Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Оқу материалдарының сапасы: оқулықтар мазмұнына сараптама қалай жүргізіледі және олардың салмағы жайында

Жұма, 29 Наурыз 2019, 13:08:17

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында бірқатар тапсырма берді, олардың қатарында білім беру сапасын арттыру мәселесі де қаралған.

«Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова Рrimeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстанда оқулықтардың сапасы қалай тексерілетіні және олардың мазмұнын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

— Бейбіткүл Сәрсемханқызы, бізге мәлім болғандай, сарапшылар комиссиясы өз жұмысын аяқтады және республикалық комиссия деңгейінде оқулықтар сараптамасының нәтижелері қаралды. Республикалық комиссия тарихында алғаш рет бірқатар оқулық сараптамаға дейінгі қарау жұмыстарына қайтарылды. Не үшін бұлай болғанын және нәтижелері қандай екенін айтып берсеңіз.

— Сараптама ережелеріне сәйкес, Тізімге қосуға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін іріктеу Министрліктің Республикалық комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. 2019 жылғы 2 наурызда 4, 9, 10 сыныптардың оқулықтары мен ОӘК қарау жөніндегі Республикалық комиссия отырысы өтті.  

Бастауыш мектептің базалық оқулықтары бойынша пәндік комиссияның ұсыныстарымен республикалық комиссияның бірқатар мүшесінің келіспеуіне байланысты қазақ және орыс тілді мектептердің 4-сыныптарына арналған «Математика», «Дүниетану», «Жаратылыстану» оқулықтарын және қазақ тілді сыныптардың «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» оқулықтарын пәндік комиссияның қайта қарауына жіберу туралы шешім қабылданды. Сараптамаға дейінгі жұмыстар емес, комиссияның басқа құрамы қосымша қарайды, бұл жоғары жауапкершілік пен бәсекелі ортадан бірыңғай базалық оқулықты іріктеудің күрделілігімен байланысты. 

18 наурызда Республикалық комиссияның екінші отырысы өтті, онда кейбір пәндер бойынша алғашқы пәндік комиссияның шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, оқулықтарды 2019–2020 оқу жылында мектептерде пайдаланылатын Оқу әдебиеті тізіміне енгізу туралы нақты шешім қабылданды. 

— Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сараптамасы туралы айтып берсеңіз? Ол не үшін жүргізіледі? Қандай кезеңдерден тұрады?

 Оқу әдебиетінің сараптамасы қайта әзірленген оқулықтар мен ОӘК сапасын бағалау және олардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына және қазіргі оқулықтарға қойылатын басқа да талаптарға сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі. Оқу әдебиетінің сапасын бағалау және іріктеу жүйесі бес кезеңнен тұрады: ғылыми және педагогикалық сараптама, апробация, қоғамдық бағалау, пәндік комиссияларда қарастыру, Республикалық комиссияда қарау. Сонымен қатар, өңірлерде мұғалімдермен оқулықтарды талқылау, сондай-ақ қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық оқу ұйымдастырылады.

— Оқулық сапасын бағалауда қандай параметрлерге ерекше назар аударылады?

 Оқулықтардың сапасын бағалау кезінде келесі параметрлерге ерекше назар аударылады: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының тұжырымдамалық ережелеріне, типтік оқу жоспары мен типтік оқу бағдарламасына сәйкестігі; пәннің базалық ғылыми мазмұнының сақталуы; құндылыққа бағдарлануы; қазақстандық құрауыштың ұсынылуы; тәжірибеге бағдарлануы; оқушылардың жастық психологиялық ерекшеліктеріне мазмұнының сай келуі; мазмұнының жүйелілігі, қисындық бірізділігі және сабақтастығы; оқу материалдарын ұғынықты баяндауы; оқу жұмысының мотивациясын арттыруы; сындарлы ойлау мен талдау жасай білу қабілеттерін дамытуға бағытталуы; зерттеу дағдыларын, өз бетінше шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағыттылығы; тілдік біліктілігі мен коммуникативтілігін дамытуға бағыттылығы; жазба сөз ережелеріне сәйкестігі; безендіру сапасы; оқулықтар мен жұмыс дәптерлерінің форматына, мұқабасы мен негізгі бетін безендіруге қойылатын талаптардың сақталуы; электронды қосымша (GR код) және т.б. болуы және сапасы.

