Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019, 11:37:34

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін Роза Рымбаеваға берілді. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері»  атағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Тұрсынбек Макишевке де берілді.

«Отан» орденімен жазушы И.Жақанов, «Alageum Electric» холдингтік компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы С.Қожабаев, Ақтөбе облысы «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры В.Тиль, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары А.Бисембаев, І дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, ғалым және қоғам қайраткері Ә.Ахметов, жазушы Т.Әбдікұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері М.Мырзахметұлы, «Бөбек» балалар қорының президенті С.Назарбаева, опера әншісі Б.Төлегенова, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ мұғалімі Р.Әзімбаева, ақын М.Айтхожа, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғ.Есім, мемлекетаралық су шаруашылық үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылық мәселелері бойынша ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры Н.Қыпшақбаев, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен  ақын, «Сәкен Сейфуллиннің мұражайы» МКҚК директоры Н.Айтұлы, Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті Қ.Беркінбаев, тарихшы М.Қойгелдиев, Парламент Сенатының депутаты Т.Мұқашев, жазушы Қ.Салғараұлы және басқалар марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде белгілі әншілер Т.Асар мен Д.Құдайберген, ғалым А.Жұмаділдаев, киноактер Н.Есімғалиев, дирижер Р.Салаватов, балет әртісі Н.Семенова және басқалар бар.

Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденімен бағаланды. Олардың арасында «Шымкент қалалық орыс драма театры» МКҚК басшысы И.Вербицкий, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ төрағасы Ж.Ерманов, «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК профессоры С.Қасқабасов, «Ақтөбе металл құрастыру зауыты» ЖШС директоры Қ.Қойлыбаев, Солтүстік Қазақстан облысы «Ақселеу» ЖШС директоры С.Малаев, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ профессоры Қ.Сәбденов, «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» КММ әртісі К.Темірбайұлы, қоғам қайраткерлері Е.Сакенова мен Е.Тарасенко, Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Өтешов, «М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК солисі С.Шакрат, Қарағанды облысы «Алтай Полиметалы» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Р.Юн  бар.

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешендер және ингуштер қауымдастығы басқармасының мүшесі Ю.Келигов, айтыс ақыны Ә.Қалыбекова, «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ төрағасы А.Халиков, Қарағанды қаласы «LITUANICA» ҚБ төрағасы В.Тварионас және басқалар ие болды.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында ақын О.Әбділдаев, Түркістан облысы «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Ү.Әбдиев, «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК доценті А.Әбиденқызы, Ақмола облысы «Алтындән» ЖШС директоры Қ.Байзақов, Алматы қаласы «Қазақстан дүнгендерінің қоғамы» ҚБ төрағасы А.Войнце, «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК солисі Г.Дәуірбаева, Қостанай облысы «Мелитопольское» ЖШС директоры Э.Двуреченский, танымал боксшы В.Демьяненко, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ оқытушысы Ш.Имашев, Қызылорда облысы «Еңбек жер» ЖШС директоры Ш.Ысқақов, Петропавл қаласы «Кардиологиялық орталық» КМК бас дәрігері А.Мағзұмов, Шымкент қаласы «Болашақ» № 66 балабақшасы» МКҚК меңгерушісі Т.Мартыненко, «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС механизаторы А.Назин, әнші С.Нұрмағамбетова, «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының директоры, Қазақстан Республикасының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі А.Саин, «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Ү.Сейтімбет, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК кафедра меңгерушісі Ә.Төлеубаев, Нұр-Сұлтан қаласы «Наз» мемлекеттік би театрының директоры С.Сраилов, Қарағанды қаласы «Жас сұңқар» спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Е.Шынкеев бар.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 72 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды, атап айтқанда,  Ақмола облысы «Хлебороб» ЖШС механизаторы М.Боранбаев, Маңғыстау облысы «Жайлау» ЖШС бас шопаны Е.Өтесов, «ҚТЖ Жүк тасымалдау» АҚ филиалы Жамбыл пайдалану локомотив депосының жөндеушісі Н.Хомутенко және басқалар.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Наградталғандардың тізімі баспасөзде жарияланады.


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.