Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда жыл соңына дейін 26 млн га астам алқапқа топырақтық және геоботаникалық карта әзірленеді — ҚР АШМ

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020, 13:02:53

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында АӨК және жер қатынастарын цифрландыру мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елдегі қазіргі жағдай туралы баяндады.

С. Омаровтың айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру тәуекелдерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мен малдың өнімділігін арттыруға, агротехнологияларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығын цифрландырудың негізгі міндеті – өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында халыққа түрлі қызмет түрлерін көрсету кезінде электрондық форматқа көшу қажеттігін атап өтті. Аталған тапсырманы іске асыру үшін министрлік халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, салалық бизнес-процестерді автоматтандырды және оңтайландырды.

Мәселен, бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 94%-ы автоматтандырылды. Өткен жылмен салыстырғанда халыққа электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 34%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы министрі атап өткендей, мұндай нәтижелерге салалық ақпараттық жүйелерді жаңғырту арқылы қол жеткізілді. Оларды дамыту жұмысын үнемі жалғастырып отыру қажет.

«Қазақстан «Ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіне деректер енгізе отырып, ауыл шаруашылығы малын есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдаланатын Еуразиялық экономикалық одақтағы алғашқы ел. Жүйеде 35 млн астам ауыл шаруашылығы малы тіркелген, онда 4,5 мыңға жуық ветеринария мамандары жұмыс істейді», — деді С. Омаров.

Профилактикалық ветеринарлық іс-шараларды қоса алғанда, малдың толық тіршілік циклын бақылауға арналған жүйені түрлендіру жұмысы үнемі жүргізіледі. Жүйенің дамуын ескере отырып, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі. Мәселен, ветеринарлық паспорттарды электрондық түрде беру туралы ережені заңнамалық түрде бекітіп беру Парламентте қаралуда. Бұл норма ветеринарлық паспорт беруді жеңілдетіп, алуды тездетеді, мемлекеттік шығыстарды айтарлықтай үнемдейді. 

Сонымен қатар, Plem.kz ақпараттық талдау жүйесінде жүргізілетін мал шаруашылығындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты есепке алу бөлек цифрландырылды. 35 мыңға жуық пайдаланушы шығу тегін растау, селекциялық жұмыстар жүргізу және зоотехникалық мәселелерді электрондық форматта регламенттеу мүмкіндігіне ие болды.

«E-Agriculture» Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің функционалы есебінен бизнес-процестерді цифрландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған рәсімдер едәуір жеңілдетілді. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ішкі және сыртқы саудадағы басқа да қатысушылардың мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ, электрондық ілеспе құжаттарды алуға мүмкіндігі бар.

Сонымен қоса, өсімдік шаруашылығында барлық 11 рұқсат беру құжаты цифрландырылды. Мал шаруашылығы саласында 12 рұқсат беру құжатының 10-ы электрондық форматқа ауыстырылды.

Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу, дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу процесі және шағын несиелерді кепілдендіру жөніндегі комиссияның жұмысы 100% автоматтандырылды.

Бүгінгі күні барлық 16 бағыт бойынша, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 7 бағыт, мал шаруашылығы бағытында 4 бағыт және қаржы құралдары саласында 5 бағыт бойынша  субсидиялау 100% автоматтандырылды,.

С. Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды енгізудің әлемдік тәжірибесіне жасалған талдау агроөнеркәсіптік кешенге заттар интернетін енгізу елеулі экономикалық тиімділік беретінін көрсетеді. Мәселен, егіншілік саласында түсімділікті арттырудың орташа көрсеткіші 10%-дан асады, қаражаттың орта есеппен алғандағы үнемделуі – 5-10% шамасында.  

Өз кезегінде, цифрлық шешімдер мен технологияларды енгізу кезінде мал басының өлім-жітімінің төмендеуі және  тиісінше 15 және 10%-ға артуымен мал шаруашылығында қаражаттың орташа үнемделуі 15-20% құрайды.

Бүгінгі таңда фермерлік шаруашылықтарды цифрландыру деңгейлері анықталды. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бағыттарында нақты ауыл шаруашылығын енгізу жұмысы жүргізіліп, енді ол басқа жерлерге таратылуда. Өсімдік және мал шаруашылығы бағытында заманауи смарт-жүйелерді пайдалану оң нәтиже алуға мүмкіндік берді.

Мәселен, нақты егіншілік бойынша пилоттық объектілерде агрономияның жаңа технологияларын қолдану арқылы өнімді 20%-ға артық алуға мүмкіндік туды, бұл ретте фермер шығындары 15%-дан астам қысқарды.

Сондай-ақ, заманауи жабдықтарды қолдану сауылатын сүт көлемінің 20%-дан астам артуына әсер етті, туылған бұзау саны 25%-ға өсті.

Агроөнеркәсіптік кешендегі процестердің 5 жыл ішінде толықтай цифрландырылуы мынадай қосымша нәтиже береді:

- жалпы түсім 20%-ға ұлғаяды;

- еңбек өнімділігі 50%-ға артады.  

Министрдің айтуынша, жер қатынастарын басқарудың базалық құралы Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады, онда жер учаскелері бойынша электрондық форматта 6,5 млн мәлімет, оның ішінде топырақтық, геоботаникалық және ауыл шаруашылығы карталары сақталады.

Халыққа жер қатынастары саласында көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің 15 түрінің 12-сі осы жүйе арқылы көрсетіледі.

«Жер қатынастары саласындағы өзекті проблемалардың бірі — жер учаскесін алу кезіндегі кезекке қоюды тәртіпке келтіру. 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды автоматтандыруды аяқтау жоспарлануда», — деді С. Омаров. 

Министр бүгінгі күні жерді цифрландыру мәселелері бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

2020 жылдың соңына дейін 26 млн га алаңда топырақтық, 25 млн га алаңда геоботаникалық, 6,5 млн га алаңда ауыл шаруашылығы карталары әзірленеді. 2021-2022 жылдары топырақтық және геоботаникалық карталармен қамтуды 40 млн га дейін, ауыл шаруашылығы карталарымен қамтуды 33,2 млн га дейін ұлғайту жоспарланған. 

«Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу шеңберінде цифрлық ауыл шаруашылығы карталарымен бүкіл көлемді қамту жоспарлануда. Мемлекет басшысының жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін ғарыштық мониторингтеу жөніндегі пилоттық жоба жүргізілуде», — деді С. Омаров. 

2020 жылы пилоттық өңірлер ретінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстары айқындалды.

Мәселен, пилоттық өңірлерді ғарыштық мониторингтеудің бірінші кезеңінің деректері бойынша 8,3 млн га пайдаланылмайтын жер анықталды, оның ішінде 2,6 млн га жайылым ерікті түрде мемлекеттік меншікке қайтарылды, 5,7 млн га жер иелеріне бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді.

Осы жобаны жүргізу барысында министрлік жерді ұтымсыз пайдалануды айқындау әдіснамасын одан әрі жетілдіру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пилотқа және оның нәтижелеріне талдау жүргізуде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік жер қатынастары саласында цифрландыру және дамыту мәселелері бойынша заң жобалау жұмыстарын жүргізуде, олар жер берудің қазіргі тәртібін цифрлық технологияларды енгізу жолымен тұжырымдамалық түрде өзгертуді көздейді және тікелей беру жолымен және сауда-саттық жүргізу арқылы жер учаскелерін берудің электрондық тәртібін айқындайды.

Бұл ретте, қағазсыз қызмет көрсету, коммуналдық қызметтермен жер учаскелерін беруді келісу рәсімін автоматтандыру енгізілетін болады.

Өз кезегінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин цифрландыру шешімдерін енгізу және тиімді қолдану үшін тиісті инфрақұрылым қажет екенін айтты.

Ведомство агроөнеркәсіптік кешенде 50 млрд теңгеге жуық инвестиция тартумен мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жобасын ұсынды. 

Цифрлық «ақылды» құралдарды, өлшеу құралдарын және басқа да датчиктерді қосу үшін ақпаратты тасымалдау негізгі мәселе. Бұл жұмыстың аясында спутниктік технологиялар және стандарттарды қолдану бойынша пилоттық жоба жүргізілді. 

Б. Мусиннің айтуынша, жер учаскелерінің шекараларының сәйкессіздігіне байланысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Және әр өңірде аудан деңгейіне дейін 200-ден астам дерек қорлары бөлек пайдаланылуда. Ол ақпараттық қауіпсіздік және адами фактор тәуекелдеріне әкеледі. Қазіргі таңда көптеген координаттық жүйелер қолданылуда. Ал картографияның, геодезияның, навигацияның негізгі жетістіктерін пайдалану үшін бізге қазақстандық координаттық жүйе қажет. 

Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» жобасын 2024 жылға дейін іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жер саласында есептік кадастрының екі түрі қолданылуда, ол 200-ден астам Жер кадастрлары мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» деректер қоры. Жер учаскесі, техникалық сипаттамасы, оның иесі туралы және тағы басқа ақпарат осы екі кадастрда қайталанып тіркеледі. 

Б. Мусин атап айтқандай, оларды біріктіру жер қатынастары бойынша процестерді автоматтандыру құжаттар саны мен қызметті көрсету мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

«Жобаны іске асыру нәтижесінде “Техникалық жағдайы бар жер учаскелерін ұсыну” қызметін онлайн форматта Ақтөбе облысы бойынша пилоттық режимде іске қостық. Жаңа процесті мүлдем өзерттік. Жер учаскесін Ашық кадастрлық карта арқылы онлайн түрде таңдауға болады. Өтініштен бастап бұйрық, әкімнің шешімдері, түрлі актілер мен келісімшарттар, барлық құжаттар электрондық форматта рәсімделеді», — деді Б. Мусин. 

Тағы бір мәселе, ол құрылыс кезінде инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды алудың қиындығы мен ұзақтығы бөлінген жерді уақытылы игеруге мүмкіндік бермейді. 

Сонымен қатар, инфрақұрылым жөніндегі ақпараттың құпиялық шектеулері бар, цифрлық түрде толықтырылған жоқ. Осының салдарынан газ, жылу, электр, сумен қамтамасыз ету бойынша магистралдық желілер туралы ашық ақпарат қолжетімсіз. Инженерлік коммуникацияларды, Бас жоспарлардың бекітілген схемаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын цифрландыру нәтижесінде инженерлік коммуникацияларды одан әрі сапалы дамыту мен жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жобасы шеңберінде әкімдіктер әр өңірдегі түрлі қорғау орындарының, қала құрылыстарының және тағы басқа шекаралары, ғимараттар, көлік желілері, инженерлік коммуникация деректерімен алмасу үшін сәйкес геоақпараттық жүйелерін әзірлеуде.

«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке қою” қызметін алсақ, қазір ол үшін азамат қағаз түрінде өтініш беру қажет. Кезекте тұрғандар және алаңдары дайын жер учаскілері туралы ақпарат тоқсанына бір рет жаңартылады және ол ақпарат әр өңірде түрлі түрде қолжетімді. Бірыңғай автоматты түрде жаңартылатын электрондық кезек тізілімі жоқ.

«Әрине, осындай процестер жемқорлық қауіптерін тудыруы мүмкін және заманауи кезеңге сай келмейді. Ол үшін қызмет көрсету процесін Бірыңғай мемлекеттік кадастры мен “Электрондық үкімет” порталы арқылы автоматтандыруды және бірыңғай электрондық кезек тізілімін құруды ұсынамыз», — деді Б. Мусин.

«Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС басшысы Фарид Абитаев компания қызметінің негізгі бағыттары бірегей тұқымдарды, күнбағыс және дәнді дақылдардың жоғары репродукцияларының тұқымдарын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлық өндірісі, сүт мал шаруашылығы, АӨК-дегі ғылыми қызмет болып отырғанын хабарлады. Кәсіпорынның балансында 10000 га астам ауыл шаруашылығы алқаптары бар.

Кәсіпорын цифрландырудың келесі элементтерін қолданады:

  1. Топырақты агрохимиялық талдау, егістік картасын қалыптастыру;. 
  2. LFS жүйесінің сұйық тыңайтқыштарын және MRP жүйесінің түйіршікті аралықтарын карта бойынша дәл енгізумен сепкіш;
  3. Өріс картасына сәйкес карта бойынша тегістеу фазасында сұйық тыңайтқыштармен 2 реттік бөлшек тыңайтқыш;
  4. DJLINK жүйесімен жабдықталған Джон Дир комбайндарымен жинау, ол түсімділігі бойынша жиналған өнім фактісі бойынша алқап картасын нақтылайды;
  5. Әрбір тіктеуішті бункерлер мен автомашиналар бойынша бухгалтерияға беру үшін GPS-пен өлшеу, есепке алу және бақылау жүйесі бар жинақтаушы бункерлерді қолдану;
  6. Өндіріс пен бақылауды басқару үшін «Cropio» бағдарламасын қолдану.

Мал шаруашылығында:

1. Сауу кезінде сәйкестендіру үшін сиырларда жеке деспондері бар сауу залы және Делаваль компаниясының Альпро табын басқару жүйесі, салқындатқыштың ыдысын әрбір түсіргеннен кейін автоматты жуу жүйесін енгізу;

2. Табынның ветеринариялық салауаттылығы мен өсімін молайтуды басқару жөніндегі «Юниформ-Агри» бағдарламасы орнатылды;

3. Сүт сынамаларын іріктеу және жануардың денсаулығын анықтау және ацидоздар мен кетоздарды ерте анықтау үшін «Табын навигаторы» жүйесін енгізу және рациондарға түзетулер енгізу. Болашақта бұл бірнеше фермаларды біріктіруге және австриялық мамандар онлайн режимінде қашықтықтан қызмет көрсететін маститтер мен тұяқ ауруларының санын азайтуға мүмкіндік береді;

4. Австриялық мамандар қашықтан басқаратын Bauer автоматты көң бөлу жүйесі маститтер мен тұяқ ауруларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Ф. Абитаев атап өткендей, топырақты талдау және тұқым сепкіштерді сатып алу қолдану тиімділігін жақсарту үшін енгізілетін тыңайтқыштарды дәл бөлуге және жылына 10%-ға дейін тиімділікпен және үнемдеумен қажетті тыңайтқыштарды ұтымды сатып алуға мүмкіндік береді. 

«Cropio бағдарламасы персоналды басқару процесін жақсартуға, өндірістегі технологиялық процестерді және сәйкесінше менеджерлердің, мамандардың және жұмысшылардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл аграрлық компаниялардың басшылары мен агрономдар үшін арнайы әзірленген ауылшаруашылық жерлерін спутниктік бақылау жүйесі. Cropio нақты уақыт режимінде дақылдардың жай-күйін бақылайды, әртүрлі аймақтардағы алқаптардың өсімдіктерін бақылайды, проблемалық аймақтарды анықтайды және ұсынылған тыңайтқыш мөлшерін есептейді. Cropio ең дәл метеоақпаратты ұсынады, ақпаратты сақтау және есептерді жасау үшін ыңғайлы дерекқор ретінде қызмет етеді, аграрлық нарықтың ағымдағы жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын жүргізудің барлық кезеңдерінде таужыныс еңбек шығындарын азайтады, уақыт пен ресурстарды үнемдейді, жерді тиімді басқаруды қамтамасыз етеді», — деді кәсіпорын басшысы.

Мал шаруашылығында цифрландыруды енгізудің де оң әсері бар. Жануарлардағы ауруларды ерте анықтау дер кезінде ем көрсетуге мүмкіндік береді, осылайша ветеринарлық препараттардың шығынын 30-40%-ға дейін азайтады. Жемшөп пен жемшөп процестерін есепке алуды цифрландыру мамандардың дұрыс көзқарасы кезінде жемшөп қорының 25%-ын үнемдеуге алып келді. Сондай-ақ, есепке алу жүйелері мал аударымдарын, жарамсыздығын, ұрықтандырылуын, тексерілуін және т.б. уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді, бұл жиынтығында мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 10%-ға дейін ұлғаюына мүмкіндік береді. 

«Олжа Агро» ЖШС бас директоры Айдарбек Ходжаназаров компанияда «Цифрлық Агроном», «Мобильді Агроном», «Цифрлық Инженер», «Агронавигатор» цифрлық сервистері енгізілгенін атап өтті, олар жоспарлау және есептілік алу процесін жылдамдатуға, ресурстарды үнемдеуге және егіннің өнімсіз болу қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

«Атамекен Агро» АҚ басшысы Александр Фадеев процестерді басқарудың цифрлық технологияларын енгізу нәтижесінде басқарушылық есептілікті алу процесін 12 есеге жеделдетуге, өнімділікті 26%-ға дейін арттыруға, астық рефакциясын 63%-ға азайтуға, техниканың өнімділігін 30%-ға арттыруға, ЖЖМ шығындарын 20%-ға төмендетуге қол жеткізілгенін атап өтті.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қаңтар 2021, 12:54
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.