— Оқулықтарды тексеру кезінде-ақ жетілдіре түсу үшін сарапшылар мен авторлардың бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі бар ма?

— Оқу әдебиетінің сарапшылары мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында жасырын режимде жұмыс істейді. Сарапшылардың ескертулері мен ұсыныстары авторларға сарапшы туралы мәліметтер көрсетілмеген түрде беріледі. Сонымен қатар, 3, 4, 6, 8, 9, 10 сыныптардың оқулықтарын еліміздің барлық өңірлерінде педагогтар қауымымен талқылау авторларға педагогтардың пікірлерін уақытылы ескеріп, әзірленіп жатқан оқулықтардың сапасын оқу процесіне енгізгенге дейін жақсартуға мүмкіндік берді.

— Оқулық салмағы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да бала «көтере алатындай» болуы керек. Бұл аспект біздің елімізде қаншалықты сақталып отыр?

— ҚР БҒМ бастамасы бойынша күнделікті оқу комплектісінің салмағына қатысты шектеулер белгіленген. Ол үшін 2018 жылдың қыркүйек айында «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелеріне өзгерістер енгізілген. Енгізілген толықтыруларға сәйкес, күнделікті оқу комплектісінің салмағы (ОӘК, оқулықтар, қажетті оқу-жазу құралдары):

  • 1-3 сыныптардың оқушылары үшін – 1,5-2 келіден;

  • 4-5 сыныптардың оқушылары үшін – 2-2,5 келіден;

  • 6-7 сыныптардың оқушылары үшін – 3-3,5 келіден;

  • 8-11(12) сыныптардың оқушылары үшін – 4-4,5 келіден» аспауы тиіс.

Соның нәтижесінде 2018 жылы шығарылған 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен ОӘК көрсетілген нормаға сай келеді.

Оқулық мазмұны типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленеді. Оқу бағдарламаларын әзірлеуде балалардың жастық және психологиялық ерекшеліктері, оқу материалдарының баяндалуының ұғынықтылығы ескеріледі.

— Қазақстанда оқулықтар проблемасы көптен бері талқыланып келе жатқаны белгілі. Сонымен қоса, оқулықтар сапасының білім беру сапасымен байланысы зор. Оқулықтар сапасы проблемасының жылдан-жылға қайталануының себебі неде?

— Жаңартылған білім мазмұнын және оқытудың әдістемелік моделін енгізу оқулықтардың құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізуді талап етті. Оларда жаттау мен еске сақтауға арналған теориялық материалдар көлемі қысқартылды. Оның орнына, өмірдегі жағдайлармен байланысты, білімді іс жүзінде қолдануға және проблемаларды шешуге бағытталған материалдар мен тапсырмалар көбейді. Визуалды мазмұны да күшейтілді: диаграммалар, модельдер, кестелер мен графикалар көп.

Жоғарыда аталған модель оқулықтары біздің елімізде алғаш рет әзірленіп отырғандықтан, өтпелі кезең басында жаңа мазмұн мен оқулықтағы әдістемелік тәсілдерді іске асырумен байланысты біршама қиындықтар туындады. Педагогтар қауымы мен ата-аналардың оқыту мазмұны мен әдістерінің концептуалды өзгеруіне қатысты көптеген сұрақтары туындады. 

Келіп түскен ескертулерді ескерумен типтік оқу бағдарламалары мен оқулықтарға түзетулер енгізілді.

Тағы бір проблема – оқу әдебиетіне баспа ішінде сараптаманың нашар жасалуы. Осыған байланысты баспа редакторларының жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Оқулықтарды әзірлеу сапасының артуына отандық және шетелдік ғалымдарды, оқулықтану саласындағы сарапшылар мен әдіскерлерді тарту арқылы Авторлар мектебін құру ықпалын тигізетін болады.

Оқулықтар мәселесінің көптеген адамдарға қатысы бар: мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға. Қазіргі кездегі коммуникациялар мен технологиялар жаңашылдықтарға үн қатып, оларды талқылауға, сынауға немесе қолдауға мүмкіндік береді. 

Алайда, кейбір кемшіліктерді әсірелеуге және тұжырымдауға, жалпы мәтіннен фразаларды алып тастап, негізсіз қорытынды жасауға тырысулармен келісуге болмайды. 5 және 7 сыныптарға арналған орыс тілі бойынша педагогтардың сындарлы ұсыныстары ескеріліп, типтік оқу бағдарламаларына, және тиісінше, оқулықтарға қажетті түзетулер енгізілді.

Латын қарпіне көшу кезінде оқулықтарды одан әрі жетілдіру үшін келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерге концептуалды талдау жүргізіліп, оқулықтарды әзірлеу мен пысықтауға жеткілікті уақыт бөлумен оқу әдебиетін қайта басып шығарудың оңтайлы кестесі дайындалатын болады.

— Мемлекет, әсіресе, өңірлерде, оқулықтардың жетіспеушілігі мәселесін қалай шешіп жатыр? Барлық оқушылардың тегін оқулық алуға құқы бар ма әлде тек белгілі бір санаттағы балалар ала ма? 2018-2019 оқу жылында қанша оқулық сатып алынды?

— «Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының 3-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, мектептерге оқулықтарды сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың құзырына жатады.

«Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 3-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, «мектепке дейінгі даярлық, орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының барлық білім алушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, білім беру ұйымдарының оқу жылына болжанатын көлемде оқу әдебиеттерінің қорландыру цикліне сәйкес оларды жыл сайынғы кезең-кезеңімен сатып алу (резерв қорын есепке ала отырып) арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі».

Жалпы, еліміз бойынша 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3, 6 және 8 сыныптардың оқушылары үшін 12 млн астам оқулық сатып алынды. Аталған сыныптардың оқушылар контингенті 906 мыңды құрайды.

— Жуырда жаңа қазақстандық оқулықтарды талқылау онлайн жүргізілетіні туралы ақпарат болды. Қазақстандықтар комиссия отырыстарын қашан және қандай ресурстардан көре алады?

— 2019 жылғы пәндік және Республикалық комиссия отырыстары mail.kz электронды сервисі ұлттық порталында онлайн режимде көрсетілді. Бұл пәндік және Республикалық комиссияның жұмысының және олардың қабылдаған шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етті.

Пәндік комиссия қарауына қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердің 4, 9, 10 сыныптарына арналған оқулықтар мен ОӘК барлығы 588 атауы бағытталды.

— Жалпы, қоғам оқулықтарды талқылауға қаншалықты қатысып жатыр?

— Көптеген ата-аналар мен педагогтар қауымының оқу әдебиетінің сапасына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ескеру мақсатында Орталық сайтында Оқулықтарды қоғамдық бағалау порталы жұмыс істейді. Сараптама кезінде оқулықтардың жобалары порталға қойылады, қызығушылық танытқан адамдар олардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын қалдыра алады.

2018 және 2019 жылдары бұл порталға 5000-нан астам ескертулер, пікірлер мен ұсыныстар келіп түскен. Орталық келіп түскен ескертулерге мониторинг жүргізіп, оларды жүйеледі. Ескертулер оқулықтар мен ОӘК пысықтау кезінде ескеру үшін баспаларға жіберілді.

Жаңартылған мазмұндағы оқулықтардың ерекшеліктерімен педагог қауымын таныстыру және оқулықтарды пысықтау кезінде мұғалімдердің пікірлерін ескеру үшін «Оқулық» РҒТО 2017 және 2018 жылдары қарашада еліміздің барлық өңірлерінде оқулықтар мен ОӘК жобаларын талқылау бойынша әдістемелік семинарлар өткізді.

