Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Өңірлерді дамытудың жаңа бағдарламасының нәтижесінде 3,5 мың ауылдық елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымы жаңғыртылады — Е. Алпысов

Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019, 18:46:00

Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде қолданыстағы салалық бағдарламаларды оңтайландыру мақсатында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы қабылданған болатын. Оған «Аймақтарды дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді баспана-2020», сондай-ақ шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жобасы енгізілген еді. Атап айтқанда, бағдарлама өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыруды көздеді. Осы уақытқа дейін бағдарлама аясында қандай жұмыстар атқарылды, оның ішінде қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша не істелді? Жалпы, бағдарламаны іске асырудың салмақты нәтижелері қандай? Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Ермек Амантайұлы Алпысов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында толығырақ айтып берді.

— Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру қорытындысы бойынша қандай жұмыс атқарылды? Өңірлер экономикасын дамытуда қандай нысаналы индикаторларға қол жеткізілді? 

— Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы 2014 жылы қабылданған болатын. Оның негізгі мақсаты – урбандалу деңгейін көтеру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру болды. 2015 жылы еліміздегі урбандалу деңгейі шамамен 56% болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 58,2%-ға дейін жетті. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы 2017 жылға дейін жеке бағдарлама ретінде іске асырылған болатын, ал қазір ол «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына кіріктірілген. Сонымен қатар, биылғы жылға дейін өңірлерді сумен қамту мәселесі де осы бағдарлама арқылы шешіліп отырды. Ал 2020 жылдан бастап бұл мәселе де «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының қорытындысы бойынша, қалаларды сумен қамту мәселесі 94,5%-ға дейін жетті, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 60%-ға жетіп отыр. Жаңа бағдарламада алдыңғы бағдарламаның негізгі бағыттары сақталып қалады, тек индикаторлары өзгереді. 

 

— Қандай аймақтарда бағдарлама облысты кешенді жаңғыртуда оң нәтижелер көрсетті, ал қандай аймақтарда әлі де жұмысты жалғастыру керек?

— Өздеріңізге белгілі, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 28 жыл ішінде еліміздегі республикалық маңызы бар ірі қалалардың саны бірден үшке дейін жетті. Бұрын ірі қала санатында Алматы ғана болса, қазір миллион тұрғыны бар қалалар қатарына Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары қосылды. 

Сумен қамту индикаторы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Атырау, Маңғыстау облыстарына тиесілі. Алайда, ауылдық елді мекендерде әлі де шешімін күткен проблемалар бар. Ең төменгі көрсеткіштер Павлодар, Қостанай облыстарында тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта барлық өңір жіті бақылауға алынған. Жаңа бағдарлама бойынша қаражаттың басым бөлігі осындай өзекті мәселелері көп өңірлерге бөлінеді деп жоспарланып отыр. 

— 2019 жылы қалалар, аудан орталықтары мен ауылдардың инфрақұрылымы қаншалықты жетілдірілді? Қандай бағыттарға баса мән берілді? Бірінші кезекте қай аймақтарда объектілерді салу және қайта жөндеу жүргізілді?

— Биыл өңірлерді дамыту бағдарламасына жаңа жобалар енгізілді. Мысалы, осыған дейін тек ірі қалалар мен облыс орталықтарының, моноқалалардың инженерлік жүйелерін ретке келтіру жұмыстары атқарылған болса, 2019 жылы ірі қалалардың шет аймақтары да қамтылды. Бұл жұмыстарға 30 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде 43 жоба бойынша жоспар жүзеге асырылуда. 2021-2022 жылдары бұл жоба әрі қарай өз жалғасын таппақ.

Өздеріңізге белгілі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы қолға алынды. Бұл ретте, Ұлттық экономика министрлігі арнайы әдістеме бойынша әлеуеті бар 3,5 мың ауылды іріктеп, бекітті. Соның ішінде биыл 53 ауылдық елді мекенде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Яғни мектеп, аурухана, спорт нысандарымен қатар су жүйелері, жолдарды жөндеу жұмыстары атқарылды. Ол ауылдарда 700 мыңға жуық адам тұрады. 

Біз осы әдістеме бойынша қазір аталған 3,5 мың ауылда ауылдықтардың 85%-ы тұратынын анықтадық. 7 жыл ішінде, яғни 2027 жылға дейін біз бұл елді мекендердегі барлық әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуды көздеп отырмыз. Бұл ауыл экономикасын дамытуға оң серпін береді. Жобаны іске асыру нәтижесі бойынша 2027 жылға қарай аталған ауылдық елді мекендерде ел халқының шамамен 90%-ы тұрады деп күтіліп отыр, яғни 7 млн адам сапалы әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылыммен, яғни, мектеп, аурухана, жол т.б. қамтылады. 

 

— «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру ауқымы қандай? Жобаның алдына қандай міндеттер қойылды? 2020 жылы қандай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланған?

— «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру 2027 жылға дейін жалғасады деп жоспарлануда. Жалпы 900 млрд теңге қаражат бөлу көзделген. Жобаның негізгі мақсаты — ауылдық жерлердегі тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыл экономикасын көтеру. 2020 жылы жалпы 80 млрд теңге бөлінбек. Республикалық және жергілікті бюджеттен, сонымен қатар жеке инвестицияларды тартуды көздеп отырмыз. Жалпы 250-ге жуық ауылды елді мекен қамтылады деп жоспарланып отыр. Осы 3,5 мың ауылда 7 млн-ға жуық адам тұрады. Негізгі мақсатымыз — ауылдық жерлердегі өмір сапасын қала деңгейімен теңестіру. Осы бағытта жұмыстар атқарылады. 

 

— Ауылдық елді мекендерде құрылыстарды жүргізу кезінде ауыл тұрғындарының пікірі ескеріле ме?

— Әрине, міндетті түрде ескеріледі. Спорт нысандарын, мәдениет ошақтарын, өзге де қалпына келтіру жұмыстары жергілікті халықпен бірге атқарылады. Сонымен қатар, ауыз сумен қамтуға қатысты мәселелері бар, сумен қамту желілері реконструкциялануы тиіс, электр желілеріне қатысты проблемалар бар т.б. елді мекендерде ауыл тұрғындарының қажеттіліктері ескеріледі. Бағдарлама жобасы кешенді тәсілді қамтиды. Өңірлердің дамытудың жаңа бағдарламасында барлық нысандар, көрсетілетін қызметтер мен игіліктердің тұрғындар үшін барынша қолжетімді болуы қарастырылған. 

 

— 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламаны іске асыру шеңберінде өңірлерде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша қандай жұмыстар жоспарланған?

— Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе сынды ірі төрт агломерацияның маңайы қамтылады. Одан кейін екінші деңгейдегі қалалар, яғни 13 облыс орталығы мен Семей қаласын осы бағдарлама шараларымен қамту көзделген. Сондай-ақ 18 урбандалу орталығы және жоғарыда аталған 3,5 мың ауылдық елді мекенде бағдарламаны іске асыру жалғасады. Аталған бағыттардағы жұмыстарды жүзеге асыруға бюджет қаражатымен қатар, жеке инвестициялар да тартылатын болады. 

 

— Алдыңғы бағдарламаға қарағанда, жаңа бағдарламаның мақсатты бағыты қаншалықты өзгерді? Екінші бесжылдықта бөлінген қаражаттың негізгі пакеті қандай жобаларға бағытталады?

— Бағдарламаға бөлінген қаражат бірінші кезекте инфрақұрылымдық жобаларға бағытталады, яғни инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға күш саламыз. 7 жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыруға 900 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді деп шамалануда. 

 

— Сұхбатыңызға рахмет! 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.