ҚР Энергетика министрлігі: мұнай өндірудің жылдық жоспары орындалады

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы мұнай-газ саласының дамуы туралы өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Қ. Бозымбаев баяндама жасады.  

Энергетика министрлігінің мәліметтерінше, мұнай және конденсат өндіру көлемі 36,5 млн тоннаны құрады. Бұл биылғы 5 айдың жоспарына 101%-ға сәйкес, ал 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,8% көрсетіп отыр. Үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 21,7 млн тоннаны құрады. Соның ішінде Қашағанда 4 млн-нан астам тонна, Теңізде 12,48 млн тонна, Қарашығанақта 5 млн тонна шамасында мұнай өндірілді.

«Қашағанда бірінші жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Қазіргі таңда Қашағанда мұнай өндірудің көлемі рекордтық деңгейін көрсетуде

тәулігіне 400 мың баррельге жуық. Жалпы алғанда, биылғы мұнай өндіру жоспары орындалатын болады», —  деді Қ. Бозымбаев.

Биылғы 5 айда мұнай өңдеу көлемі шамамен 6,7 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға жоғары.

Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі 5 млн тоннадан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға жоғары. Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты. Жанар-жағармай тапшылығы жоқ.

Энергетика министрлігінің мәліметтерінше, биылғы 7 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда Аи-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литріне 148,7 теңгені, ал жазғы дизель отынының бағасы 192 теңгені құрайды. Сонымен қатар, Aи-92 маркалы бензин бағасының төмендеуі байқалады. Мәселен, Аи-92 маркалы бензинге ең төменгі баға

Батыс Қазақстан облысында 139 теңге болса, дизельдік отынға ең төменгі баға Түркістан облысында

175 теңге.

«Қазақстандық жоғары октанды бензинді экспорттауға келетін болсақ, бүгінгі таңда заңнамалық база толығымен дайын. Жақын арада Ұлттық экономика министрлігінің ашық түсті мұнай өнімдеріне Экспорттық кеден баждарының мөлшерлемесін төмендетуге сәйкес бұйрығының қабылдануы күтілуде. Осы жылдың маусым айының екінші жартысында бензинді экспорттау басталады», — деді Қ. Бозымбаев.

Биылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша еліміздің мұнай базаларындағы ЖЖМ қалдықтарының саны ішкі нарық қажеттіліктерін қамтуға жеткілікті: Аи-92 бензинінің қоры 192,4 мың тонна, дизельдік отын — 196,4 мың тонна.

Бекітілген кестеге сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 380 мың тонна дизельдік отын жеткізілуі тиіс. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өтініміне сәйкес, дизель отынына сұраныс толықтай қанағаттандырылды.

Энергетика министрінің айтуынша, жыл басынна бері 23 млрд текше метр газ өндірілді. Жоспармен салыстырғанда асыра орындау 1,3% құрайды. Газ экспорты 7,7 млрд м3 немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңінің 89,5% құрады. Экспорт көлемдерін төмендету газды ішкі тұтынудың ұлғаюымен байланысты.

Сұйытылған мұнай газының өндірісі 5 айда 1,28 млн тоннаны құрады.

Қ. Бозымбаевтың хабарлауынша, электр қуатын өндіру көлемі 44,1 млрд кВт/сағ құрады. Уран өндіру көлемі 9 мың тоннадан асты, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 100,4% құрады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу