Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов

Сейсенбі, 20 Қазан 2020, 10:27:05

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халықты дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету туралы баяндады. 

Б. Атамқұлов атап өткендей, 9 айдың қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 39,8% өсті. 

«Өсім «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді», — деді министр.

 Еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруді 96 кәсіпорын жүзеге асырады.

Бүгінде отандық тауар өндірушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 мың атауына 88 ұзақ мерзімді шарт жасады.

Отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығаруда. Қоймаларда 18 млн маска бар. Бұл ретте, кәсіпорындардың өндіріс қуаттылығы тәулігіне 1,2 млн данаға дейін медицина маскасын шығаруға мүмкіндік береді.

Күн сайын 330 мың жұп перчатка шығарылады. Қоймаларда 7 млн аса жұп перчатка бар. Ағымдағы жылдың қараша айында оның қуаттылығы тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылатын болады.

Бүгінде 6 отандық компания айына 504 мың қорғаныс костюмін шығарады. Жыл соңына дейін оның қуаттылығы 1 млн дейін арттырылатын болады.

«Індеттің екінші толқыны жағдайында фармацевтика саласының кәсіпорындары дәрілік заттардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге дайын», — деді Б. Атамқұлов.

Өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттарына республика бойынша барлық қажеттілік 1500 бірлік аппаратты құрайды.

Бүгінгі күні Қазақстанның 17 өңіріндегі 297 аурухана үшін барлық 1500 бірлік (100%) ӨЖЖ стационарлық аппараты өндірілді және жеткізілді. 

Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобилі шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді. Бүгінгі таңда қалған 156 бірлік көлік жеткізілуде. Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде 5 қарашаға дейін 1 167 бірлік санитарлық көлік жеткізілетін болады.  

Бүгінгі таңда  жылжымалы медициналық кешендердің 63 бірлігі дайындалды. 

Бүгінде 45 бірлік медициналық кешені жөнелтілді, оның 25 бірлігі өңірлерге жеткізіліп, беру процесі жүргізілуде. Қалған 18 кешен ертең жөнелтіледі. 37 бірлік өндірісте және ағымдағы жылдың 23 қазанына дейін жөнелтілетін болады. 

Жергілікті атқарушы органдар «Ақтөберентген» АҚ-мен 49 бірлік рентген аппаратын өндіруге келісімшарттар жасасты. Алғашқы 12 аппарат 9 қазанда Ақтөбе қаласына жеткізілді. Қалған 37 бірлік аппаратты жөнелту ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқталатын болады.  

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық барысында облыстың медициналық ұйымдарын дәрілік заттармен және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету үшін 2,1 млрд теңге қаражат бөлінген. 

«Аталған қаржыға 362 млн теңгеге дәрілік заттар, 1,5 млрд теңгеге медициналық бұйымдар, 185 млн теңгеге дезинфекциялық ертінділер сатып алынды. Сатып алынған құралдардың 70%-ы медициналық мекемелерде, қалған 30%-ы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасында қор ретінде сақталуда», — деді Ө. Шөкеев. 

Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың амбулаториялық деңгейде науқастарға қалыптастырылған өтінімдеріне сәйкес, а.ж. 16 қазанындағы жағдай бойынша ол 5,9 млн теңгеге (77%) қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Бірыңғай дистрибютор СК-Фармацияға қажеттілікке сәйкес 32 млн теңгеге қосымша өтінім берілді. 

«Облыс аумағында 557 бөлшек сауда дәріханасы бар, оның 238-імен өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды, олар дәрі-дәрмекті біз белгілеген бағамен сататын болады. Халықты маскамен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ересектерге 1,5 млн дана және балалар үшін 1 млн дана қосымша өтінім берілді», — деп нақтылады облыс басшысы. 

Облыс бойынша ӨЖЖ аппараттарының саны 178-ден қысқа мерзім ішінде 332-ге дейін жеткізілген, өсім — 46%. Оттегі станцияларының саны 2 есеге артып, қосымша 4 станция орнатылды. 

