Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ

Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2020, 11:16:49

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады. 

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру халықтың әл-ауқатының маңызды аспектілерінің бірі екендігін атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы тұтынушылардың саны 18,7 млн адамды құрайды, олар күн сайын 6 млн аса тауарлар мен қызметтерді сатып алу транзакцияларын (кассалық-бақылау аппараты көмегімен бөлшек саудадағы операциялар саны) жүзеге асырады.

Биыл қазақстандық тұтынушылар бөлшек сауда желісі арқылы 6,8 трлн теңгеге тауар сатып алып, 4 трлн теңгеге қызметтерді тұтынған.

Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтың айтуынша, олардың ішінде сауданың негізгі үлесі тамақ өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тұрмыстық заттарға, жылжымалы және жылжымайтын мүлік операцияларына, демалыс қызметтеріне тиесілі.  

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесіне 19 орталық және 17 жергілікті атқарушы орган кіреді. Тізілімге сәйкес, мемлекеттік органдар квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірге жеке тұлғаларға білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс және т.б. салаларда барлығы 574 қызмет көрсетеді. Бұл ретте, жүйенің бірде-бір қатысушысы тұтынушының мүддесіне толық көңіл аудармайды. Сондықтан, тұтынушылар құқығын қорғау деңгейінің төмендігі, бұрмаланған статистика және «қайталанатын қателермен жұмыс істеуге» деген қызығушылықтың жоқтығы байқалады», — деді Б. Сұлтанов.

Статистика тұтынушылардың қанағаттанбауы үнемі жоғары деңгейде қалып отырғанын көрсетеді. Тұтынушыларды мазалайтын сұрақтар жалпы жылдан-жылға қайталанып отырады, олар, әсіресе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, бөлшек сауда, медициналық қызметтер және көлік салаларында.

«Биыл тек Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 8 мыңға жуық азамат шағымданды, ал мемлекеттік органдар бойынша толық статистика жыл соңында жасалады. Бүгінде өтініштерді жинақтау мен талдау «қолмен басқару» режимінде жүргізілетінін және мемлекеттік органдардың жұмысын бағалайтын, сондай-ақ толық көріністі қалыптастыратын автоматтандыру мен жеткілікті мағлұмат жоқ», — деді сауда және интеграция министрі.

Аталған бірқатар мәселелер ағымдағы жылдың шілдесінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға енгізілген түзетулер арқылы шешілетін болады. Заңды әзірлеу барысында министрлік алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерттеді. Оның тұжырымдамалық негізіне ЭЫДҰ елдері тиімді пайдаланатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау институтының аралас моделі алынды. Мысалы, Германия, Австрия, Жапония және Литвада мемлекет «ақылды» басқаруды жүргізеді, ал бұзылған құқықтарды қалпына келтірумен сотқа дейінгі реттеу институттары айналысады. Сондай-ақ, Германия, Ресей және Литвада Ведомствоаралық кеңестер қызмет атқарады, онда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың проблемалы мәселелері талқыланады. 

Б. Сұлтанов атап өткендей, шағымдарды қарастырудың үш сатылы жүйесі енгізілді.

Бірінші деңгейде сатушы тұтынушының талабын «қазір және осында» қағидаты бойынша жеке өзі қарауға міндетті. Сондай-ақ, өзара келісім бойынша екі жаққа дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну мүмкіндігі берілген. 

Тұтынушыға екінші деңгейді өту міндетті талап емес, шағымды уәкілетті органға жіберу қажеттілігі туралы шешімді оның өзі қабылдайды. Соңғы деңгейде тұтынушының сотқа жүгінуі көзделген. 

«Біздің ортақ міндетіміз – сатушы мен қызмет көрсетушінің дауларды болдырмауға, ал олар туындаған кезде бірінші деңгейде шешуге мүдделі болатын жағдайларды жасау», — деді Б. Сұлтанов. 

Сот жүйесі осы бағыттағы проблемаларға тұтынушылық көзқараспен қарап, дауларды тез арада шешуге мүдделі болуы керек. 

Сонымен бірге, Заң нормалары азаматтардың тұтынушылық құқықтарының бұзылмауына қоғамдық бақылауды күшейтеді.

Қазіргі кезде елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді.

Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп оларды ірілендіру және салалық негізде нығайту принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл қоғамдық секторға салалық мемлекеттік органдармен толыққанды ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл тұтынушылардың мәдениетін және тұтынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Заңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ведомствоаралық кеңес құру көзделген. Оның отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері талқыланып, кемшіліктер анықталып, тиісті шешімдер қабылданады.

Осы Кеңестің құрамы мен ережесі Үкіметтің қарауында.

Сондай-ақ, министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы атқарылған жұмыстар туралы сараптамалық баяндаманы  жыл сайын Үкіметке ұсынатын болады.  

