Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин

Сейсенбі, 28 Шілде 2020, 11:17:44

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы электрондық сауданың дамуы туралы баяндады.

Б. Мусиннің айтуынша, пандемия кезінде интернет және электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші қажеттіліктегі қызметтерге айналды.

Электрондық сауданы дамыту қазіргі күрделі уақытта өзекті мәселе болып отыр. Биыл жоғары өсу қарқыны байқалуда. Осылайша, осы жылдың 6 айында интернет-дүкендерде сатып алу саны 19,5 млн тауарға жетті. Қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу саны екі есеге — 7 млн-нан 14 млн-ға дейін өсті.

Электронды саудада 4 негізгі бағыт бар: электроника, тамақ және өнімдер, киім, фармацевтика. Барлығы отандық платформаларда жұмыс істейді.

Б. Мусин атап өткендей, нарықты талдау пандемия кезеңінде азаматтардың онлайн режимінде тұтыну құрылымы өзгергенін көрсетеді. Адамдар өз басымдықтарын өзгертті. Киім мен косметиканы сатып алудың төмендеуі байқалады. Алайда бұл ретте халық онлайн түрде азық-түлік, дәрі-дәрмек және балалар тауарларын көбірек сатып ала бастады.

Қазақстанда пандемия кезінде өзекті болып табылатын көптеген тауар позицияларының өндірісі бар екенін атап өту қажет. Тиісінше, қазақстандық өндірушілерді онлайн режимге шығару жөнінде белсенді жұмыс істеу ұсынылады.

Пандемия кезеңінде белсенді дамып келе жатқан нарықтар FoodTech және PharmTech болды.

«Мысалы, қазақстандық Arbuz.kz супермаркеттінде азық-түлік сатып алу 2019 жылмен салыстырғанда сәуір-маусымда 7 есеге дейін өсті. Өңірлерде азық-түлік өнімдерінің онлайн сервистерінің пайда болуы маңызды. Бұл үшін біз Arbuz.kz, Chocofood және басқа компаниялармен жергілікті кәсіпкерлерді онлайн сатуға үйретеміз», — деді Б. Мусин.

Сондай-ақ, фармацевтика сегментін атап өту керек. Бүгінде онлайн түрде антибиотиктерді сатуда проблемалар бар. Себебі бұл онлайн-рецептураның болуын талап етеді.

«Ол үшін біз Денсаулық сақтау министрлігімен интернет дүкендерді телемедициналық және онлайн-рецептілер сервистерімен байланыстырамыз», — деді Б. Мусин.

Барлық қазақстандық компанияларға халықаралық стартаптармен бәсекелесуге тура келеді. Олардың ұзақ венчурлық қаржыландырумен қамтамасыз етілгенін атап кету қажет. Бұл үшін венчурлік капиталдың отандық нарығын дамыту маңызды. Бұл бағытта венчурлік капиталды реттейтін заң жобасы әзірленуде. Сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен QazTech Ventures қаражатын қазақстандық стартаптарға тарту туралы уағдаластық бар.

Электрондық сауда үшін негізгі құрал — логистикалық инфрақұрылымның дамуы. «Қазпошта» АҚ-ның бизнеске арналған үш фулфилмент орталығы бар. 

Нарықтық қажеттілікке сай 2025 жылға қарай елімізде 20 фулфилмент орталығын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар нарық өз инфрақұрылымын дербес дамыта бастауда. Олар қоймалар құрылысын және «соңғы миля» шешімдерін қажет етеді.

Электрондық сауданың негізгі элементтерінің бірі есікке дейін жеткізу болып табылады. Клиенттер өз тауарларын тез әрі ыңғайлы түрде алғысы келеді. Осы орайда «Қазпошта» инфрақұрылымы поштоматтар, сәлемдемелер супермаркеттері арқылы аталған мәселені шешуге жол ашады.

Бүгінгі күні 4 мыңға жуық фронт офис қызмет көрсетеді. Нарық қатысушылары жедел жеткізу мерзімін қысқарту бойынша жұмыс атқарып жатыр. Қазіргі уақытта тауарлар 1-ден 3 күн аралығында жеткізіледі.

 Айта кету керек, нарық барлығына ашық. 570-тен астам компания курьерлік қызметтер нарығында жұмыс істейді.

Қазақстан транзиттік әлеуетті дамыту жолында белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бұл бағытта Қазпошта «Қорғас» ШЫХО аумағында Бонд қоймасының жобасын жүзеге асыруда. Ресейге де, еуропалық елдерге де тауарлардың транзитін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ Қазпошта Германиядан және Ұлыбританиядан Ресейге және Орталық Азия елдеріне тауарларды тасымалдауда.

Электронды сауданың дамуы — оффлайн бизнестің онлайн сатуға өтуі.

«Біздің міндетіміз – оффлайн кәсіпкерлердің онлайн сатуға өтуіне көмектесу. Ол үшін біз бір қарағанда қарапайым, бірақ онлайн жұмысқа маңызды нәрселерді үйретуіміз керек. Бұл – тауарларды суретке түсіру, брендттеу және т. б.», — деді Б. Мусин.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің цифрлық сервистерге қолжетімділігінің маңыздылығын атап өту қажет.

«Біз бұл арнайы сервистерді Astana Hub-қа жинаймыз. Біз ҚР ЕХӘҚМ және “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлерді онлайн-сатуға үйрету үшін арнайы бағдарлама құруға дайынбыз. Аталған жұмысқа салада жетістікке жеткен кәсіпкерлерді тартамыз», — деді бірінші вице-министр.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді онлайн түрде сатуға шығару маңызды. Осы орайда, ауыл шаруашылығы өндірушілерін ірі ритейлерлермен тікелей байланыстыратын аграрлық цифрлық платформа құру ұсынылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тікелей сатуға қолжеткізуге мүмкіндік береді. Қосымша платформа арқылы ыңғайлы банктік және логистикалық сервистерді алуға, ОРЦ-ларда тауарларды сақтауға мүмкіндік береді. Бұл барлық делдалдарды алып тастайды, сәйкесінше соңғы тұтынушы үшін баға төмендейді. Цифрлық платформа сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Сөзін қорытындылай келе, Б. Мусин әлемде болып жатқан трендтерге тоқталып өтті. 

«Пандемия кезінде электрондық сауда нарығы тауар айналымының драйверіне айналды. Мысалы,Amazon компаниясы пандемия кезінде 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты. Aliexpress-тің платформасында ресейлік тауарлардың сатылуы 3 есе өсті. Ал қазақстандық интернет-дүкен Flip.kz пандемия кезінде жұмыс орындарының санын 20%-ға өсірді. Бұл онлайн-сауда бизнеске жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, сонымен қатар оны ұлғайтуға мүмкіндік беретінін көрсетуде», — деп Б. Мусин, ҚР ЦДИАӨМ барлық салаларды онлайнға аударуға басқа министірліктермен бірлесіп пысықтауды жалғастыратынын атап өтті. Бұл ел экономикасындағы тауар айналымын қамтамасыз етуге және халық арасында әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндік береді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов электрондық сауда қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшуге, көлеңкелі сауда көлемінің төмендеуіне және кәсіпкерліктің жалпы өсуіне ықпал ететін Қазақстан экономикасының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«2020 жылдың І жартыжылдығында электрондық сауда нарығының жалпы көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге өсіп, 435 млрд теңгеге жетті», — деді Ә. Смайылов. 

Электрондық коммерция нарығын дамытуды ынталандыру бойынша белсенді жұмыс атқару керек.

Біріншіден, ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды.

Екіншіден, ірі қоймалардан бөлшек сатып алушыларға дейін жеткізу логистикалық тізбегін құру қажет. Ол үшін Қазпоштаны және жекеменшік курьерлік команияларды кеңінен тарту керек.

Үшіншіден, сауда және интеграция, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, цифрлық даму министрліктері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер платасымен бірлесіп, кәсіпкерлерді онлайн түріндегі саудаға үйрететін курстарды енгізу қажет.

Қазақстан Республикасында Электрондық коммерцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді. Бүгінгі айтылған мәселелерді ескере отырып, осы Жол картасы аясында белсенді жұмыс жүргізу керек.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
21 Шілде 2020, 22:49
ҚР-да COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақталды: күн сайын ауруды жұқтырғандар азайды, емделіп шыққандардың саны артты
21 Шілде 2020, 22:03
Жамбыл облысында 1200 жаңа жұмыс орнын ашумен Қазақстан-Ресей зауыты салынады
21 Шілде 2020, 15:29
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2020
21 Шілде 2020, 14:09
Өңірлер жобаларды субсидияланған статусына дейін сүймелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс — «Атамекен» ҰКП
21 Шілде 2020, 12:19
Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 3,3 есе ұлғайды — ҚР ИИДМ
21 Шілде 2020, 11:05
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында жарты трлн теңгеге 2 мыңнан аса жоба мақұлданды
21 Шілде 2020, 11:04
Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайған — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.