Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде Елбасы Қазақстанның қалыптасу тарихын зерттеуге танытқан қызығушылы үшін профессор Кюршад Зорлуға алғысын білдірді.

«Сіздің кітап жазғаныңызды білемін. Бүгін "Егемен Қазақстан" газетінде кітабыңызға үлкен мақала арналды. Сіз Қазақстан дамуының негізгі аспектілері мен Түркі әлемі бірлігінің маңыздылығына тоқталдыңыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Кюршад Зорлу кездесу үшін алғысын білдіріп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолында Тұңғыш Президенттің зор үлес қосқанын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу