Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев атлетика алаңы мен жаттығу орталығын аралап, спорт кешенінің бейне таныстырылымын көрді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жаңа спорт нысаны биыл қараша айында іске қосылып, Олимпиадалық даярлау орталығына пайдалануға берілді. Спорт кешені Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие болды. Бұл сертификат ең жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Кешенде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, екі бассейн, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы, ядро лақтыру, биіктікке және ұзындыққа секіруге арналған жаттығу алаңдары орналасқан.

Нысан құрылысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаражатына салынды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу