Қазақстанның Тұңғыш Президенті елордадағы жаңа мешітке барды

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Елбасы астананың Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды.

Бұған дейін қаланың 380 мыңнан астам тұрғыны бар осы аймағында жаңа мешіт салу туралы ұсыныс айтылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады.

Мешіт жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылды. Ғимарат классикалық ислам стилінде салынып, сырты және іші ұлттық ою-өрнекпен әрленген. Мешіттің ауданы 2000 шаршы метрден асады.  

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу