Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі, кадрлар даярлау және инвесторлар тарту — ЖЭК дамуы туралы А. Соспанова

Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2019, 14:54:33

ҚР Үкіметі Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесі елімізде ЖЭК дамытуға елеулі серпін берді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы құрылды, ол жоғары технологиялық өндірістер саласында бірлескен жобаларды ілгерілетумен айналысады. «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Үкіметке жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту жұмыстарын жандандыруды тапсырды. PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында аталған жұмыс туралы толығырақ ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова айтып берді. 

— Айнұр Сапарбекқызы, Нұр-Сұлтанда 25 қыркүйекте 2019 жылдың басты «жасыл» шарасы — ІІІ халықаралық жаңартылатын энергия көздері саммиті өтті. Сондай-ақ, жақында сіз ХІІ Kazenergy Еуразиялық форумына белсене қатыстыңыз. Бізге мәлім болғандай, күн тәртібінде «жасыл» энергия көздері мәселесі белсенді түрде талқыланды. Жалпы форумның қалай өткенін және еліміз жаңа «жасыл» технологияларды енгізу бойынша әлемдік күн тәртібінде қандай деңгейде тұрғаны туралы айтып берсеңіз.

— Бүгінгі таңда «жасыл» күн тәртібі — бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлемдегі өзекті тақырыптардың бірі. XII Kazenergу Еуразиялық форумының алаңында, Жаңартылатын энергияның ІІІ Саммитінде Қазақстанның энергетикалық болашағы өте қызу пікірталастарда талқыланды. Әлемдік аренада бұл өте өзекті тақырып. Жақында ғана БҰҰ Бас ассамблеясы да осы тақырыпты талқылады. Қазақстан Президенті осыған қатысты түсініктеме берді. Өте маңызды тақырып, ол ғаламшардың болашағына әсер етеді. Қазақстан бұл процестерден тыс қала алмайды. Бізде көмірсутектердің мол қоры, пайдалы қазба көздері бар. Бізде қазба көздері бар екеніне сеніп, болашақта ғаламшарда не болатыны туралы ойланбай жүре беруге болмайды. Сондықтан, 2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы қабылданды. Қазақстан экономикасын жасылдандыру үшін үлкен әлеуеті бар салалар анықталды. Энергетика және жаңартылатын энергия көздері елеулі әлеуетке ие. Тұжырымдамада біз 2020 жылға дейінгі қысқа мерзімді перспективада да және 2030-2050 жылдарға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада да дамытатын индикаторлар көрсетілген. Бұл индикаторлар 2020 жылға қарай 3%, 2030 жылға қарай 10% және 2050 жылға қарай жаңартылатын баламалы көздерді ескере отырып, энергияны тұтынудың жартысы — шын мәнінде халықаралық климаттық өзгерістермен күресте Қазақстанның қосар үлесі болуы мүмкін.

XII Kazenergу Еуразиялық форумы, Жаңартылатын энергияның III Саммиті аясындағы пікірсайыс алаңдары туралы айтатын болсақ, онда мемлекеттік органдар деңгейінде де мәселе шешіміне қызығушылық танытқандарды, инвесторлардың да үлкен қызығушылығын байқадық. ЖЭК бүгінгі таңда инвесторлар үшін өте тартымды бола бастады. Бұған біздің соңғы 10 жылда жүргізіп отырған саясатымыздың арқасында қол жеткізілді. 2009 жылы жаңартылатын энергия туралы заң қабылданды. Биыл жазда біз осы заңның 10 жылдығын атап өттік. 2013 жылы біз заңға өзгерістер енгізіп, бекітілген тарифтер мен жаңартылатын энергия көздерін есеп-қаржы орталығының бірыңғай сатып алушысы түсінігін енгіздік.

— ЖЭК-ге бекітілген тариф деген не?

— ЖЭК бекітілген тарифі — бұл мемлекет өндірілген энергияны жаңартылатын энергия көзін салған инвестордан сатып алуға міндеттелетін тариф. Есеп-қаржы орталығы осы инвестормен 15 жылдық келісімшарт жасасады, ол осы энергияның барлығын сатып алады. Бұл 15 жылдық белгіленген тарифді есеп-қаржы орталығы береді. 2014 жылы біз Үкіметтің қаулысымен жел, күн, гидроэнергетика және биогаз қондырғыларына белгіленген тариф қабылдадық. 2014 жылдан бастап сектор белсенді дамып келеді.

— Kazenergу Еуразиялық форумында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңартылатын энергетика қоржыны 3 мыңнан астам мегаваттан астам кеңейіп, өндіріс көлемі 31%-ға артқанын атап өтті. Бұл нені білдіреді? Бұл тарифтің төмендеуіне әсер ете ме? Себебі, мәлім болғандай, бұл айтарлықтай қымбат тұратын энергия. 

— Инвесторлар мен есеп-қаржы орталығы арасында жасалған келісімшарттар 3 мың мегаваттқа жақындады. Қазақстан үшін бұл әсерлі көлем. Бүгінгі таңда белгіленген қуаттылығы 930 мегаватт болатын 81 нысан жұмыс істеп тұр. Таяуда ғана Қарағанды облысындағы қуаттылығы 50 мегаватт болатын тағы бір станция пайдалануға берілді. Бұл – күн станциясы. Неміс инвесторы қазірдің өзінде Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын белсенді түрде дамытуда. Жақын уақытта жаңа нысандар кезең-кезеңімен еліміздің энергетикалық теңгеріміне енгізілетін болады. Қазіргі таңда есеп-қаржы орталығының портфелінде тұрған осы 3 мың мегаватт біртіндеп салынып, еліміздің энергетикалық теңгеріміне енгізілетін болады. Бұл біз үшін нені білдіреді? 2018 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия үлесі барлық өндірілген электр энергиясының 1,3% құрады. 2019 жылдың соңында біз бұл үлес 2,3%-ға дейін өседі деп болжап отырмыз. Осы жылдың ішінде бізде нысандар белсенді түрде пайдалануға беріліп жатыр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 980 мегаватт жұмыс істейтін болады. Бұл – 86 жоба.

— Бүгінде қанша ЖЭК жобалары іске қосылған?

— Осы 86 жобаның 81-і қазір жұмыс істеп тұр. Еліміздің түрлі аймақтарында тағы бес нысан іске қосылады. Бұл біз үшін 2020 жылдың аяғына алға қойған мақсаттарымыз — 3%-ға қол жеткізуге болатындығының жақсы белгісі. 

— ЖЭК нысандарын іске асыруда негізінен шетелдік инвесторлар белсенді түрде атсалысады ма әлде отандық инвесторлар да осыншалықты қызығушылық таныта ма? Қазақстандық компаниялар қаншалықты белсенді?

— Қазақстандық компаниялардың белсенділігі ауқымды. Қазақстандық компаниялардың міндеті — сапалы жобаларды дайындау арқылы шетелдік инвесторларды тарту. Қазақстандық компаниялардың жақсы шетелдік инвесторлармен өзара әрекеттесуінің ымырасы осы. Неміс инвесторлары да, британдық инвесторлар да бізде белсенді жұмыс істейді. Испан инвесторлары дами бастады. Shell, Eni, Total, Iren сияқты мұнай компаниялары жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды дамытуда және келесі жылы Қазақстанда мұнай компанияларының алғашқы жобалары жұмыс істейтін болады. Біз үшін бұл Қазақстанда мұнай-газ саласында 20 жылдық тәжірибесі бар тұрақты инвесторлардың жаңартылатын энергия көздеріне келуінің жақсы белгісі. Бұл өте жақсы. Біз Қазақстанды, біздің заңнамамызды жақсы білетін осындай инвесторлардың тізімі Қазақстан туралы жақсы біліп келеді және жаңаратын энергия көздеріне үлестерін қосатын болады деп үміттенеміз.

— Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қайта оралайық. 86 жоба – бұл әрине, жаңа жұмыс орындарының құрылуы. Осы кәсіпорындарға қазақстандықтардың жұмысқа орналасуына байланысты қандай да бір статистика бар ма? 

— Әрине, жобаларды іске асырудың түрлі кезеңдерінде жобаларға жұмысшылардың түрлі саны тартылады. 50 мегаваттық күн жел станциясы жобасының салынуы кезінде жобаны іске асыруға 300-ге дейін құрылысшы тартылатын болады. Ал жоба салынып біткен соң ондағы қызметкерлер саны 10-нан 30-ға дейін болады. Құрылыс кезінде жұмыс істейтін осы 300 құрылысшының басым бөлігі — қазақстандықтар. Жоба пайдалануға берілген соң осы адамдар күзетке, нысанды сүйемелдеуге тартылады, нақты айтқанда, жақын маңдағы кенттердің жергілікті тұрғындары тартылады. Бұлар ірі қалалардан алшақ жатқан өңірлер болғандықтан, бұл жерлерде құрылатын әрбір жұмыс орнының маңызы зор. 

Тағы бір әлеуметтік тиімділігі — өңірлерге салық түседі. Себебі осы өңірде құрылатын әрбір кәсіпорын осы жердегі кәсіпорынды тіркейтін болады, өйткені жер телімі бөлініп, жоба іске асырылады. Олар нақты осы өңірге салық түсіреді. Бұдан өзге, көптеген жобалар әлеуметтік-корпоративтік жауапкершілігі бойынша – қандай да бір жолдарды, кірме жолдарды салу, елді мекен көшелерін жарықтандыру, балалар алаңдары мен спорт алаңдарын салу бойынша міндеттемелер алады. Осы елді мекенге бұл жобаның қандай пайдасы болатыны туралы қоғамдық тыңдаулар кезінде талқыланады, барлық жобалар қоғамдық тыңдаулардан өткізілуі тиіс. Жобаны іске асыратын компания өзіне нақты міндеттемелер алады, тұрғындар өздеріне, осы кенттің азаматтарына бұл жобаның игіліктер әкелетінін түсінеді. 

Тағы бір маңыздысы, осындай әрбір елді мекенде мектептер, балалар бар, олар электр станцияларының мысалында оның мән-маңызын түсіне бастайды. Мүмкін осындай жобалардың арқасында көптеген оқушылар энергетика саласына қызығушылық танытып, инженерияға бет бұрып, жақсы электрэнергетика болып, кейіннен өмір жолдарын осы станцияларда жалғастыратын болады. Ең жақсы тиімділігі де осы — біздің болашағымызбен байланысты болуы. 

— Бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзімізде қолданбалы зерттеулер жүргізіп, мамандар даярлау үшін өзіміздің энергетикалық әлеуетімізді құруды тапсырған болатын. Кадрлар даярлау мәселесі қалай, гранттар бөлініп жатыр ма? 

— Бізде электр энергетикасы саласындағы мамандар оқытылып шығарылатын университеттер бар. Оқытушылары жаңартылатын энергия көздерінің технологиясын білетін арнайы пәндер бар, жаңа мамандар біртіндеп дайындалуда. Қазір іске асырылып жатқан жобалар үшін әрине, онымен жұмыс істей алатын жаңа кадрлар қажет. Жаңартылатын энергия секторымен қатар жаңа тиісті салалар дамып жатыр: жаңартылатын энергетика секторы үшін жобалаумен, консалтингпен, заң қызметтерімен байланысты көрсетілетін қызметтер. Бұлар – елімізде біртіндеп пайда болуы тиіс және пайда болып жатқан жұмыс орындары мен мамандықтар. Себебі, бизнес әрдайым мемлекеттің қажеттіліктеріне икемделеді. Біз мұны жаңартылатын энергетика секторында байқап отырмыз. Жаңартылатын энергетика секторы үшін қызметтерді тұрақты түрде көрсететін және жаңа жұмыс орындарының пайда болуының драйвері болып отырған қазақстандық компаниялар қазірдің өзінде бар. 

Біз университеттермен белсене жұмыс істейміз. Олардың қатарында Назарбаев университеті, Алматы энергетика және байланыс институты, Қазақстан-неміс университеті бар. Жазда біз экспедиция өткіздік, онда Орталық Азияның студенттері Қазақстанның оңтүстігіндегі, Қырғызстандағы, Өзбекстан мен Тәжікстандағы көптеген жаңартылатын энергетика нысандарын аралап, бұл елдерде қандай жаңартылатын энергетика жобалары бар екенін көрді. Бұл бастаманы Энергетика министрлігі қолдады. Біз жаңартылатын энергетика кәсіпорындарынан студенттерге барлығы жайлы айтып берулерін өтіндік. Біз бұл тәжірибе ауқымын кеңейтеді деп үміттенеміз. Өйткені 20 күнін жұмсап, осы 20 күн ішінде зор тәжірибе жинақтағандар бұдан әрі осы салаға маманданатынын біз түсінеміз, себебі ол не үшін, неге оқып жатқанын, өзінің нені қалайтынын біледі. 

— Сіз жыл соңына дейін 86 ЖЭК жобасы іске асырылатынын айттыңыз. Бұл жобалар ел экономикасына қанша шетелдік инвестиция тартатын болады? 

— Егер бағалау тұрғысынан айтатын болсақ, онда 2019 жылдың қорытындысы бойынша бізде бекітілген қуаттылығы 960 мегаватты құрайтын 86 нысан болады. Мұны біз $1 млрд көлемінде бағалап отырмыз. Бұл инвестициялар жұмыс орындарын құрып, салық төлеп, «жасыл» энергияны өндіруге мүмкіндік береді. Бұдан өзге, әрине, бұл инвестициялардың тиімділігі — жаңа саланың құрылуы және біздің қазақстандық мамандардың оқытылуы. Мұнда Kegoc жүйелік операторы да, желілік ұйымдар да тартылған.

— Қазақстанда қандай ЖЭК түрлері белсене дамып жатыр? Күн әлде жел? ЖЭК өңірлер бойынша қалай дамуда? Бізге белгілі болғандай, бірқатар жобалар Алматы облысында жүзеге асырылған. Қалған өңірлерде қалай іске асырылуда? 

— Егер өңірлер бойынша айтатын болсақ, онда Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарын көш басына қояр едік. Егер күн энергетикасының ірі жобалары туралы айтатын болсақ, онда бізде Алматы облысында 100-мегаваттық станциялар бар — Қапшағай маңында жуырда қыркүйекте 100 мегаваттық күн станциясы ашылды. Мұндай станциялар Қарағанды облысындағы Саран қаласында және Жамбыл облысындағы Бурное кентінде бар. Егер жел жобалары туралы айтатын болсақ, Жамбыл облысында 50 мегаваттық станциялар, Ақмола облысының Ерейментау қаласында 45 мегаваттық станциялар, Маңғыстау облысында 42-мегаваттық станциялар бар. Жел станциялары біртіндеп пайдалануға беріліп жатыр. 100 мегаваттық станцияның бірінші кезегі Нұр-Сұлтан қаласының маңында пайдалануға берілді. Келесі жылы бұл станцияның 100 мегаваты толық пайдалануға беріледі. Бұл ең ірі жел жобасы болады. Ақмола облысы жаңартылатын энергетиканы белсене дамытуда. 

Егер жоба іске асырылатын жерді қандай қағидатқа сүйеніп таңдайтынымыз туралы айтатын болсақ, онда әрине, ресурстың өзінің болуы аса маңызды. Бізде жел мен күннің “кені болатын” жерлер өңірлер тұрғысынан қалай орналасатынын көрсететін жел және күн атластары әзірленген. Олар ғаламторда ашық жарияланған. Көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстанға осы атластардың арқасында келді. Бұл жұмысты біз БҰҰ даму бағдарламасымен бірігіп жасадық. Бұл жұмыс Қазақстандағы жаңартылатын энергетика әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді. 

Жүзеге асырылуы тиіс тағы бір маңызды қадам — бұл Қазақстан өңірлерінің қай жерлерінде желілік шаруашылық қолжетімді болатынын зерттеу. Себебі желідегі жаңартылатын энергия көздерін кіріктіру – бұл шешілуі тиіс ең күрделі әрі маңызды мәселе. Қазақстанда жерлердің қолжетімділігі жоғары. Біздің жеріміз көлемді, бірақ желілердің жаңартылатын тәрізді тұрақсыз энергия көздеріне кірігу мүмкіндігі үнемі бола бермейді. Егер күн жарқырап, жел соғып тұрса, онда энергия жасалады. Бұл ресурс болмаған жағдайда станция электр энергиясын жасай алмайды. Желі осы электр энергиясының жоқтығын реттеуі тиіс, яғни, жаңартылатын энергетика интеграциясы — бұл инвесторлар шешуі тиіс мәселе. 

Жаңартылатын энергетика осы электр энергетикасына сұраныс бар жерде орналастырылуы керектігін түсіну маңызды. Біз бұл энергияны аса қашық жерлерге тасымалдай алмаймыз – бұл шығынға батырады, экономикалық тиімділігі де болмайды. Сондықтан оны қажеттілік болған жерде дамыту қажет. Негізінен жаңартылатын энергия көздерін жаңа өндірістер дамып жатқан еліміздің оңтүстігіне орналастыру жоспарланған. Сондықтан бұл жерде біз жаңартылатын көздерді Қазақстанның осындай электр энергетикасына деген қажеттілігін ескерумен дамытып жатырмыз. 

— Сұхбатыңыз үшін рахмет! 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды
23 Маусым 2020, 10:11
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
23 Маусым 2020, 10:08
Б. Атамқұлов жылыту маусымы туралы: денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді
23 Маусым 2020, 09:57
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде 8 энергоблокты, 59 қазандықты, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған — Энергетика министрлігі
23 Маусым 2020, 09:34
2019 жылы шағын және орта бизнес 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірді — ҚР ҰЭМ
22 Маусым 2020, 16:34
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.