Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Бейсенбі, 25 Шілде 2019, 15:49:36

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді.

«Елбасының тапсырмасы бойынша елорданы дамытудың өзекті мәселелерін шешу, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау нысандарын салу және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың бес жылдық Кешенді жоспары дайындалып, бекітілді», — деп ҚР Премьер-Министрі, ҚР Президенті Қ. Тоқаев еліміздің бас қаласының дамуына үлкен мән беретінін және Үкіметке бірқатар міндеттерді жүктегенін айтты».

Мемлекеттік комиссия отырысы барысында қаланың жиынтық құрылысы жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру, газбен жабдықтау, қала маңын дамыту және үлестік құрылыс мәселелері талқыланды.

Кешенді жоспарды іске асыру және Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың өзекті мәселелері туралы қала әкімі А. Көлгінов баяндады. Бейінді бағыттар бойынша ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, әділет министрі М. Бекетаев, энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов баяндады.

«Елордада тұрғын үйге сұраныс жоғары кезде тұрғын үй құрылысының қарқыны төмендемеуі тиіс», — деп Асқар Мамин, 6 айдың қорытындысы бойынша құрылыс қарқыны 20%-ға төмендегенін айтты.

Жалпы, жарты жылдың қорытындысына сәйкес негізгі көрсеткіштер бойынша артта қалушылық байқалуда: негізгі капиталға инвестициялар 20%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 33%-ға төмендеді.  

«Үкімет Елорданы кешенді дамытуды іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Елорда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша барлық өңірлерге үлгі болуы тиіс», — деді Асқар Мамин.  

Жекелеген мәселе — Нұр-Сұлтан қаласының төңірегін дамыту. Елорда әкімдігі биыл 9 жобаны іске асыруды жоспарлады, соның ішінде әлеуметтік, мәдени маңыздағы нысандар, газдандыру нысандарын, инженерлік желілер салу мәселелері бар.

«Нұр-Сұлтан қаласының төңірегіндегі мәселелерді шешуге үш жылдық кезеңге 22,5 млрд теңге қарастырылған, осы қаражатты қала төңірегінде өмір сүретін азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға жұмсау қажет», — деп Асқар Мамин баса айтты.

Үкімет басшысы кеңес қорытындысын шығара отырып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Елорда әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Кешенді жоспардың іс-шараларын уақытылы әрі сапалы іске асыру, елорда төңірегінде нысандар салудың ЖСҚ әзірлеу бойынша қажетті шараларды қабылдау, үлестік құрылыстағы проблемалық нысандардың құрылысын аяқтауды жеделдету тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің негізгі жұмысы газбен жабдықтау, көшені жарықтандыру, нөсер канализациясы, әлеуметтік нысандар салу, абаттандыру, көлік желілерін дамыту мәселелерін жедел түрде шешу екенін айтты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.