ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті.

ҚР Премьер-Министрі сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді.

Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу