Қасым-Жомарт Тоқаев С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ аграрлық білім мен ғылымды жетілдірудің жағдайы мен перспективалары туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті университеттің қол жеткізген табыстарын атап өтіп, ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік беретін аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу