09 Қазан 2019, 16:13
Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал және министрліктің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат ұсынылды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.
Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша, 2019 жылы қылмыс 15% төмендеген. Ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 77,5% құраса, аса ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіш – 88%.
Сонымен қатар, Е. Тұрғымбаев Елбасына ішкі істер органдарын реформалау аясында полицияға халықтың сенімін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы мәлімет берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу