Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Дүниежүзілік банк рейтингінде 21 позицияға көтерілді

Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019, 10:29:00

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі, сондай-ақ, Жаһандық логистикалық тиімділік рейтингіндегі (LPI) позициясын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараллар туралы баяндады. 

ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Doing Business» рейтингінде «Халықаралық сауда» индексі бойынша жауапты болып табылады.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 123 орыннан 21 позицияға көтеріле отырып, 102 орында тұр. 

Позицияны жақсартуға электрондық кедендік декларациялауды енгізу, кедендік ресімдеу үшін алым мөлшерлемесін төмендету және кедендік бақылауды ресімдеу кезеңінен кеденнен кейінгі бақылауға көшіру шаралары әсер етті.

Сонымен қатар, көрсеткіштердің одан әрі жақсаруына қабылданған бірқатар шаралар әсер етуі мүмкін, бірақ олар әлі ескерілмеген:

  1. Декларация үшін кедендік алымдар мөлшерлемелерін (декларацияның негізгі парағы үшін 19 000 теңгеден және қосымша парақ үшін 7 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін) төмендету (2018 жылғы қараша). 

  2. Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мүмкіндігін енгізу (уақыты 1-3 жұмыс күнінен 5-7 минутқа дейін қысқарды).

  3. Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезені (2019 жылғы 27 наурыз) іске қосу. Жұмысты 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінде «Бірыңғай терезе» компоненттерін тестілеу жүргізілуде.

Вице-министрдің айтуынша, бизнес ортаны жақсарту бойынша заңнамалық түзетулердің сегізінші пакетін қалыптастыру шеңберінде деректерді қорғау, мемлекеттік мекемелер арасында деректер алмасуға және жеткізуге өкілеттіктер, сәйкестендіру, аутентификация және авторизациялау, деректер сапасы мәселелері, электрондық құжаттар, электрондық мұрағаттау, зияткерлік меншік құқығы және деректер базасына меншік құқығы және басқалар бойынша ұсыныстар енгізілді. Оларды шешу үшін 10-нан астам заңдарды өзгерту қажет. 

Қазан айында өткізілген реформаларды талқылау және оларды іске асырылған шараларға есепке алу үшін Вашингтон қаласындағы Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен кездесу өткізу жоспарланған. 

Дүниежүзілік банктің «Сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы» рейтингінде Қазақстан 71-орында тұр. 

Қазақстан Республикасының аталған рейтингтегі ұстанымын жақсарту шеңберінде Сауда және интеграция министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, ел ішінде сауданы дамытуды және сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған көп форматты сауда-бөлу инфрақұрылымын құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Ел ішінде жүйе өркениетті сауда үшін жағдай жасауға, халықтың жеткілікті сауда инфрақұрылымымен және тауарлардың үлкен ассортиментімен қамтамасыз етілуін арттыруға, халық тұтынатын тауарларға бағаны төмендету үшін нарықта бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Экспортты дамыту шеңберінде жүйе тауарларды өзара жеткізуді, олардың Қазақстан арқылы транзитін қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқа елдерге экспорттау үшін біздің көршілерімізбен бірлесіп өндірушілердің бірыңғай пулын құру үшін негіз болады.

Бүгінгі күні сауда-тарату жүйесін құру үшін 2019 жылы аяқтау мерзімімен Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында 5 көтерме-тарату орталығын салу жүзеге асырылуда. 2020 жылы 3 өңірде – Алматы, Ақтөбе және Семей қалаларында жалпы көлемі 96 мың шаршы метр құрайтын тарату орталықтарын салу жоспарлануда. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 26 көлік-логистикалық орталықтары қолданыста, 2022 жылға дейін қосымша жалпы алаңы 1 067 065 шаршы метр құрайтын 14 көлік-логистикалық орталық салу жоспарлануда.

«Біздің Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі - көліктік-логистикалық және сауда инфрақұрылымдарын біріктіру. Осындай инфрақұрылымдық объектілерінің саны және сапасы ұлғаюына қарай сауда шығындарын қысқарту әсері күшейтілетін болады. Бағалардың төмендеуі тұтынушы үшін тікелей әсер етеді», — деді А. Аскарұлы.

Сонымен қатар вице-министр LPI рейтингінің фокусы үнемі өзгеріп отыратынын атап өтті. 2007 жылы рейтинг тек жарияланған кезде, ол, бірінші кезекте, сауданы оңайлатуға және шекарадағы кедергілерді жоюға бағытталған. Бүгінде рейтинг ішкі логистика факторларымен: жеткізу тізбегінің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, дағдылар мен оқыту, қоршаған ортаға әсері өзара байланысты.

LPI рейтингісінде елдің ұстанымын жақсарту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі жүктерді қадағалау мүмкіндігінің көрсеткіші бойынша Астана-1 ақпараттық жүйесінде импорттық-экспорттық операциялар жүйесін елдің көлік-логистикалық жүйесімен ықпалдастыруға мүмкіндік беретін электрондық жүйені енгізу мәселелерін пысықтауда.

«Біз рейтингтегі позициялардың жақсаруын тек шетелдік инвесторларды тарту үшін ғана қадағаламаймыз. Біздің негізгі міндетіміз – жолдарды жақсарту, тауарларды сақтаудың жаңғыртылған инфрақұрылымын құру, халық пен кәсіпкерлік субъектілерінің шекарадан тез және ыңғайлы өтуі арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру», — деп түйіндеді сауда және интеграция вице-министрі А. Асқарұлы. 

 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
16 Мамыр 2020, 21:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Мамыр 2020, 14:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласының дамуымен және Абайдың 175 жылдығына дайындығымен танысты
15 Мамыр 2020, 22:03
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
15 Мамыр 2020, 16:22
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШҚО-да көктемгі егіс жұмысының барысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
15 Мамыр 2020, 13:34
Нұргүл Мауберлинова ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
14 Мамыр 2020, 18:39
Ауыл шаруашылығынан туризмге дейін немесе Ақмола облысының негізгі салалары қалай дамып жатыр
14 Мамыр 2020, 18:14
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
14 Мамыр 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №296 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №288 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
14 Мамыр 2020, 14:07
Төтенше жағдайдан кейінгі еңбек нарығы: бос жұмыс орындары мен түйіндемелер саны артты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.