«80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетіп, өсім 95%-ды құрады. Оған қоса, оттегі нүктелерінің саны 9,7 есеге артып, 2005 нүктеге дейін ұлғайды. Сондай-ақ 1 компьютерлік томограф пен 3 цифрлық рентген аппараты алынды. ПТР зертханаларының саны 9 бірлікке дейін өсті», — деді Ө. Шөкеев.

Бұдан басқа, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, жылжымалы медициналық кешенмен облыс аудандарын қамтамасыз ету көрсеткіші 100% құрады. Алдағы уақытта жедел жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарлануда, бұл жедел жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемі жеткілікті.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пандемиямен күресуге жергілікті бюджеттен 13 млрд теңге бөлінгенін, оның ішінде екінші толқынына дайындық үшін 8,1 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

Облыстың медицина мекемелерінде жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры, дәрілік заттардың екі айлық қоры бар

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, тұрақтандыру қорына қосымша 800 млн теңге бөлініп, ол 1,3 млрд теңгені құрады. «INKAR» ЖШС бірыңғай дистребьютерімен 500 млн теңгеге дәрілік заттардың 30 түрін сатып алуға келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, «СК Фармация» арқылы дәріханалар үшін 63 млн теңгеге өтінім берілді (33 түрлі дәрі), 1 млн маска алынды», — деді А. Баталов.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92 млн теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды (4 түрлі дәрі).

Облыстың 1202 дәріханасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуы мен бағасына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ.

Облыста жеке қорғану құралдары өндірісі жолға қойылған. Осы саладағы ірі кәсіпорындар — «Долче» ЖШС, «СП «Абди Ибрахим Глобал Фарм», «Келун-Казфарм».

Тәулігіне барлығы 250 мыңнан астам маска шығарылады. 

Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын күшейту шаралары қабылданды.

3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 150 ӨЖЖ аппараты сатып алынды. 

180 жедел жәрдем көлігі және 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. 

Облыстың 13 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 1070 оттегі концентраторы сатып алынды.

5 қазанда 200 төсек-орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді.

«Жалпы облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,1% құрады, тәулігіне 4 жағдай тіркелді. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жұмысы бақылауда», — деді А. Баталов.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Желтоқсан 2020, 10:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №802 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №800 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №789 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 21:33
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
02 Желтоқсан 2020, 19:04
Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты
02 Желтоқсан 2020, 16:53
ҚР БҒМ: Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 139 887 адам тұрады
02 Желтоқсан 2020, 14:24
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.11.2020
02 Желтоқсан 2020, 13:42
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау рәсімдері жеңілдетілді — Б. Атамқұлов
02 Желтоқсан 2020, 13:02
Қазақстанда жыл соңына дейін 26 млн га астам алқапқа топырақтық және геоботаникалық карта әзірленеді — ҚР АШМ
02 Желтоқсан 2020, 12:38
Қазақстанда мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда — Б. Нұрымбетов
02 Желтоқсан 2020, 12:08
Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тарта отырып, еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда — А. Цой
02 Желтоқсан 2020, 11:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №796 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №794 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №790 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:29
А. Мамин: біздің міндетіміз — мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта құру
02 Желтоқсан 2020, 09:59
Толық цифрландыру АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттырады — А. Мамин
01 Желтоқсан 2020, 12:58
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады  
30 Қараша 2020, 18:49
«Жамбыл облысы тұрғындарының табысын ұлғайту» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруға қатысты депутаттық сауал
30 Қараша 2020, 18:10
Заңнамалық актілерге ревизия жүргізу және заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету — М. Бекетаев Президент Жолдауының іске асырылуы туралы айтып берді
30 Қараша 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды
30 Қараша 2020, 16:05
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
30 Қараша 2020, 10:51
2 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қараша 2020, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №785 Қаулысы
30 Қараша 2020, 10:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №775 Қаулысы
30 Қараша 2020, 09:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.