Құрылып жатқан Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жиналатын мәліметтер аталған проблемаларды жедел және сапалы түрде шешетін жұмыстың негізін құрайтын болады.

Бұл жүйе тұтынушыларды, бизнесті, мемлекеттік органдарды біртұтас экожүйеге байланыстырады және салалар бөлінісінде, даудың мәні мен қарау субъектілері бойынша шағымдарды құрылымдастырып, қадағалауға мүмкіндік береді. Мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдар да жүйенің толыққанды қатысушылары мен бенефициарларына айналады. 

Ақпараттық жүйені пилоттық тестілеу Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті түрде қатысуымен ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған. 

«Сонымен бірге, біз Қазақстандағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін түбегейлі жаңа деңгейге көтеретін бірқатар жаңа бастамаларды ұсынамыз. Біріншіден, тұтынушылардың барлық қоғамдық ұйымдарын біріктіретін, өңірлерде кең таралған өкілдіктері бар Ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құру мүмкіндігін қарастыру», — деді сауда және интеграция министрі.

Екіншіден, үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институтын құру.

Үшіншіден, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде тұтынушылардың мүдделеріне қатысты реттеушілік әсерді талдау және уәкілетті органмен келісу міндеттілігін енгізу.

Төртіншіден, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді министрліктер мен әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына қосу. 

Бесіншіден, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың қызметтерін бағалау көрсеткіштеріне (KPI) тұтынушылар тарапынан қанағаттану мен олардың жұмыстарына сенім деңгейін енгізу.

Алтыншыдан, тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын толығымен ескере отырып, мемлекеттік және жеке ұйымдар үшін Ерікті іскерлік ережелер мен үлгілік келісімшарттарға нормаларды қабылдау.

Жетіншіден, тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін тұтынушылар құқығын қорғау құралдары туралы тегін онлайн дәрістер курстарын өткізу.

Өз кезегінде ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Аслан Түкиев Жоғарғы соттың соңғы заңнамалық өзгерістерді әзірлеуге қатысқанын хабарлады.

 «Біз тұтынушыға сотқа жүгінбей-ақ келтірілген моральдық зиянның өтемақысын төлеу мүмкіндігін оң бағалаймыз, жалпы алғанда, сот жүйесі тұтынушылық дауды реттеудің жаңа тәртібіне сәйкес жұмыс істеуге дайын», — деді А. Түкиев. 

Ағымдағы жылдың сегіз айының ішінде соттарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 677 талапарыз келіп түсті. Оның 385-і қаралып, 306-сы талапкердің пайдасына қанағаттандырылды. Оның ішінде 94 өтініш бойынша бітімгершілік келісімдер жасалды.

«Бұл жақсы көрсеткіштер, бірақ олқылықтар да болды. Позициямызды үйлестіру үшін біз осы аптада Жоғарғы сот басшылығының, министрліктің және мүдделі тараптардың қатысуымен кездесуді жоспарладық. Бұдан басқа, Жоғарғы сот жүйелі бұзушылықтар бойынша тұтынушының белгісіз шеңберінің құқықтарын қорғау практикасын қолдайды. Жоғарғы сотта ұжымдық сот ісі деп аталатын тәжірибе жеткілікті заңнамалық реттеу болмаса да, дамытылып, оған қолдау жасалатын болады», — деді А. Түкиев.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП халықтың тұтыну мәдениетін, өз құқықтарын қорғау жөніндегі құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне баса назар аударуды ұсынып отырғанын, бұл өндірушілерді ынталандыратынын атап өтті. 

«Жүйелі және күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұтынушыларды олардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардар ету қажет. Тұтынушылардың құқықтарын іске асырудың қарапайым алгоритмдері және уәкілетті органның рөлін күшейту арқылы бизнес, тұтынушылар және мемлекеттік орган арасындағы коммуникациялардың тиімді арнасы қажет. Сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру, тұтынушылардың құқықтарын бұзу саласында жеделдетілген сот ісін жүргізу институтын енгізу қажет», — деді А. Мырзахметов. 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбенов 2020 жылғы 25 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бірқатар мәселелерді шешуге, соның ішінде қоғамдық бірлестіктер функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және бизнестің өзін-өзі реттеуң сияқты мәселелерге нақтылық енгізілді.

«Ең бастысы — мемлекет бұл мәселелерді бақылауға алды және оларды қоғамдық ұйымдармен бірлесіп шешуге дайын. Бұрын бұл мәселелер мұндай деңгейде қарастырылмаған. Жақын арада тұтынушылардың құқықтары сапалы қорғалады деп есептейміз», — деді М. Әбенов.     

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қазан 2020, 16:07
Мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту және шығындарын оңтайландыру — энергетика саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылуда
28 Қазан 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.