – 87, төраға блогына – 331 өтініш келіп түсті.

 

— Қазақстандықтар не нәрсеге жиі шағымданды, өтініштердің сипаты өзгерді ме?

— Шын мәнінде өтініштердің сипаты аздап өзгереді, егер осы жылды алатын болсақ, көбінесе көлік қызметтеріне – 6920, бөлшек саудаға – 4560, тұрмыстық қызметтерге – 2553, туристік қызметтерге – 1976, байланыс қызметтеріне – 546 және т. б. шағымданған.

Көлік қызметтері бойынша орындалмаған әуе рейстер үшін қаражының қайтарылмауы, бөлшек сауда бойынша – сапасыз тауарларды сату, сатып алушыға тауар туралы толық және сенімді ақпаратты ұсынбау, тауарларды айырбастаудан/қайтарудан бас тарту және тұтынушыларды алдау мәселелері туындайды. 

Тұрмыстық қызмет көрсету саласында жиһаз жасау және оны жөндеу сапасы, сұлулық салондарының жұмысы және тұрмыстық техниканы сапасыз жөндеу мәселелері азаматтардың көңілінен шықпайды. 

Туристік қызметтерге тоқталсақ, онда бұл жүзеге аспаған туристік сапарлар үшін ақшаны қайтармау, байланыс қызметтері бойынша – сапасыз интернет ұсыну, тұрғын үй кешендерінде интернет пен ТВ қосу кезінде операторды таңдау құқығының болмауы және т. б.

 

— Бұл мәселелер қалай шешілді, қанша шағым қанағаттандырылды?

— Қанағаттандырылған өтініштердің саны 6995 құрайды, өтініштердің жалпы санынан басқа мемлекеттік органдарға бағытталғандары да бар, олардың саны 3258, ал 7409 өтініш бойынша түсініктемелер берілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушыларға 166 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Сондай-ақ, «Бек Эйр» әуе компаниясы жүзеге аспаған рейстер үшін ақшаларын қайтармаған азаматтардың мүдделерін қорғау бойынша жүргізілген жұмысты атап өткен жөн. Осылайша, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің үш талап-арызының нәтижесі бойынша сот шешімімен «Бек Эйр» әуе компаниясы 1525 тұтынушыға 93,9 млн теңге қайтаруы тиіс. 

2020 жылғы 20 қарашада комитеттің 121 тұтынушының мүддесі үшін 7,6 млн теңге сомасына төртінші талап арызы берілді.

 

— Сұхбат бергеніңізге рақмет!


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қаңтар 2021, 12:54
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.