2017 жылы 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен ОӘК, ал 2018 жылы 4, 9, 10 сыныптарға арналған оқулықтар мен ОӘК таныстырылды.

15 баспадан 160-тан астам автор әзірленген оқулықтар мен ОӘК жобаларының презентациясын өткізіп, мұғалімдерді оқулықтардың тұжырымдамасымен және жобаларымен таныстырды. Сонымен қатар авторлар оқулықтарды оқу процесінде пайдалану әдістемесі бойынша ұсыныстар білдірді.

Екі жыл ішінде семинарға 15000 астам мұғалім мен әдіскер, педагогикалық ЖОО оқытушылары мен «Өрлеу» ҰБАО тренерлері, сонымен қатар ата-аналар қатысты.

Семинарлардың белсенділігі мен нәтижелілігі қатысушыларды «Оқулық» орталығының сайтындағы оқулықтардың жобаларымен алдын-ала таныстыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, оқулықтарды көбейтіп шығармас бұрын әлеуметтік қабылдануын нақтылау үшін оқулықтарды қоғамдық оқу жүзеге асырылады, оған қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылады.

— Оқулықтардың мектептерге жеткізілуіне қатысты мәселе қандай деңгейде? Біз жыл сайын оқу жылының басына дейін оқулықтардың еліміздің барлық мектептеріне жеткізіліп үлгермейтінін білеміз.

 Өңірлерге оқулықтарды тасымалдау барысында көбіне белгілі бір қиындықтар орын алады, бұл келесі жағдайлармен байланысты: мемлекеттік сатып алуларды жүргізудің және көлік ұйымдарымен келісімге келудің ұзақтығымен және процесінің күрделілігімен; жеткізуші көлік компанияларының келесімде көрсетілген өз міндеттемелерін дұрыс орындамауымен (көліктің техникалық ақауының болуы, оқулық басылымдарын сақтау мен тасымалдау үшін қажетті жағдайлар қарастырылмаған көліктерді ұсынуы, міндеттемелерінен бас тартуы т.б.).

Министрлік жергілікті атқарушы органдардың «Мемлекеттік сатып алулар» туралы Қазақстан Республикасының Заңына оқулықтар мен ОӘК шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардан білім беру ұйымдарына оқулықтар мен ОӘК жеткізу бойынша қызметтерді конкурстық негізде емес, бір ұйым арқылы жеткізуге қатысты өзгерістер енгізуге бастама білдіру бойынша ұсыныстарын қарастыруда.

— Сұхбатыңызға рақмет!


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Шілде 2020, 17:39
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
14 Шілде 2020, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.07.2020
14 Шілде 2020, 15:31
Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады - ҚР БҒМ
14 Шілде 2020, 13:12
2020 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 281 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты
14 Шілде 2020, 12:54
Індет кезінде Қазақстанда 22 млн астам электронды қызмет көрсетілді - ЦДИАӨМ
14 Шілде 2020, 12:46
Қазақстанда суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін 3 млн га жеткізу жоспарланған
14 Шілде 2020, 12:17
Қазақстанда импорттаушы елдер нарығына егжей-тегжейлі шолумен «экспорттық гидтер» типтік жүйесін енгізу жоспарлануда — ҚР АШМ
14 Шілде 2020, 12:02
2020 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті — ҚР ИИДМ
14 Шілде 2020, 11:33
2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады
14 Шілде 2020, 11:07
Іссапарлар мен өкілдік шығындарды қысқарту — Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығындарын қалай оңтайландырады
14 Шілде 2020, 10:59
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықты қолдау бойынша бірлескен жоспары қабылданады
14 Шілде 2020, 10:50
Биыл шілдеден бастап ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету көзделген — ҚР ДСМ
14 Шілде 2020, 10:28
Үкімет шектеу шараларын а.ж. 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.