Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020, 18:21:17
Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен:
- Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;
- Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;
- Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:
- Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;
- Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.