ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан ҚР-дағы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Әл-Джаберді қабылдады.

А. Мамин М. Әл-Джаберге ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін биылғы 6 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады. 

Үкімет басшысы БАӘ дипломатымен екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. 

БАӘ-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $2,1 млрд құрайды, ҚР-дан БАӘ-ге — шамамен $1 млрд. Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 342 бірлескен кәсіпорын тіркелген. 

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу