Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Жұма, 09 Тамыз 2019, 13:37:08

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.

ЕАҮК отырысына Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Армения Премьер-Министрі Н. Пашинян, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты.

Іс-шара басталмастан бұрын елдердің делегацияларының басшылары Қырғызстан Президенті С. Жээнбековпен кездесті. 

ЕАҮК отырысының қатысушылары интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою бойынша күн тәртібінің 15 мәселесін қарады. Тараптар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуын атап өтті.  

Үкіметтердің басшылары алкоголь, қаржы нарығын реттеу, ЕАЭО аясында кедендік әкелім бажын бөлу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың, өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың, Одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінің тұжырымдамалық мәселелері, сондай-ақ, Кеден Одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.  

«Қазіргі уақытта ЕАЭО туралы шарттың ережелерін ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша іске асыру, 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр», — деді А. Мамин. 

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, әлемдік экономикадағы қазіргі жағдайды ескере отырып, ЕАЭО елдерінің экономикаларының өсіміне оң әсер беру үшін өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл бағыт ЕАЭО-ның ортақ күн тәртібінде басты экономикалық міндеттердің біріне айналуы тиіс. 

Кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту және экономикалық өсудің тиімді құралдарының бірі «қарапайым заттар экономикасын» дамытудың бірлескен бағдарламасы болуы мүмкін.

«Бұл сектор жалпы өнімнің ЖІӨ-нің 1,5% дейін өсуіне мүмкіндік бере алады», — деп А. Мамин, Одақ елдері бойынша салалық кәсіпорындарды бөлудің цифрлық картасын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, электронды сауда платформаларын дамытудың қажеттігі аталып өтті. Аталған перспективалы әлемдік трендті пайдалану өзара сауданың өсуіне ықпал етіп, үшінші елдердің нарықтарына тауарлар экспортын ынталандыруға жол ашады. 

ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО-ның халықаралық көлік желісіне интеграциялану бойынша жоғары әлеуетін атап өтті. Одақ елдерінің аумағы арқылы транзит кезінде кедендік рәсімдерді жеңілдету шараларымен қатар, қазіргі уақытта әзірленіп жатқан ЕАЭО бірыңғай транзиттік жүйесі тиімді құрал болуы керек.

ҚР Үкіметі басшысының айтуынша, қаржы нарықтары, қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл салаларында ынтымақтастықты дамыту қажет. 

Осыған орай Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды. АХҚО аясында Қаржы технологияларының хабы құрылды, ол қаржылық технологиялар нарығында барлық өңірлік қатысушыларды біріктіру үшін жоғары сапалы инфрақұрылымның құрылуын қамтамасыз етеді. Хаб қаржылық технологиялар нарығына жаңа өнімдерді енгізуге және ынталандыруға мүмкіндік береді.

Осы саладағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ЕЭК пен АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Астана халықаралық қаржы орталығы арасындағы 2019–2021 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.